Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
205
ДІНДІ СҮЙ
Бір Аллаға сыйынып,
Жаман істен тыйылып.
Ғұсылданып, дəрет ал,
Таза киім киініп.
Мешітке кел, намазға,
Жамағатпен жиылып.
Жүректе болса иманның,
Құранға дұрыс ұйығанның.
Босқа жүрме сандалып,
Сауап болсын жиғаның.
Алла біреу, мекенсіз,
Сеніп соған иланғын.
Пайғамбарға салауат,
Жиылғанда жамағат.
Тəубə етіп Аллаға,
Барыңа ет қанағат.
Тыйылғаның жөн болар,
Күнəлі істен саған жат.
Пайғамбарым Мұхаммед,
Салаут айт, дұға ет.
Қаза қылма намазды,
Намаз оқу нығымет.
Нəпсіңді тый, есті жи,
Аллаға ет қызмет.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇