Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
161
Балуан
Ешқашан сөгілмесін іргеміз деп,
Ел үшін атқа қонды қазанаттар.
Әрқашан "күн сөнгенше біргеміз!" деп
Ту алды Балуандық азаматтар.
Балуан - Қазақстанның көкжиегі,
Арайы шұғыладан төгілетін.
Танытып, ұл-қыздары сөз киесін,
Текті боп шежіресі өрілетін.
Балуан - журналистер ауылы ғой,
Халқына арнап жүрген мақаласын.
"Елдің әр перзенті өз бауырым ғой,"
-Деп, қазақ туыс көріп бағаласын.
Балуан барда, туың құламайды,
Бермейді оңайлықпен намысыңды.
Мерген боп көздеп атқан құралайды,
Өлімге қимас ешбір арысыңды.
Балуан - теріскейдің төсі болған,
Белінде кіндік әкем ойнап күлген.
Солтүстік Қазақстанның көркі болған,
Әр қазақ "Ырысым!" деп ойлап жүрген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇