Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  57


Автор: Шөмішбай Сариев

Өмірге өкпеміз жоқ

Өмірге өкпеміз жоқ,
өкпелемен,
Өмірге келгенім жоқ,
текке демен.
Жайқалды жапырақтар дәнімізден,
Өмірде өсіп шықты еккен емен.
Өмірге өкпеміз жоқ,
өкпе артпадық,
Самғады құстарымыз
көкке аттанып.
Шамымды жаға алады
туған ұрпақ,
Барымды бағалады
бекзат халық.
Өмірге өкпеміз жоқ,
өкпелемен,
Қарайды жұлдыз жайнап,
көктен әлем.
Жаныма жан шуағын
шашып жатты
Нұрларын Ай-Күнімен
төккен әлем.
Өмірде өкпелемен саған, жаным,
Іздеп ем сендей жанды таба алмадым.
Адасып көріп едім сені таптым,
Бір ғана өзінде екен бар арманым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу