18.11.2024
  738


Автор: Жібек Ысқақова

Ас адамның арқауы, дегенменен,
Ойың өспес артық ас жегенменен.

***

Артық салмақ адамды тоздырады,
Түрлі ауруды бойыңда создырады.

***

Уақытылы тамақтану бізге керек,
Әрбір істің жолы мен жөні бөлек.
Бір қалыптан артық жеп, тамақтану,
Өміріңе расында қауіп, демек...!

***

Күнделікті жүрістен жаңылмайық,
Бір қалыпта ас-ауқат қабылдайық!
Бойымыз бен ойымыз бірдей болсын,
Әдептен тыс әдетке бағынбайық!

***

Шектен тыс тамақтану сырқат берер,
Асқынуға ауыру — тілхат берер.

***
Артық тамақ әдетке айналады,
Ой өрісің май басып байланады.

***

Артық ас — баяулатар жүрісіңді,
Артық салмақ — тарылтар тынысыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу