Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  74


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Адамшылық базарында арзаншылық,

 


 


Бұл күндері


Затың қымбат, адам арзан,


Мейірімді аз көреміз  жанарлардан.


Адамшылық базарында арзаншылық,


Кетіп бара жатырмыз аттап ардан.


 


Бұл күндері


Дәрі қымбат ауру тегін,


Жүрек деген адамның  аяулы жері,


Сол жүрекке ауыр сөйлеп қоямыз да,


Ауыртамыз, сабыламыз таппай емін.


 


Бұл күндері


Сын сағат  бар, шын досың жоқ,


Жылтыр құмар, жарамсақ  жылпосың көп.


Сырыңды ашып ұялтады көп ішінде,


Жүре берсін дегенде бір досың боп.


 


 


Бұл күндері


Затың қымбат, адам арзан,


Тіл сайрайды табылмаймыз амалдардан,


Адамшылық базарында арзаншылық,


Шынайылық, құн кетті адамдардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу