Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2025
150
МЕН ҚАЗАҚПЫН!!!
Мен қазақпын!
Көп емеспін, он бес миллион азақпын,
Бодандықтан құтылғанмын, азатпын.
Қиын-қыстау заманнан да өткенмін,
Бəрін көргем қуғын-сүргін азаптың.
Мен қазақпын!
Отырармын, Яссы, Сайрам, Созақпын,
Арқасы бар аруақ десе қозатын.
Қорғау үшін туған жерді алысып,
Талай соғыс отын кешкем тозақтың.
Мен қазақпын!
Ұлы Абаймын, кемеңгермін озатпын,
Құлагермін, сан бəйгеде озатын.
Тасқа салсаң жүзі қайтпас алмаспын,
Темір емес тот басатын, тозатын.
Мен қазақпын!
Шахановпын, ащы шындық жазатын,
Кері кетіп, рухани кейде азатын.
Ұсақталып кететұғын кезім бар,
Бəле іздеп, тырнақ астын қазатын.
Мен қазақпын!
Арым биік мөлдір судай таза-ақпын,
Делқұлылау Борат қылған мазақпын.
Күйеу бала жасап алған қытайдан,
Қайда кеткен өр намысы қазақтың?
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇