Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  761


Автор: Жібек Ысқақова

ҒАШЫҚ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Жанарында мейірім бар, сатпайтын,
Жаны таза адалдықты сақтайтын.
Бір адамға ғашық болғым келеді,
Қиын кезде мені қолдап жақтайтын.
Ғашықтардың әнін бірге тыңдасып,
Қол ұстасып, серуендеп қырды асып.
Бір адамға ғашық болғым келеді,
Айлы түнде махаббатпен сырласып.
Болса деймін жат қылыққа қас жаны,
Мені сүйіп көзге ілмейтін басқаны.
Бір адамға ғашық болғым келеді,
Арналатын маған ғана дастаны.
Әйел затын құрметтейтін, сыйлайтын,
Бал арадай тірлік нәрін жинайтын.
Бір адамға ғашық болғым келеді,
Сүйген жанын жамандыққа қимайтын.
Бір адамға ғашық болғым келеді,
Махаббат қой ғашықтарға керегі.
Айтар болсам Мұхтар аға сөзімен:
«Құлай сүю ерлікпен тең себебі».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу