03.11.2022
  410


Автор: Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын,
Он алтыншы желтоқсан тойланатын.
Азаттықты алуға арқау болған,
Желтоқсаншы жастарды ойға алатын.

Тыныш болсын еліміз, жеріміз бұл,
Тәуелсіздік тұғырлы болып лайым.
Қазақ елі танылсын бар әлемге,
Жар боп бізге қашанда бір Құдайым.

Азаттығым жасасын, қазақтығым,
Азат күнім нұр шашып күлім қағып.
Қазақ тілім жасасын, Әнұраным,
Жұлдыздарым әрқашан жымың қағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу