28.08.2023
  778


Автор: Тұсаукесер тойы

Қаз-қаз балам, жан қызым

Қаз-қаз балам, жан қызым,
Жарық болсын жұлдызың.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз балам, жан қызым,
Тәй-тәйлай түс ән қызым.
Құтты болсын қадамың,
Күлім қақсын жанарың!

Қаз-қаз балам, жан қызым,
Адымдай түс сен қызым.
Алға қадам баса бер,
Асулардан аса бер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу