Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
347
ӘНІМ
Ән тыңдасам күз жайлы,
Сағынышым көп менің.
Өтіп күндер зырлайды,
Жанды жейді өкпе-мұң.
Армандаудан талмайын,
Ән – құштарым,сенімім.
Биік ұшып самғайын,
Көтерілші көңілім!
Көктем жайлы көңілде
Бәйшешектер гүлдейді.
Ғашық етіп өмірге,
Жүретінін білмейді.
Ойландырып жаныма,
Мұң сыйлайтын сазды әуен.
Қуаныштың бағында,
Жан тербейтін назды әлем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇