Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  2007


Автор: Жібек Ысқақова

БІЛЕМІЗ БЕ, ҚАДІРІН АНАЛАРДЫҢ?!

Білеміз бе, қадірін, Аналардың,
Жанұяның ұйтқысы боп отырған,.
Баласына алаңдап түні бойы,
Көзін ілмей, ұйқысыз таң атырған.
Білеміз бе, қадірін, Аналардың,
Мейірімді, кеңпейіл жүректері.
Жүз есе көп олардың баласы үшін,
Іштей ғана арналар тілектері.
Білеміз бе, қадірін, Аналардың,
Алып туар анадан, батыр туар.
Білсеңіздер расымен бұл өмірде,
Аналары бар жандар бақыттылар.
Білеміз бе, қадірін, Аналардың?!
Қасиетті, нәп-нәзік махаббаты.
Алыс жолға шыққанда дұға етер,
Баласына тиетін шапағаты.
Білеміз бе, қадірін, Аналардың?!
Табанының астында жұмағы бар.
Отын жағып отырған, бір Әулеттің,
Бақыттарын баянды қылары бар.
Білеміз бе, қадірін, Аналардың?!
Құламасын бір тамшы жанарынан!
Сезінейік олардың жай-күйін біз,
Тәлім алып әр басқан қадамынан!
Білеміз бе, қадірін, Аналардың?!
Қуантайық қасынан табылып біз!
Алыс жүрсек қоңырау шалып тағы,
Сөйлесейік жүрекпен, сағынып біз!.
 Білеміз бе, қадірін, Аналардың?!
Қадірлейік, сыйлайық, құрмейттейік!
Аналардың атына сөз келтіріп,
Ел алдында мұңайтып, тілді етпейік!
Аналардың барында бақыттымыз,
Шарықтаймыз, өсеміз үндеп биік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

28.04.2025 22:33
Өте керекмет жазылған өлен жолдары
Ахмад
Ахмад 04.03.2025 21:28
Өте күшті

Пікір жазу