Әңгімелер ✍️
Қарыздар: менің ата– анам нені дұрыс істемей жүр - 6 тарау
Мен кенет Наполеон туралы ойладым. Қарғыс атқыр, мен ол туралы мүлдем ұмытып кетіппін.
Мен Маниге Ханенкамптардың үйіне барып, Наполеон-ды серуенге шығу керегін айттым. Ал әкемнің қарызы тура-лы кешкі астан кейін сөйлесейік деп шештік. Бұл өте қызықты болатыны сөзсіз. Дегенмен, менің ең күшті үш тілегімнің бірі ата-анама қарыздан құтылуға көмектесу еді. Ал Мани бұл қиын емес дейді. «Иә, мен анам мен әкеме көмектесе алсам жақсы болар еді», – деп ойладым мен күліп. Мани қасымда жүрді.
Ханенкамп мырза терезенің жанында күтіп тұр екен. Наполеон мені көрісімен, қуанғаннан қыңсылай бастады. Қожайынмен сәлемдескеннен кейін, мен екі итті ілестіріп орманға тарттым. Біз оған кіргеніміз сол еді, Наполеон бірдеме шағып алғандай, тұра жүгірді. Қоян екен көргені, қуып берді.
Мен оны ысқырып шақырдым. Бірақ ниеті аңға ауған Наполеон ештеңе естіген жоқ. Қояннан өзгені көруден қалған амал жоқ, тосуыма тура келді. Мен ең әуелі Наполеонды бұйрық тыңдауды үйретуім керек дедім өзіме.
Ол он минуттан кейін оралды. Күннің жартысын біз сабаққа арнадық. Мен Наполеонды әр жетістігі үшін мақтап, тәтті беріп, марапаттадым. Мани менің әр командамды Наполеонмен бірге орындап, оған үлгі көрсетті. Бұл көп көмек-тесті. Бірнеше сағаттан кейін Наполеон «отыр» командасын жақсы меңгеріп үлгерді. Мен оны үйлеріне апарып, Ханен-камп мырзаларға иттері не үйренгенін мақтанышпен көрсеттім. Ханенкамп ханым бұған сене алмады. Қуана толқып, ол қолын сілкілей берді:
– Мен оны мүлдем түзетуге болмайтын шығар деп ойлау-шы едім. Ол шынымен «отыр» деген пәрменді орындады.
Фантастика!
Ханенкамп мырза да күлімсіреді. Ол өзінің ойы дұрыс болғанына қуанғаны анық. Өйткені, ол маған Наполеонды үйретуді ұсынды ғой. Ол салтанатты түрде қалтасынан әмия-нын шығарып, он евро алып, маған берді. Мен ақшаны алып тұрып, ыңғайсыздық сезіндім: «Мұндай аз жұмыс үшін мынау көп ақша. Иә, тіпті мен өзім рахаттана істеген жұмыс үшін», – деп ойладым мен.
Ханенкамп мырза маған ренжи қарады:
– Мен сені қуанатын шығар деп ойласам. Ал сен тіпті риза-лық та білдірмейсің.
– Бұл өте оңай болды», – дедім мен ұялып.
Хайенкамп мырза қатты күлді. Осы кезде ол шынымен қорқынышты көрінді. Оның түсі бұзылып кеткен. Бірақ көп ұзамай ол тынышталып, күлімсірей бастады және бірден сүйкімді қартқа айналды.
– Көптеген адамдар жұмыс қиын және жағымсыз нәрсе болуы керек деп ойлайды, – деп түсіндірді ол. – Бірақ адам шынымен жақсы көретін ісін істегенде ғана жетістікке жете алады.
Менің бетіме қарап, сөзімді түсінбей тұр деп түйсе керек, не айтар екен дегендей, сәл іркілді.
– Анам әрқашан:»алдымен жұмыс, содан кейін ойын» дейді. Ал сіз қазір мүлдем басқаша айттыңыз.
– Шынында да, қуана жасайтын жұмыспен ақша табатын ешкімді білмейсің бе?
Мен бірден Марсельді есіме түсірдім. Ол велосипед тебу-ді жақсы көреді және онымен тоқаш тасып ақша табады. Мен Ханенкамп мырзаға соны айттып бердім. Қария сәйкес басын изеп құптады:
– Бұл жақсы мысал. Менің ойымша, бала алысқа бара-ды. Мен саған реті келгенде, өз өмірім туралы айтып беремін. Мен әрқашан өзіме ұнайтын нәрсені жасадым. Және әрқашан сонымен ақшаны таптым.
Мен қарт адамға қызығушылықпен қарадым. Оның жүзі шытырман оқиғалы кітапқа ұқсайды. Мүмкін ол көп нәрсені көрген және қызықты өмір сүрген шығар.
Алайда қоштасатын кез келді. Анам мені кешкі асқа күтіп отыр ғой. Кешкі асқа менің сүйікті тағамдарымның бірі – қуыр-ма кеспе, ал тәттіге шоколадты пудинг болды. Бірақ соған қара-мастан менің ойым алыста шарықтап жүрді. Бұл таңырқарлық жәйт емес: соңғы кездері ғана қанша оқиға болғанын еске түсірсе... Қалай болғанда да, мен бір нәрсеге сенімді болдым: кім ақшаға қызығушылық танытса, ол қызықты өмір сүреді және қызықты адамдармен танысады.
Мен үй тапсырмасын тез орындадым, Мани екеуміз орманға, баспанаға бардық. Мен ата-анама қалай көмектесуге болатынын тезірек білгім келіп, шыдамсызданып, күйіп кеттім,
Рас, бір қиындық бар. Мен отбасымыздың қаржылық жағдайы туралы ештеңе білмеймін. Қалай болғанда да, нақты ештеңе жоқ. Мен ақша жетіспейтінін ғана білем. Ата-анам көбінесе несие бойынша төлемдер тым үлкен, оны уақытында төлеу мүмкін емес деп отырады. Мен білгенімнің бәрін Маниге айттым.
– Менің бұрынғы қожайыным Голдштерн мырза – адамдарға өз ақшаларын қалай жақсы жұмсау керектігі тура-лы кеңес беретін фирманың иесі, – Мани сөзіне өзгеше мән бере бастады. – Рас, Голдштерн мырза тек өте бай клиенттерге кеңес береді, бірақ оның фирмасының көптеген қызметкерлері ақшадан қиналып жүрген адамдармен де жұмыс істейді. Маған фирмадағы кез-келген кеңсеге кіруге рұқсат етілді, мен көп естідім. Қарызы бар адамдар, шын мәнінде, тек төрт маңызды ережені орындауы керек. Оларды түсіну өте қарапайым.– Ол сәл тосылып барып сөзін жалғастырды:
– Міне, мына төрт ереже.
Біріншіден: қарызы бар адам несие картасын жыртуы керек. – Неге? – мен таңдана сұрадым.
– Өйткені несие картасымен төлейтін адамдардың көпшілі-гі қолма-қол ақша төлегеннен гөрі көп ақша жұмсайды.
Мен ештеңені ұмытып қалмау үшін ережелерді жазып алайын деп шештім.
Ал Мани сөзін жалғастырды:
– Екінші ереже ересектерге сәл оғаш болып көрінер: олар несие бойынша мүмкіндігінше аз төлеуі керек. Мұндай төлемдер: «төлемдер» немесе «жарналар» деп аталады. Жарналар неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың өздеріне ақша аз қалады.
– Неге менің ата-анам ондай жоғары жарналарды төлеуі керек? – мен таңдана сұрадым.
Иә, Мани тағы да дәл үстінен түсті. Анам мен әкем үнемі несие төлеуге көп ақша кетеді деп шағынатын.
– Себебі олар пайыздардан үнемдеуге үміттенеді», – деп түсіндірді Мани. – Сен бес мың еуро несие алдың делік. Демек, сен жылына үш жүз еуро пайыз төлеуге тиіссің. Сонымен қатар, сен жыл сайын бес мыңның белгілі бір бөлігін қайтаруың керек. Бұл жарналар немесе несие бойынша төлемдер. Бір пайыздық жарналар сенің жылына бес мың еуроның бір пайызын, яғни елу еуроны қайтарғаныңды білдіреді. Сонымен, сен үш жүз еуро пайыз және елу еуро жарна төлеуің керек. Барлығы үш жүз елу еуро. Сен барлық несиені қайтарғаннан кейін, артық ештеме төлемейсің.
– Сонда әркім несиені тезірек қайтарғысы келетіні түсінікті, – деп ойладым мен.
– Бір қарағанда, солай, – деп келісті Мани. – Несие сома-сының бір пайызын жылына қайтарамын деп кім келіседі, ол барлық уақытта қарызға алғаннан үш есе көп ақша төлеуге мәжбүр болады. Бірақ несиені тезірек қайтару үшін жоғары жарналарды төлеу керек. Көптеген адамдар банкпен тек төлей алатын жоғары жарналар туралы келіседі. Нәтижесінде олар күнделікті өмірде ақша тапшылығын сезіне бастайды. Көптеген адамдар өмірдің қымбаттығын бағаламайды. Егер сіз жаңа көлік сатып алуыңыз керек болса немесе үй шаруашылығында бірдеңе бұзылса және ауыстыруды қажет етсе, олар оны төлеу үшін жаңа несие алуы керек.
– Олар ескі несиені жаңа несиемен төлейді деп айтқыңыз келе ме? – мен таң қалдым.
– Дәл солай, – деп жауап берді Мани, мен оның бәрін тез түсінгеніме қаншалықты қуанышты екенін көрдім.
– Енді ата– анам не істеуі керек? – олар мені тыңдауы екіталай.
– Мүмкін сіз оларды Голдштерн мырзамен сөйлесуге көндіре аларсыз. Ол көмектесе алар еді.
– Мүмкін мен оларға көбірек ақша табуға көмектесе алармын, дедім мен батылдау.
– Әрине, сен мұны істей аласың. Бірақ алдымен олар қазір қолдарындағы бар ақшамен айналысуды үйренуі керек. Әйтпесе, үлкен ақша тек үлкен проблемалар тудырады. Егер сен ақшаны үнемдеуді үйренбесең, шығындар әдет-те кірістің өсуімен бірге өседі. Бірақ біз бұл туралы әлі де сөйлесетін боламыз.
Мани бәрін өте түсінікті ұғындырды. Мен дәптеріме жазып қойдым:
- Несие картасын жырту керек.
- Мүмкін болатын ең төменгі несие жарналары туралы келіс-сөздер жүргізу керек. Голдстерн мырза ата-анама көмектесер ме екен, сұрайын.
Мани мен жазуды аяқтағанша шыдамдылықпен күтіп, келесі тармаққа көшті:
– Үшінші ереже тұтынушылық қарызға қатысты. Бұл – үй сатып алуға байланысты емес қарыздар. Егер жаңа көлік, теле-дидар, жиһаз сатып алу немесе күнделікті тіршілік үшін ақша қажет болса, бұл – тұтынушылық қарыз. Бұл жағдайда борыш-кер «елу-елу» ережелерін сақтауы керек. Күнделікті шығындарға қажет емес ақшаның жартысын үнемдеу керек. Екінші жарты-сын қарызыңа төле.
– Әжем әрқашан қарызды мүмкіндігінше тезірек қайтару керек дейді, – деп есіме түсірдім.
– Ал сен барлық қарыз төленіп біткен соң не істейсің? – деп сұрады Мани.
– Папам мен анам әрқашан иықтарынан жүк түскендей болар еді дейді, – деп түсіндіруге тырыстым.
– Олар дәл солай ойлайды, – деп келісті Мани. – Бірақ іс жүзінде қарыздарды төлеу арқылы қолдарында түк қалмайды, нөл! Ал нөл ештеңе емес. Ал ештеңе ұмтылыстың мақсаты бола алмайды.
– Ал мақсат не болуы мүмкін? – мен таңырқай сұрадым.
– Америкаға бару немесе компьютер алу – бұл мақсат, – деп түсіндірді Мани шыдамдылықпен. – Немесе, мысалы, жұмсалмайтын белгілі бір ақшаны үнемдеу де мақсат.
– Бірақ егер сен оны жұмсамасаң неге ақша үнемдейсің? – мен мүлдем таңдандым.
– Мен мұны саған бірнеше күннен кейін түсіндіремін, – деп жұбатты мені лабрадор. – Енді қарызға оралайық. Сонымен, сенің ата-анаң үнемдеуді бастауы керек. Қарыз-дарынан құтылатын күнді күтудің қажеті жоқ. Сен бірден бастай аласың. Сонда ғана олар өз ойларын жаңа несиеге жүгінбей-ақ жүзеге асыра алады. Олар одан ләззат алады, өйткені ар-ұжданы тыныш болады.
– Сіз оларға да жинақ құтыларын ашу керек деп айтқың келе ме?
– Бұл жаман ой емес, – деп басын изеді Мани. – Айтпақшы, тұтынушылардың барлық қарыздары ақымақ қарыздар. Тек сақтап отырған ақшаны жұмсау әлдеқайда орынды.
Мани бәрін өте жақсы түсіндірді, мен жазып қойдым:
- Ақшаның елу пайызын үнемдеу, ал қалған елу пайызын тұтыну қарыздарын өтеу үшін пайдалану. Ең дұрысы – тұтынушылық қарыздарын жасамау.
– Енді ең соңғы ереже, – Манидің көздері көңілді ойнақшыды. – Қарызы бар кісі әмиянына:»осыны шынымен де сатып алу керек пе?» деген жазуды жапсырып қоюы керек. Сонда, кем дегенде, кассаның жанындағы адам көп ақша жұмсамау керегін есіне алады.
«Бұл сен сияқты иті жоқ кез келген адамға қатысты», – деп күлдім мен.
Мани құйрығын бұлғақтатып, бетімді жалады. Мен оны шып еткізіп бір соқтым. Содан соң соңғы тармақты жаздым:
- Осыны ШЫНЫМЕН САТЫП АЛУ КЕРЕК ПЕ?
Сонымен, мен қарыз жөнінде көп нәрсе білдім. Бірақ бұның бәрін менің ата-анама үйретумен салыстырғанда оңай болды. Манидің маған Голдштерн мырзадан анаммен және әкеммен сөйлесуін сұрау идеясын ұсынғаны жақсы болды. Алайда, мен мұндай өтінішпен айналысу үшін ол кісімен әлі жақсы таныс емеспін. Біраз күтуге тура келеді.
Бірақ мен бір нәрсені анық шештім: өзім ешқашан мұндай қарыздар жасамаймын. Мен бірдеңе сатып алу үшін әуелі ақша жинаймын. Мен ата– анам тап болған жағдайға тап болғым келмейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇