Шығармалар ✍️
Астана қаласының өткені мен бүгіні
Астана қаласы бұрынғы Ақмола облысы болатын. Алғашқы құрылған уақыты 1830 жылы, алғашқы деректер 1832 жылы пайда бола бастаған. Мегаполис қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жеткен болатын. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан біздің бас қаламыз. Әкімшілік жағынан қала 6 ауданға бөлінген. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр, Нұра, Сарайшық аудандары.
«Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды» Елорда статусы 1997 жылы берілген.
Ал Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өткен. Астананың осы уақытқа дейінгі атауларына назар аударар болсақ: Ақмола (1961 жылға дейін), Целиноград (1961—1992), Ақмола (1992—1998), Астана (1998 — 2019), Нұр-Сұлтан (2019 — 2022) сосын қайтадан Астана атауы берілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇