Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  146


Автор: Самрат Құскенов

Ортақшыл – құтым, киелім

Сая қып әрбір ағашын,
Тарихтың берген бағасын.
Қақ ортасынан қос көлдің
Ұя салған асыл нағашым.



Бауырға басып жиенін,
Жегізген қызыл шиесін.
Бақ тапқан қайың шоғынан,
Ортақшыл – құтым, киелім.



Әр талы маған самырсын,
Деп жағым қалай жаңылсын?
Шежіре шерткен жұрт барда,
Анама түпкі тамырсың...



Сыр тұнып екі көлінде,
Тазалық жатқан өрінде.
Зираты ағаш ығында,
Тарихы жүрек төрінде.



Анамның құт бар тегінде,
Мен болсам ақын, бегің де.
Молынан ырыс төгеді,
Орныңа еккен егін де.



Марқайып бала-көңілім,
Шарлаймын бақыт өңірін.
Ортақшыл саған барғанда,
Өзгеріп тұрар өмірім.



Өзіңмен сәнді даламыз,
Төсіңнен ләззат аламыз.
Нағашы жұртым – Ортақшыл,
Басталған сенен бар аңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу