Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2025
313
Күдік пен үміт
Жігіттің өмірі күдік пен үміттен құралады.
*Нақыл сөз*
Бұл өмірдің бағынып арнасына,
Сал серінің ұрпағы бар ма сірә?
Жаңа ғасыр жалғасы жаңа жігіт
Серілігін жасырған қалтасына.
Самал желін Арқаның аймалаған,
Ат үстінде күн көрген қайран бабаң.
Өзге елдің болмысын нұсқа тұтып
Мәдениетін сіңірдік айдаладан.
Айдалаға күдікпен үміт артып,
Жас жүректе күрмелген күдік артық.
Сері жігіт қазірде туады екен
Жат көздерден жасқандық үнсіз қалып.
Ұлттық мұра келмеске ұрланғандай,
Жанға батқан қапесіз ауырлықтай.
Ер жігіттің өмірі бүгінгі күн
Күдікпенен үміттен құралғандай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇