Өлеңдер ✍️

  23.09.2023
  81


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Қыз мұңы

Ақылдым,


Өзіңді ойлап, бүгін де таңды атырдым,


Саусағын созған, сандырақ ойға тұншығып,


Тылсымға кетіп, жоқ болуға да жақынмын.


 


Шынарым,


Білмеймін мына, күнімнің немен тынарын,


Қылбұрауын сап, қинаса дағы қылығың,


Қапысыз сені, сүйетінімді ұғамын...


 


Қырансың,


Қыранға ғана, лайық дейтін құзар шың,


Бауырыңдағы дəрменсіз махаббатымды,


Құлдилап келіп, құлатайын деген шығарсың...


Осылай мені, жылатайын деген шығарсың...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу