Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
160
Тілек
Өлеңді оқыған соң көздеріңнен,
Күш алам айтып жүрген сөздеріңнен.
Сезімің әдемілеп соңыма сап,
Безініп кетсең, шіркін, өз еліңнен.
Жүрегім болсын жеке сенің мүлкің,
Үйімді жадыратсын сенің күлкің.
Қартайып бір жастықта екеуіміз,
Қақ төрге шығарарсың мені мүмкін.
Еркелік боп көрінсін шалаларың,
Өткізсін сынақтардан жазаларың.
Жазаның өтелгені болып, сосын,
Өзіңнен тусын менің балаларым.
Ақ жүзің әрқашанда мейірімді,
Ақ көңіл көрсетеді пейіліңді.
Сыйластық, түсіністік екеумізден,
Табады махаббат пен иірімді.
Ақынның жары десін өр елім де,
Өзіңе байланысты көрерім де.
Тілегім, айтып саған разылықты,
Қолыңнан су ішсем ғой өлерімде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇