Өлеңдер ✍️
Ажар
Қымбатты, Ажар!
Құлақ түр көңіл сырына,
Сымбаттым болып айналсаң өмір жырына.
Тым қатты болып көрінгенменен сырт көзге,
Тым тәтті сөзбен шомылдырамын нұрыма.
Қызметің қылған ұнайды жалпы өзіме,
Міндетің шығар мойынсұнғаның сөзіме.
Нығметің еді табылған адал жолыңнан,
Соныңмен сұлу боп түстің менің көзіме.
Даяшы болып бағасың жұрттың қабағын,
Сая боп тұрмас қолыңда тұрған табағың.
Аялар кім бар? Көңілің қалса біреуден,
Аямай өмір өзінің берер сабағын.
Жанарың сенің - жылуын берер көктем де,
Жанарын білмей жүрек жалынын төккен бе?
Күлімдеп жүрген көзің жас алмау керек қой,
Алла бар, берер сұрағаныңды көктен де.
Құдайым саған бермесін деймін жаман ат,
Ұдайы мен ғой, сені ойлайтын азамат.
Тапчанға жиі келемін, оның себебі
Туыстай жақын тартқан соң,
Тиер шапағат!
Ажар-ай!
Ажар, Ажар-ау!
Сенің ажарың,
Ботадай көзің аударды жұрттың назарың.
Қам жеме, сені қарындасымдай көремін,
Арыңды қорғап өлемін, келмей ажалым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇