Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  170


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Жақсы көру

 


 


Жақсы көру ол-сезім бір ерекше,


Кейбіреуге бұйырмай жүр емес пе?


Жақсы көру- сезіну бақытыңды,


Мұнар мұңмен түсу ғой түн егеске.


 


Жақсы көру-сағынып, сағындыру,


Махаббатқа жүректі бағындыру.


Бақыт екен-біреуді жақсы көру,


Жақсы көрер бір жанның барын білу.


 


Жақсы көрсең бар әлем  нұрланады,


Біреулердің жетпей жүр бір қадамы.


Алшақтамай  қос жүрек бірге соқса ,


Жеңілдейді өмірдің шырғалаңы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу