Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
305
АМАН ЖҮРШІ ДОСТАРЫМ
Бір досым Алматыда,
Көңілді күй беретін.
Бір досым Астанада,
Ғажайып сый беретін.
Аман жүрші достарым,
Әр күнің шырайлы боп.
Ашық болсын аспаның,
Бақытың ұнайды көп.
Бір досым Шымқалада,
Қасымнан табылатын.
Бір досым жыр қалада,
Мені іздеп сағынатын.
Бір досым жаны нәзік,
Гүлдей боп құлпыратын.
Бір досым алып қазық,
Сеніммен үн қылатын…!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇