Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
209
Әйелге қол көтерме
Бұзып дене бітімін,
Ұрпағыңды таратқан.
Сені хан деп қадірлеп,
Адам қылып жаратқан.
Дайын тұрып тамағың,
Жабылмаған тәбетің,
Тұлға болып шығатын,
Ағызылған шәуетің.
Соның бәрін бақыла,
Әйеліңнің арқасы.
Өріліп тұр маңыңа,
Бақ пен тақтың арқаны.
Тыңдамаған әйелін,
Еркек естен айрылған,
Өмір бұған дәлелім,
Жүректі де тас қылған.
Ер адамның жейдесі,
Әйелінің бейнесі.
Дүниедегі бақыты,
Бесіктегі еркесі.
Әлсіз еркек аталма,
Жарын ұрып сабаған.
Елге ит боп саналма.
Иесін келіп талаған.
Жұмылдырық шешпейді,
Мәселені үйдегі.
Бақытқа жол бермейді,
Жалған өсек түздегі.
Отырса да мойныңда,
Еш шығарма басыңа.
Жұпар иісі қойныңда,
Дәм келтірген асыңа.
Достан артық жанашыр,
Таяқ жеуіне жол берме.
Ез болмасаң ер болып,
Әйелге қол көтерме.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇