Өлеңдер ✍️

  18.11.2024
  264


Автор: Ақтау қаласы

Ақтауымның ақ таңы, туған жерім

Ақтауымның ақ таңы туған жерім,
Маңғыстаудың облысы, Каспийі бар.
Ақтауыммен әрдайым мақтанамын,
Сенде туған мен балаң, басты үйі бар.

Ақтауымның ақ таңы туған жерім,
Бір көргеннен өзіне ғашық етер.
Көз тартатын әдемі жерлері бар,
Бір көруге ынтық қып, асық етер...

Ақтауымның ақ таңы туған жерім,
Баурап алар Маңғыстау даласы бар.
Келіңіздер, Ақтауды көріңіздер,
Мына мендей Қазақтың баласы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу