05.04.2024
  61


Автор: Ұлттық валюта – теңге күні

Қаржыгерлер күні

Ұлттық валюта күні, яғни 15-ші қарашада тойланып келе жатқан бұл күні қаржы саласының қызметкерлері де «Қаржыгерлер күнін» атап өтеді.
Тәуелсіздік жылдарында ақша ауысып, өзіміздің ұлттық валюта теңгемізге ауыстырылып ел ішінде аумалы-төкпелі заман болып жатқанда аса үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасаған Қаржыгерлер мамандарын атап өту керек. Олардың еңбектері бізге қатты көрінбегенмен еліміз үшін маңызы өте зор деуге болады. Сондықтан олардың қызметтерін ерекше ықыласпен атап өтуіміз керек.
Расыменде олар қажыр-қайраты мен маңдай тері арқылы ұлтына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Қарап отырсақ халыққа қаржы мәселесі бойынша қызмет көрсету аса жауапкершілікті талап ететін қызмет. Елдің ақшасымен жұмыс жасап отырғандықтан бұл сала қызметкерлеріне қателесуге болмайды. Сәл қателіктің өзі үлкен шығынға әкелуі мүмкін. Мүлдем. Өйткені, олар бюджет түсімімен немесе қаражаттың игерілуімен айналысу арқылы мемлекет шаңырағының уығын ұстап тұр десек болады. Ақша айналымының дүрыс деңгейде болуы еліміздің тұрақтылығының дұрыс болуына әкеледі.
Қаржыгерлердің осындай ерен еңбектері ескеріліп, Ұлттық валюта күні, яғни 15 қараша Қаржыгерлердің де күні болып танылып отыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу