01.01.2023
  125


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Жан - дүние

Жетпіс үш жастағы Естайға «жас жаным қарт тәнімді қимай жатыр» деп айтқызған қандай құдірет?! Қарап тұрсаңыз, Мона Лиза, яғни                       әйгілі Джоконданың                                мұқым адамзат баласының жүрегін жаулап алатынай сиқырлы сыры неде?! Ғасырлар бойы бұл     жымиыстың жұмбағы әлі шешілген жоқ. Бір анығы - күлімсіреген бет-жүзі ішкі жан - сарайындағы әлдебір тылсым сырды, бейкүнә                   тазалықты паш еткендей.. Соғыс психологиясын жіліктей келе ұлы Баукең (Момышұлы) «адамның жан дүниесі - ұрыста ең қауіпті, көзге көрінбейтін қару» деген.


Анабір жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы бейнеқордан С. Әшімбаевтың «Қарыз бен парыз» хабарын қайталап көрсетіп,онда Д. Исабеков, Ф. Оңғарсынова, Б. Момышұлы т.б пікір алысып жатты. Сонда марқұм Бақытжан ағамыз бір сөзінде «Адамның жаны құдірет» деп қалды..


Заманауи көзқарастағы түрік ғалымы Фетхуллах Гүленнің пікіріне сүйенсек, адамзат түпкі жаратылысынан                       ұзап кетті. Адамның жаны ластанды. Адам қадір- қасиетін тоздырып      барады. Шайтаннан бетер арсыздықтарға бой алдыруда. Махаббат пен сүйіспеншіліктің қадірін жоғалтты. Адамның жаны материаланды. Оқи берсең осылайша қара аспанды төндіріп, кейде мына дүниеден бездіріп жібергісі бар.


Абай –абыздың пайым көзімен бүгінгіге қарасақ, “адам” азайып, “толық адам” «дефицитке» айналып, дүниені шайқап - төгіп жүрген - “пенделер” дәуірлеген заман. Күндерде бір күн                 Р.Акутагаваның    «Тозақ азабы» кітабын оқып, оның бір әңгімесін қазақшаға аударып отырып, осынау жұмыр жерде жан әлемі    қиын - қыртыс, тұрпаты      бөлек халық – жапондар         екен             ғой         деп             таңырқап                         едім. Жапондардың жан дүниесіне, ішкі бұлымына       найза бойламайтын сияқты көрінді. Өзгеден ерек рухани танымы терең, ойы ұшқыр, елгезек, қағылез – ау, сабаздарың. Әйтпесе, озық электорника,       адамның орнына құлтемір, ғажайып     технологиясымен     жер дүниені жайлап   алар     ма    еді? Бірақ бұлардың да ойшылдары     жапонның жан дүниесі лайланып барады деп мұңаяды.


Ал ел билеуде, халықты меңгеруде тақ пен тізгінді ұстағандардың жан дүниесі қандай болу керек-ті. Унистон Черчиль Шекспирден шешендікті үйреніп, оның туындыларындағы барлық корольдердің сөзін жатқа біліпті. Сол арқылы өзін де, ұлтын да қанаттандырып отырған. Осылайша ізгілік акумляторынан қуат алған                                                     Черчильдің талантына ағылшындар тәнті болғаннан басқа, артынан жаман сөз айтпапты.


Күні кешеге дейін жүрегіміз – егіздей, тілегіміз – теңіздей ұлтымыздың ішкі болмысы ерек болса керек. Жан дүниесі буырқана тасыған қазақ «оң тізесінің астында тұрған қайың сапты ақ қамшыны суырып алып, ысылдататын. Соңында бұрық еткізіп, қара жердің қыртысын бір тартады. Іштегі шерді, бойдағы кекті осылай басатын» (Б.Қайратұлы).Бұл да болса тәрбиелі әдеп пен ғадеттің нышаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу