Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  138


Автор: Еркін Оралбайұлы

КҮЗ

 


 


Түн ызғарлы, күздің келіп белгісі,


Күшіне еніп үдеп соққан жел күші.


Түні бойы жауып өткен жауыннан,


Қара қошқыл түске еніп жер түсі.


 


Үсік шалып жиылмаған жемісі,


Суый түскен келіп жазды жеңгісі.


Ызғарлы жел етек-жеңді жұлмалап,


Келетіндей қойыныңа енгісі.


 


Дым қалмаған жердің әсем сәнінен,


Құс тыйылған жаздай салған әнінен.


Дірдек қағып қимайтындай даланы,


Сарышұнақ қылтияды әр іннен.


 


Жапырақтар айырылған нәрінен,


Ұсқын кетіп тал біткеннің бәрінен.


Күнде ерте көкжиекке асыққан,


Жасқанғандай күздің суық кәрінен.


 


Еркін Оралбайұлы 5.10.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу