22.02.2024
  122


Автор: Бодо Шефер

Сөз сөйлеу - 15 тарау

Маған      Хайнен ханым келіп кетті. Біз алдағы менің сөйлеуім туралы әңгімелестік. Мен айтқым келгеннің бәрін нақты жазып алу керек деп ойлағам. Бірақ Хайнен ханым тәжіри-бесі бар кісі ғой, онда менің сөзім табиғи болып шықпайды деді. Сондықтан біз өзіміздің алғашқы жоспарымызға тоқта-дық. Хайнен ханым маған сұрақ қойып тұрады, ал мен жауап беремін. Біз қойылатын сауалдарды анықтадық та, мен жауа-


бымды тәптіштедім. Осымен даярлық бітті.


Жиналыс белгіленген күн – сенбі таяп қалды. Мен барған сайын толқумен, қобалжумен болдым. Ауырып қалғым келді. Немесе жиналыстың болмай қалуын тіледім.


Сембінің таңы да атты. Өте нашар ұйықтап шықтым әрі тым ерте ояндым. Уақыт тоқтап қалған секілді. Мен бірте-бір-те шындап қорқа бастадым. Ойым шатысып, шашырап кетті. Таңғы ас туралы ойлаудан қалдым. Бір кесек бірдемені де жұта алмас едім.


Не бүлдіргем мен? Мынау нағыз ақмақтық қой. Олардың үгітіне неге көнгем? Шамасы, бірер сәт ақылымнан алжасып қалған шығармын. Былай жалтарсам ба, олай жалтарсам ба – жоқ, ішкі дүниемдегі бұл астаң-кестең жәйт еш жақсылыққа жеткізбейді.


Құйрығын бұлғаңдатып, Мани қасыма жақындады.


–Тіпті сен де көмектесе алмайсың, – деп күрсіндім мен. – Иә, бүлдірдім. Өмірімде бір сөйлеп көрместен, екі жүз адамның алдына шығып сөз сөйлеуім керек. – Осы сәтте Мани бірдемені тістеп тұрғанына көзім түсті. Бұл – менің сәттілік жұрналым екен.


– Сенің ниетің өте тамаша, Мани, – дедім де, басымды шайқадым. – Бірақ қазір бұл көмектеспейді. Мен ештеңеге назар аудара алмаймын.


Мани бас тартқан жоқ. Ол журналды аузынан тастамай, маған талап ете қарады. Мен қобали ренжіп, итті өзімнен аулағырақ итеріп тастадым.


Мани жалт бұрылып, журналды менің тіземе тастай салды. Мен оны шетке ысырып қояйын деп едім, ол арс ете қалды.


Мен еріксіз күлдім. Және өзімді бірден жақсы сезіндім. Мен журналды ашып, соңғы әңгімеміз не туралы болғанын есіме түсірдім. Журналымды қайта оқу үстінде бұл әңгімені біржола шешу үшін батылдық керегін білдім. Пәлі, мен қанша жетістікке қол жеткіздім! Тапқан ақшам; алған жұмысым; «сиқыршылар үйіндегі» оқиға; банктегі жаңа шоттар; ақшамен қалай айналыса бастадым; ата-анамның жағдайын жақсарту үшін қалай көмектесуге тырыстым... Мен оқуды жалғастырған сайын, алдағы сөз сөйлеуім туралы әңгімені ұмытқандаймын. Мен ойлағанның бәрін жеңе алатын сияқтымын.


Мен журналымды кем дегенде жарты сағат оқыдым және өзімді өте жақсы сезіндім. Сол кезде жиналар уақыт та жеткен. Мен киініп, велосипед алу үшін гаражға бет алдым.


Осы кезде анам мен әкем ас үйден шықты. Байқауымша, олар менімен бірге бармақшы сияқты. Жетпегені осы соққы еді. Мен мұндай қорқынышты түсімде де көрмегем, ата-анам да тыңдаушылар арасында болады деген ой басыма кіріп шықпаған ғой. Мен ештеңе деместен, олармен бірге көлікке отырдым. Мани да кірді. Барар жер алыс емес еді. Мен Маниді құшақтап отырдым. Бұл аздап тыныштандырды.


Мектепке кіреберісте бізді Хайнен ханым күтіп тұр екен. Ол сәлемдесіп, менің қолымнан алды. Біз акт залына бардық. Ол лық толы екен. Қанша адам! Біз алдыңғы қатарға отырдық. Менің сөйлеуіме дейін әлі бірталай уақыт бар болса да, бәрі маған қарап отырғандай болды.


Кенеттен таныс дауыс естілді. Мен бұрылып, артымдағы дәлізде тұрған – кім деп ойлайсың? – Голдстерн Мырзаны көрдім. Ол мүгедектер арбасында отыр, ал мейірімді жүргізуші әйел креслоларды бізге қарай бұрды. Қуанып, сәлем бердім.


– Кира, бұл сен үшін өте ерекше күн, – деп жауап берді ол, – Мен бұны ешнәрсеге алмастырғым келмеді, міндетті түрде қатысам деп шештім. Ата-анаң маған бәрін айтып берді.


Маған қатты әсер еткені соншалық, оған ештеңе жауап бере алмадым. Енді ғана мен Голдштерн мырзаны бүкіл менің таныстарымның бәрі қоршап жүргенін байқадым. Марсель, Моника, Трумпф ханым және Ханенкамп ханым. Барлығы, барлығы осында. Мен олардың бәрін қарсы алдым. Мен әлі де қатты қобалжысам да, барлық достарымның осында жиналғаны сенімділік берді. Қорқыныштан ішім алай-дүлей, бірақ мен бәрі жақсы болатынын білдім.


Хайнен ханым маған белгі берді. Біздің өнер көрсету кезе-гіміз келді. Мен орнымнан тұрып, күтпеген жерден Мани-дің артымнан жүруі үшін басымды изедім. Менің итпен бірге сахнаға шыққаным біртүрлі болып көрінген шығар. Бірақ бұл маған орынды болып көрінді.


Біз микрофонды орнаттық, Хайнен ханым сөйлей бастады: – Құрметті оқушылар мен құрметті ата-аналар, құрметті


мұғалімдер! Сіздер менің бала кезімнен бастап ақшамен дұрыс жұмыс істеуді үйренуге қалай ұмтылатынымды білесіздер. Мен ақша тақырыбын бәріңізге жақындату үшін ұзақ уақыт бойы дұрыс форманы іздедім. Міне, бір күні маған өте жас қыз келді, ол көптеген ересектерге қарағанда ақшамен жақсы жұмыс істей алады.


Ол ай сайын өте көп ақша табады және ол ақшаны бөлу-дің керемет жүйесін ойлап тапқан. Мен біраз бұрын ғана қалта-сындағы ақшасы майда-шүйдесіне жетпейтін ең қарапайым қыз туралы айтып отырмын. Сол келгенінде ол бірнеше пайдалы кеңестер алды, оларды берік тұтынды, соның арқасында бүгін оның қолында мол ақшасы бар, ол онымен өзінің ең үлкен екі тілегін жүзеге асыра алады: Калифорнияға мектеп оқушылары-ның алмасу бағдарламасы бойынша барып, компьютер сатып алмақшы.


Бұл жас ханымның аты Кира және ол сіздерге өз жүйесі туралы айтуға дайын.


Хайнен ханым маған бұрылды:


– Біздің мектепке қош келдіңіз, Кира. Сізді табыспен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің сұрақтарымызға жауап беру-ге дайын екеніңізге қуаныштымын. Бірінші сұрақ: ақшаңызды қалай бөлесіз?


Мен тыңдаушыларға менің жүйем туралы және алтын жұмыртқа салған тауық туралы ертегі айттым. Хайнен ханым келесі сұрақтарды қойды: менің сәттілік журналым, балалардың ақша табу мүмкіндіктері туралы не ойлайтыным және т.б.


Жауап бере отырып, мен сөздерімнің ырғағына қарай бас изеген Голдштерн мырзаға және бас бармағын шошойтқан Марсельге қарадым. Онысымен ол менің жауаптарымды ұната-тынын көрсеткісі келді. Мен мүлдем қобалжуды қойдым.


Мен сөзімді бітірген кезде Хайнен ханым маған салтанат-ты түрде алғыс айтты, зал қошеметпен қол соғып, Мани оларды үргенімен қолдады. Мен сахнадан тезірек кеткім келген, бірақ Хайнен ханым менің қолымнан ұстап, жібермеді. Мен әлі де ұзақ уақыт сахнада тұруым керек еді. Бұл таңғажайып сезім болды.


Ақырында достарымның арасына келіп, тағы да көптеген мақтаулар мен мадақтаулар естідім. Анам мені құшақтап, әкем басымнан сипады. Алғашқы толқу басылған кезде, Голдштерн мырза шын жүректен былай деді:


– Мен сенімен мақтанамын, Кира. Мен ұялып қарсылық білдірдім:


– Мен қатты қобалжыдым және айтқым келген көп нәрсені ұмытып кеттім. Бірақ Голдштерн мырза шегінбеді:


– Сенде өнерге деген талант бар және адамдар сені қуана тыңдады. Сен не айта алатыныңды немесе не айтқың келетінін әлі ешкім білмейді. Сен менің мақтауымды қабылдауың керек. Мен саған айтқан сөзді кім болса соған айта бермеймін: мен шынымен сенімен мақтанам.


Мен оның айтқан сөздерін жақсылап ұғуым үшін ол біраз кідіріп, сөзін жалғастырды:


– Сен қорқақтай бергенде, қолыңнан не келетінін ешқашан білмес едің. Адамдар көп ретте өздеріне ең қиын болған нәрсені жеңгенін мақтан тұтады. Бұны ешқашан ұмытпа.


Мен қуанғаннан күлдім. Мұны істегенім қандай жақсы болды! Жиналыстан кейін маған бір әйел келді. Ол өзін баспа-ның директоры ретінде таныстырды және менің тарихымды жеке кітап етіп басып шығаруды ұсынды.


 


Марсель мұны естіп бірден қуанды:


– Мен қазір атауын ұсына аламын! «Қуыршақ милыдан ақша сиқыршысына дейін».


Мен     оған қорлана қарадым. Баспагердің ұсынысы мені қатты қызықтырмаса да, мен оған телефон нөмірін бердім.


Барлығымен тез қоштасып, ата-анама үйге жаяу бараты-нымды айттым. Мен Манимен оңаша болуым керек еді.


Көңіліміз тасып, лабрадор екеуміз көшеде үнсіз жүрміз. Жолда мен ит галеткаларының үлкен пакетін сатып алдым, содан кейін біз «күркешемізге» бұрылдық.


Тек жерге отырғасын ғана осы уақыт аралығында жүйкем қалай ширыққанын байқадым. Енді бәрі бірте-бірте басылғасын, мен үнсіз жыладым. Бірақ бұл ащы жас емес еді. Мен бақытты болдым және өзімді мақтан тұттым. Тек мені сезімдер толқыны басып кетті. Мен өмірімде бірінші рет көп нәрсені істей алаты-нымды сезіндім.


Менің көкірегімді ризашылық сезімі кернеді. Менің өмірім қалай өзгерді!


Толқыған күйі мен Маниге қарадым және біздің қарым– қатынасымыз жақын арада өзгеретінін сезіндім. Бірақ бұл нені білдірсе де, бұл мені алаңдатпады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу