Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  84


Автор: Серікбай Оспанов

Ерінінде меңі бар қыз...

Ерінінде меңі бар  қыз,


Неге  сүйдім   сені   жалғыз?!


Ет-жүрегімді   елжіреттің,


Енді   қашан   жолығармыз?


 


Ерінінде  меңі  бар   қыз,


Қалдырма  сен  мені  жалғыз.


Алма   теріп   қайтайық   бір,


Келер алда тағы да күз...


 


Меңі  бар   қыз   ерінінде,


Есіме  алам   сені   күнде.


Қалыпсың-ау   мәңгілікке


Көктем   болып   көңілімде.


 


Қара  қыз-ау қара  меңді,


Қамықтырып   қарама   енді.


Бір-ақ  шырпы  жетеді  екен


Күл етуге бар   әлемді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу