Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  59


Автор: Серікбол Валихан

Хақты таны

 


Қабырғаңды сыздатса қиырдағың,
Құдайыңа тағатсыз сыйын жаным.
Кімді көрдің бармақтай бағы басқа,
Тілемесе маңдайына бұйырғанын.


Білем кейде өмірдің қиындарын,
Қалтыратып қоятын құйындарын.
Біреу білсе біреулер аңғармады ау,
Тағдыр дейтін толғақты түйін барын.


Байқап жүрші, сүрінбеші абайла!,
Салынбашы, құса болып сан ойға.
Құдайыңнан есің шығып қорық та,
Пенделерден тек ұялшы жарайма!.


Түсінбей ақ қойдың өмір қадірін,
Хақты таны, сонда жатыр бар ұғым.
Оң солыңды мықтап көріп алғайсың!,
Бүлінуің аяқ асты жарығым!

Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу