Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  108


Автор: Түрік поэзиясы

СӨЗ ОЙНАТУ

Сүйемін деп едің ағашты алмалы,
Жемісін жұлып ең, бұтақ та қалмады...
Бір шыбық екпедің күнді ойлап алдағы,
Мəуесі болғанмен көзіңнің арманы.
Алып ең əйелді сүйем һəм күйем деп,
Енді жүрсің-ау құр сөзбен жиі емдеп.
Көңілді бөлмедің, сезімге ермедің,
Сыйлай да білмедің бұрымды кием деп.
Уақыт есейтті, ақ кірді шашыңа,
Бірақ та ұлы ойлар келмеді басыңа.
Қуғаны қудың-ау араны түтін сап,
Ал балы айналды тек сенің асыңа.
Тəңірде не шара, шіренсе пақыры,
Ошақтың отын да өшірдің ақыры.
Жылуы не керек, күлі де қалмады,
Жеткен жан сен болдың осыған ақылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу