01.07.2023
  118


Автор: Құрбан айт

Айтыңызбен, Әже!

Оразаның айтынан соң келетін,
Құтты болсын Құрбан айтың Әжетай!
Еркелейміз, сізді жақсы көреміз,
Ақ жаулықты ардақты жан Әжетай!

Мерекеде ниетіңіз қабыл боп,
Күлімдесін қуаныштан жүзіңіз.
Ортамызда аман жүрші Әжетай,
Сәттілікке толы болып күніңіз.

Айттан айтқа амандықта жетіңіз,
Әжетайым сіз біздерге жол бастап.
Саулығыңыз мықты болсын әрдайым,
Жүрейікші сізді әже біз қоштап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу