Өлеңдер ✍️

  05.03.2025
  404


Rakhmanberdi Izbassar

Бала күнге қайтқым келеді

Күйбең тірлік, күн көруден жалыққанда,
Түпсіз терең ауыр ойға шалдыққанда,
Уайымы жоқ, бала күнге қайтқым келед(і)
Тіпті жаным демеу іздеп тарыққанда.

Уақыт шіркін адамзатқа бағынған ба?
Қу дүниемен атырғасын таңды таңға
Қайғысы жоқ, бала күнге қайтқым келед(і)
Бірге өскен достарымды сағынғанда!

Күндер өтіп өліміңе беттегесін
Барында қадіріне жетпегесін,
Бозбала боп бала күнге қайтқым келед
Сағымы, көз алдымнан кетпегесін.

Бала күнге қайтқым келед(і) расында
Шексіз сезім сақталған-ды жасымда
Қамсыз күлкі әнге толған кездерім,
Арман болып қалды бәрі басымда.

І.Рахманберді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу