Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  143


Автор: Самрат Құскенов

Сайқал-ай

 



(Жамбыл көшесінде қазақ қызының тәжік жігітімен, Мағжан Жұмабаев көшесінде қазақ қызының орыс жігітімен, Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде қазақ қызының орыс жігітімен қол ұстасып жүргенін көргенде келген ой)



Сайқал-ай, өз қазағын қаралаған,
Ұлтының жан жүрегін жаралаған.
Қазақстан қаласының көшелерін
Өзге ұлт өкілімен аралаған.



Сайқал-ау, осы сенде ақыл бар ма?
Бұныңды туыстарың мақұлдар ма?
Қазақтан басқа жанмен отау құрып,
Бақытты болуыңа қақың бар ма?



Әй, сайқал, өз қанынан өзі безген,
Үйінен кететінін көзі сезген.
Жат жұрттың отын жағар деп жүргенде,
Жат ұлтпен бар әлемді сөзі кезген.



Білдің бе салт-дәстүрді жыққаныңды?
Бағыңды киесіз деп ұққаныңды.
Еске ал, Александр туғаныңда
Анаңның құрсағынан шыққаныңды.



Төркінің бұл ісіңді кешірмейді,
Батасыз махаббат та есірмейді.
Әкеңнің сілекейін қор қылған соң,
Тағдырың ұлағатпен шешілмейді.



Сен енді ата жолын қуа алмайсың,
Беліңді отбасым деп буа алмайсың.
Еркектен сүндет тойы жасалмаған,
Ешқашан текті ұрпақ туа алмайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу