Өлеңдер ✍️

  02.05.2023
  204


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жұпар иісі алдайды

Көріспедік ұзақ жыл сөйлеспедік,


Бұрынғыдай арқа-жарқа сыр шертпедік,


Махаббат күшімен өмір сүрем,


Тағыда бірге уақыт өткізбедік,


Танымасаң екінші рет танысайық.


Ұмытсаң тағыда қыдырайық,


Жүрекке берейік жылу сезім,


Тоңдырмайық жүректі мұздатпайық.


Сен менен қорықпа алаң болма,


Біз екеуміз таныспыз біраз жылда,


Бір қызығы сен мені ұмытқансың,


Танымай сөйлеспейде жоғалдыңба?


Жоғалдыңба өмірден жоқ болдыңба?,


Бітпей қалған өлең көп оқыдыңба?


Қарадыңба бұл сезімнің мәні барма?


Жүрегіңде басқа бір адам барма,


Қадам барма ойыңда әлің барма.


Махаббатпен күресетін шамаң барма,


Сен мені оп-оңай ұтып шықтың,


Махаббатым өлмеді таңың барма?


Ғашық жүрек әліде сені ойлайды,


Таң қаламын бұл ғажап алауларға.


Үлкен өмір аяқ басып бара жатырм,


Жанымда сен жоқсың жара барда...


Тілеп жүрмін саулығыңды биік көктен,


Екеумізді айырған келді көктем.


Тағдыр бізбен тағыда ойнап жатыр,


Тағыда екеумізді кездестірген.


Қазір қалай жақсымекен жағдайың,


Әлде сенде махабатты тастайсың?


Бәлкім әлі сүйемісің ол жанды...


Бәлкім сенде күйемісің оттай бір,


Жалғыздықта күнім менің батады,


Алаңдаумен тағы таңым атады.


Ойымда тек бір-ақ есім жаңғырық,


Алыстан бақыт тілеп тұр әні.


Неге бұлай? Мені сонша алдайды,


Неге тыныш менен кетіп қалмайды.


Жүрегіңе лайық болмай алданып,


Мына жүрек күнде қатты жылайды.


Өлеңдерім барлығын айтпайды,


Күні кеше ғашық болған жастайым


Ал қазір жаңа өмір бастайын.


Сені ойлап есіп кетіп жүргенде,


Енді міне бәрін артта тастайын.


Көктем шуақ жазылады жаңа ән,


Арнайтындар бір сұлу қыз таппағам,


Түсінгенім ешбірі жақпайды.


Ешбірі мына сенен аспайды.


Жүрегім жүрегіне тартпайды.


Сендей жанды енді жүрек таппайды,


Мың аруың жалғыз саған татпайды,


Жыр жазам деп ұзап кеттім тағыда,


Уақытыңды алып қойдым сағына.


Ешқашан бағынбағың тағдырға,


Ешқашан қайғырмағың жарыла.


Қолымдағы қаламымда жазбайды,


Дала гүлдер мына сен деп сайрайды.


Сол гүлдерді жұлып алғым келеді,


Сендегідей жұпар иісі алдайды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу