Өлеңдер ✍️

  18.11.2024
  406


Автор: Ақтау қаласы

Ақтауым бар, Маңғыстау

Ақтауым бар Маңғыстаудың мекені,
Қарт Каспийдің орналасқан бойында.
Ақтауымда өткен әрбір күндерім,
Тым алыста жүрсем-дағы ойымда...

Ақтауым бар Маңғыстаудың мекені,
Тұрғындардың мұнда тұрған, бағы бар.
Маңғыстаудың баурайтын кең даласы,
Күй бермейтін көңіл түсіп қамығар...

Ақтауым бар Маңғыстаудың мекені,
Туған жерім, жүрегімнің төрінде.
Мен келемін сағынумен алыстан,
Сені аңсаумен бір өзіңді көруге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу