Өлеңдер ✍️
«АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫ
Қазақылық болмысыңды сақтайтын,
Қазақстанның қасиетін баптайтын.
Ауыл ғана шалыс қадам бассан да,
Төбесіне шығарып бір мақтайтын.
Аңыз қылып өре білген өсекті,
Қаузап жүрген мәселесі өзекті.
Ауасының өзі мамық болатын,
Еденіне сап берсе де төсекті.
Есігінің тұтқасында бақ қалған,
Шежіресі тарихыңды ақтарған,
Табалдырығында кие жатқан соң,
Тек ауылда демократия сақталған.
Тұрғындары аңқау, адал, жарықтық,
Ұғымында еш болмаған «алып жық».
Патриоттық сезім тулап бойында,
Азаматтар тәрбиеленген халықтық.
Ауыл – ердің тал бесігі тербеген,
Отан үшін қолын айға сермеген.
Әр кез зорлық-зомбылықтың алдын ап,
Ұлттың арын жау қолына бермеген.
Кеңге құлаш жаза алмаған бауырын
Тұлпар көрген жарыстың ең ауырын.
Партияның бағдарына сүйеніп,
Ерлер төрге шығарар өз ауылын!
Партия дейміз, болмасақ та зеректі,
Тұғырынан жиып небір деректі.
Самрат қажет болмаса да қазаққа
Түп-тамыры Ауыл ғана керек-ті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇