Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
160
Теріскей бізге аманат
Қожабергеннің көзіндей
Болып тұр атамекенім.
Сақталған дана сөзіндей,
Сезе ме дара екенін.
Теріскей бізге аманат,
Қиянат қылмай, сақтайық.
Тағылмас үшін жаман ат,
Үмітін елдің ақтайық.
Қызылжар - біздің бағымыз,
Қазақтың қонған басына.
Қызылжар - алтын тағымыз,
Сәнделген гауһар тасынан.
Қызылжар - Сәбит, Мағжаным,
Сафуан ерген соңынан.
Тарихты талдап ақ жаным,
От алған елдің тонынан.
Қызылжар - ғылым жазылған,
Зейнолла зерттеп талдаған.
Таусылмас мәңгі асыл ән,
Тағдырдың өзі таңдаған.
Абылай ханның панасы,
Киелі жерге теңесек.
Оянса, елдің санасы,
Күтіп тұр кемел келешек.
Солтүстік тіреп тұр бізді,
Шын айтам, келіс, келіспе.
Кетпейміз салып құр ізді,
Аманат бізге теріскей!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇