Жауап: Иә, рамазан айында тарауық намазын оқып бітірген соң, үтір намазы жамағатпен оқылады. Имам үтірдің үш рәкағатын дауыстап оқып, Құныт дұғасын ішінен оқиды. Алайда рамазаннан тыс басқа айларда үтір намазын жамағатпен оқу – мәкруһ. Өйткені ол бір жағынан нәпіл намазы болып саналады. Нәпіл намазын рамазаннан тыс айларда жамағатпен оқу – мәкруһ[25].
Үтір намазын рамазан айында жеке оқығаннан жамағатпен оқыған абзал. Тек түннің соңғы бөлігінде оқуды жақсы көрсе, онда сол уақытта оқыса да болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
اجْعَلُوا آخِرَ صَلَاتِكُمْ بِاللَّيْلِ وِتْرًا
«Түнгі намаздарыңның соңғысы үтір болсын»[26], – деген.
Дегенмен бұл жамағат намазын тастап үтір намазын түннің соңғы бөлігінде оқыса абзал болады деген сөз шықпайды[27].
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇