Өлеңдер ✍️
ҚОС ТІЛ
Тоқсан бірде оңнан соғып жел тұрды,
Соғыссыз- ақ тəуелсіздік келтірді.
Алла өзі сыйға берген теңдікті,
Кейбіреулер өзі алғандай желпінді.
Қазақ елін басқалармен тең қылды,
Өмір сүрдік еркін жатқан ел құрлы.
Оңайлықпен өзі келген бостандық,
Басшылардың көздеріне шел құрды.
Ата заңның көрінгенді кем, кірі,
Қостілді деп ойлап тапқан тең түрі.
Өз тілдерін сыйламаған қазақты,
Мазақ қылды ұйғырдың бір кемпірі?
Тіл қор болды, сөнген шоқтай оттағы,
Орысшаға қарсыларды соттады.
Өз елінде екінші боп қазақ тіл,
Бізде екі тіл деп біреулер оттады.
Тіл туралы шыққан заңым тым ескі,
Басқа ұлттар неге үйренбей тіресті.
Қазағыма керек болмай ана тіл,
Біздер үшін Оғыз Доған күресті.
Жата бермей оянатын кез келді,
Тəуелсізсің заманың да өзгерді.
Өз елінде басқа тілде сөйлейтін,
Бізден басқа көрдіңдер ме өзге елді.
Еркін Оралбайұлы 30.04.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇