21.04.2025
181
Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы
Сүйемін сені
Жаным жарып бүршігін,
Сүйдім сені бұл – шыным.
Байландым мен өзіңе ,
Мұңға батып бір шырын.
Атқан таңға арайлап,
Батқан күнге қарайлап,
Есіңде ме жүрген кез,
Өзен бойын маңайлап.
Міскін хәлім бұл түні,
Бақыттың өсіп жүр құны.
Елемей тағдыр күлкісін,
Саған жетем бір күні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook |
VK |
WhatsApp |
Telegram |
Twitter
Пікір жазу