Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.11.2024
128
Кентауымсың, бағымсың
Кентауымсың, бағымсың,
Тербейтін бұл жанымды.
Балғын бала шағымсың,
Арайлы еткен таңымды.
Кентауымсың, арымсың,
Намысым боп тұратын.
Көрік берер сәнімсің,
Сауық сайран құратын
Кентауымсың, жанымсың,
Мені әрдайым қоштайтын.
Тәж қаламсың, тағымсың,
Бар жақсыны бастайтын...!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇