Қасым-Жомарт есімінің мағынасы - Қасым сөзі араб тілінен аударғанда "әдемі, сұлу" мағынасын береді. Жомарт есімі "дарқан және бекзат" мағыналарын біреді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде рыноктық экономикаға өту кезінде салық жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез-келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъктілерден және халықтан жиналған салық болып табылады. Салықтар біздің өмірімізде бұрыннан үйреншікті жағдайға айналған. Олар күрделі бюджеттік мәселелерді шешудің негізгі құралы болып табылады. Мұнда коперативтік табыс салығы да маңызды рол атқарады. Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор. Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасының салық жүйесi” деп алдым. Осы мемлекеттiң қаржы ресурстарының бастапқы категориясы және мемлекеттiк қызметтердi iске асырудың негiзi болып табылатын салықты жан-жақты талдап, салық салу механизмiнiң қызмет етуiн, салықтың негiзгi элементтерiн және осылардың басын қосып, ұйымдастырып отыратын салық жүйесiн жанжақты талдау осы тақырыптың өзектiлiгi болып табылады. Бұл тақырыпты орындаудағы мiндеттерiм келесiдей: • Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу; • Салық салудың негiзгi элементтерi мен оның құрылымдарын талдау; • Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету; • Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру; ....
Кіріспе Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез- келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің мауысымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арасында қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.....
Кіріспе Әр мемлекеттің тағдырында негізгі рольды жер ойнайды, ол өзінің пайда болу және қызмет көрсету мүмкіндігін анықтайтын фактор болып табылады. Эффектілікте көтеру және мемлекеттік басқару сапасы, т.с.с. ұлттық ресурстар біріккен ақпараттық жүйемен бірге ортамемлекеттік басқару жүйесін құру, «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақмерзімді приоритеті болып табылады. «Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ-жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт-дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі»,- ҚР-ның Президентінің Н.А.Назарбаев өз үндеуінде ерекшелеп айтты. ҚР-сы дүние жүзіндегі жермен қамтамасыздандырылған елдердің бірі болып табылады. Біздің ел дүние жүзінде тоғызыншы орында, ал бұрынғы одақтан Ресей Федерациясына ғана жол береді. Республиканың жер қоры 271287мың га-ды құрайды. Ауыл шаруашылығына арналған жердің ауданы 201099,5мың га, бұл барлық жер қорының 74 пайызын құрайды. Елде өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу процесі, жаңа жер сабы және оған қатысты жер қатынастарының құрылуы жүріп жатыр. Цивилизациялы жер қатынастарын құру және жылжымайтын мүлікті басқару жүйелері-нарықтық экономиканың негізгі құралы, бүкіл дамыған елдердің кілттік мәселелерінің бірі болып табылады. ....
1. Астана қаласы 2 Біздің Ту 3. Кім тапқыр (сайыс сабақ) 4. Қар қандай болады? 5. Тапқыр достар (сайыс сабақ) 6. Үй жануарлары
Қазақ тілі Сыныбы: мектепалды даярлық Сабақтың тақырыбы: «Біздің ту» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. 2. Тәрбиелік - оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 3. Дамытушылық - оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Сабақтың типі: жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру. Сабақтың көрнекілігі: рәміздерге байланысты түрлі - түсті суреттер, .....
КІРІСПЕ Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардын. немесе кәсіпкерліктің үш түге атап кетуге болады • индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік • серіктестік немесе партнерлік, • корпорация (акциөнерлік қоғам) Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады Серіктестік (партнерлік) дегеніміз он және одан көп адам иелік ететін бизнес Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері: • шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген; ....
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды ....
Кіріспе. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады.....
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с. жатқызуға болады.
Солардың ішінде төменде қарастырылатын курстық жұмысымның негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны туралы болмақ. Мұнда жалпы Министрліктің алға қойылған мақсаттарға жетудегі атқаратын қызметтері, соған сәйкес алатын орны, оның реттейтін салалары және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші, реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган, яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен функциялары біршама күрделі.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Министрліктің құзыреті, ал келесі бөлімде оның мамандандырылған комитеттерінің құзыреттері қарастырылған.
Мақсатым тақырыбымды жан – жақты қарастырып, соңғы ақпараттарға сүйене отырып, Министрліктің түрлі салалардағы органдар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылады. ....
Кіріспе. Жер салығы – бұл жер рентасын шеттету нысандарының бірі. VIII ғасырдың соңында және ХІХ ғасыр бойы дамушы саяси экономиканы ұсынушылар, жер меншігі негізгі байлық болып табылады, мемлекетті басқару үшін қажетті мемлекеттік кірістер, осы байлықтың бірінші қайнар көзі сияқты салық салу жолына шығарылуы керек деп бекітті, яғни жерге салық салу керек деген. Бұл салық жер учаскесін нақты қолдану есебімен кіріске негізделеді. Өткен және қазіргі жүзжылдықта олармен Г. Джордж, С. Корд, Н. Тидеман және көптеген басқа зерттеушілер айналысқан. Соңғы уақытта біздің шарттарда бұл мәселелерді М.Л. Бронштейн, А.А. Калныньш, А.Э. Сагайдан, Б.И. Пошкус айналысқан. Н. Суханованың жиырмасыншы жылдар басындағы маңызды және теориялық өңдеулері сақталған. Рентаның салық салу маңыздылығын сипаттағанда, ол былай деген: “Бұл жұмыс екі бөлікке бөлінеді: біріншіден, жер рентасын салық ретінде қалай алуға болатынын анықтау, және екіншіден қалай рентаны қоғамдық қажеттілікке аударуды шешу керектігін, яғни оны қалай бөлу керек”. ....
Қазақ әдебиетін жанрға бөліп сөз еткенде революцияға дейін поэзиядан ауызша да жазбаша да мол мұраға ие болса, прозаның төркіні Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр Көбееев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бейімбет Майлин шығармаларымен танылады. Ал драматургиямыз болса, дәстүр мұра дегеннен тұлдыры жоқ тақырда туып, тек қана қазан революциясынан кейін қалыптасты. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет. Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөзі (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог) – бұлар оның характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әр түрлі жай-жағдайларға қатынасын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Автордың уақиға барысын, кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, күй-жайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы. Біз болып жатқан, болып өткен уақиға жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен көріп, кейіпкердің хал-жайын, сағыныш, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуінен байқаймыз. Сөйтіп драмалық шығармада жеке адамның ойлану-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскен уақиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл қабысып, ұштасып жатады.1 Драматаругия қазіргі әдебиетімізде жетекші жанрдың біріне айналып, күрделі белге көтерілген. ....
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады. Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі. Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін. ....
Менің курстық жұмыс тақырыбы «Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. «Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралддары мен формалары жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалынып қабылданады. Ал соы түсініктемеге сәйкес «менеджмент» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бас іскер адам, өз ісін егжей-тегжелі білетін мамандандырылған басшы. Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытуды стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы. Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады ....
КIРIСПЕ Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. /1/ Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз. Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты.....
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады. Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжіриебесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болғандықтан, салықтардың ішінде бюджетте маңызды орын алатын қосылған құн салығын қарастыру ерекше өзекті болып саналады. Жұмыстың зерттеу пәні болып- Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы . Курстық жұмыстың басты мақсаты - жанама салықтардың ішіндегі негізгі салық болып табылатын, қосылған құн салығының мәні, Қазақстан Республикасындағы қалыптасуы мен қазіргі жағдайы, сонымен бірге алыну мәселелерін талдап, бюджеттегі орнын ашып көрсету және жетілдіру жолдарын қарастыру. Курстық жұмыстың әрбір бөліміне сипаттама жасап кететін болсақ, бірінші бөлімде қосылған құн салығының мәні,Қазақстандағы дамуы және қалыптасуы жайлы, экономикаға тигізетін ықпалы және алыну механизмі жайлы мәселелер талқыланған. Екінші бөлімде, қосылған құн салығын бюджетпен өзара қатынасы жайлы Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » Заңындағы өзгерістері айтылған, және ҚҚС есептеген кезде кездесетін кейбір мәселелері туралы баяндалған. Үшінші бөлімнің мазмұны келесідей: қосылған құн салығының дамыған елдердегі іс-тәжірибесі жайлы баяндалған, қосылған құн салығының салық жүйесіндегі орны жайлы сұрақты талдау негізінде біздің тарапымыздан салық саясатын тұрақтандыруға байланысты ұсыныстар беруге тырыстық. ....
К І Р І С П Е Әрбір ұлы ақын – қашанда мәңгілік және бүкіл адамзаттық құбылыс. Оның өмірінде бір-ақ мезгіл болады. Ол – туу мезгілі. Уақыттың өзге қатал заңдары оның алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі бір кезең мен жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп, өзінің соны сипаттарын әр кез және баршаға бірдей аша, ақтара түседі, жаңара, жасара береді. Ол әр адам үшін де, әр буын үшін де – қашан да ерекше жаңалық, жаңа бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі, шексіз–шексіз өнер мұхиты, поэзия мұхиты. Сондықтан да ол әрқашанда қандай қауым мен халықтыі да жүрегіне тікелей жол тауып, оның ең сүйер ұлы, ең сырлас замандасы болып кетеді. Оны әр ұрпақ өзінше оқиды, одан әркім керегін табады. Өйткені әрбір ұлы ақын бүкіл адамзаттық көтереді, оларды мәңгі ескірмес жаңа тұрғыда ғана шешеді, бейнелейді. Әлемдік поэзияның өрісін кеңейтіп, оған өлшеусіз зор үлес қосқан, адамзаттың көркемдік ойын батыл ілгері дамытқан Александр Сергеевич Пушкин осындай ұлы ақын еді. Пушкиннің ақындық данышпандығын табиғатта тек күнмен салыстыруға болады. Ақын Пушкин әдебиет әлеміне келісімен оған дейінгі онан кейінгі және өзімен тұстас өзге ақындар екінші, үшінші қатарға ығысып, күн шыққанда өзге жарық денелердің күңгірт тартып көрінбей кететініндей, ұлы ақынға жол береді. Сонымен қатар оның тағы да бір елден ерек, қайталанбас қасиеті - арады қанша уақыт өткеніне қарамастан өзінің нұрлы сәулесін өзінен кейінгі әдебиетке заманалар биігінен түсіріп келеді. Сол себепті де А.Луначарский: «Пушкин - орыстың көктемі, пушкин – орыстың жарқырап атқан таңы, Пушкин – орыстың Адам - атасы. Италияда Данте мен Петрарка, Францияда ХVІІ ғасырдың алыптары, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете не жасаса, Пушкин біз үшін соны жасады» дейді.....
Кіріспе Төл теңгеміз мыңдаған адамдардың, түрлі мамандық иелерінің ерен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келді. Ұлттық валютамыз Қазақстан мен Ресейдің қаржы жүйесінің арасындағы байланыстың үзілу жағдайында енгізілгені белгілі. Алтайда оған әзірлі экономикалық және қаржылық дербестікке ұмтылу нышандары алғаш байқалған 1992 жылдың наурыз айында нақты басталды. Ақша жасап шығарумен айналысатын әлемдік деңгейдегі өндірістермен келіссөздер жүргізіле бастады. Ең алғаш ұлттық банк еуропалық «Делару» фирмасымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай – ақ Американың, Жапонияның және Қытайдың ақша жасаушылары да өз қызметін ұсынды. Маңызды тапсырысты орындауда сенім артуға болатын компаниялардың ішінде Англияның «Харрисон» фирмасына назар аударылды. Ұзақ мерзімге созылған келіссөздер нәтижесінде осы «Харрисон» фирмасына таңдау жасау ұйғарылды. Ақшаның алғашқы нұсқалары АҚШ долларына тым ұқсас болды. Екіншісі – ешқандай портретсіз, тек ұлттық оюлармен безендірілді. Ал үшінші нұсқада адам бейнелері мен ұлттық ою - өрнек көрінісі алды. Түбегейлі таңдау төртінші нұсқаға түсті. Ол еуропалық купюралар негізінде жасалғанымен, қазақтың үлтық ерекшеліктерін айқын танытып тұрды. Банкноттар жеті номиналдарға ие болу керек деген шешім қабылданды. Ендігі кезекте тұңғыш қазақ теңгесіндей бейнелеуге тұрарлық тарихи тұлғаларды таңдаудың қиын ісі тұрды. Сонымен арнайы жұмыс тобы бұл істі сан сараптан өткізіп, ұлттық валютада Абылай хан, Әбілқайыр, Абай, Шоқан, Құрманғазы, Сүйінбай мен Әл – Фараби бейнелерін салу туралы шешім қабылданды.....
Кіріспе. Беларусия республикасы ТМД – ның батысында орналасқан мемлекет. Оның жалпы ауданы 207,6 км 2. Беларусия ТМД елдері ішінен экономикасы жағынан алдағы мемлекет болып көзге түседі. Республика отын есебінде жергілікті жердің салмақ үлесі аз. Басқа жақтан көмір, мұнай, гзды пайдаланады. Электроэнергетиканың негізінен жылу станциялары ( Лукомль, Березовск ) атқарады. Ірі мұнай өңдеу зауыты Новополцк, Мозырьда орналасқан. Ал өнеркәсібінің негізгі саласы машина жасау және химия өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптер мұнай, металл, газ, көмір т. б . шикізатқа тәуелді. Мұнайды Ресейден Украинадан алады. Жеңіл өнеркәсібі бойынша тоқыма ( зығыр, мақта – мата, жібек, жүн ), тері, былғары өндіреді. Жергілікті жердің ( зығыр талшығы, тері химиялық талшық ) және шеттен келктін ( мақта – мата, жүн, жібек ) шикізаттары қолданады. Елде транспорт жолыда жақсы дамыған, әсіресе теміржол торабы. Елдің территориясының көп бөлігін батпақты жерлер алаып жатыр. ....
КІРІСПЕ Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады. Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.....
Жұдырықтай жүрегіңді мың сан арман аялаған қайран жастық шақ... Мені де айналып өтпегенің анық еді. Бірде түкті кілемнің түгін түсірген Қажымұқан тектес палуан болсам, бірде Бауыржан тектес қаһарлы қаһарман әскербасы болсам деп армандаумен күндер өтіп жатты. Бірақ балалармен белдесе жүріп өзімнің тіптен әлжуаз екеніме, біреу қатты ақырып қалса қалтырап, дірілдеп жүрегімді тоқтата алмай қалатын қорқақ екенімді аңғардым.
Сондай күндердің бірінде журналист жазушы болсам деген сәулелі ой санамды шарпып өткендей еді. Соған табан тіредім. Ол үшін оқу керек екендігі талас тудырмайтын. Аздап өлең жаза бастадым. Сол сәттен бастап тек әдеби көркем шығармаларға зер салумен шектелмей, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» журналдарын қызыға, құмарта оқыдым......
Кіріспе Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады. Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады.....
Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі –кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты құнды қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді ....
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Октябрьде туған жас қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орнын анықтау. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипатын беру. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктеріне толық анықтама жасау. Ілияс поэзиясының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Поэзиясын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық синтаксистің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, өлеңдеріне шолу жасау. Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, алты тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қазақ совет әдебиетінің тұңғыш өкілдерінің ішінде Ілияс Жансүгіровтың алатын орны өте үлкен және өзгеше. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында – ақ әдебиет табылдырығын аттаған жас ақын Ілияс Жансүгіров коммунист жазушы Сәкен Сейфуллин бастаған жаңа әдебиет туының астында Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтармен бірге сол әдебиеттің іргесін көтерісіп, қабырғасын қаласты. Бұл тұста ол өзінің өрен талантының қырларын ашып, үздік көзге түсті. Сәкен мен Бейімбет сықылды тырнақ алды өлеңдерін Ілияс та революция қарсаңында жазыпты. Бірақ олары жарқ көрмей, дәптер жүзінде қалып қойған. Ілияс Жансүгіровтың сауатын ашып, жазушы ретінде жарқырап танылған кезі – совет дәуірі. Өзге совет жазушылары секілді Ілияс та революция оятқан еңбекші халық ортасынан шығып, әдебиетке Совет өкіметі ашқан даңғыл жолмен келген жас талапкер болатын. Әрине бұл жолға да әркім өз соқпағымен, өз ерекшелігімен шықты. Біреу жарқын коммунистік идеясы мен партиялық билетін көкірегінде сақтап, жаулардың улы тырнағынан, өлім вагонынан шығып келді, ....
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық» деп айта кетті [1]. ....
Миф дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Жалпы ежелгі заманғы әлем әдебиетінде "миф" деген ұғым болған жоқ, ол тек жаңа дәуірде пайда болды. "Миф" деген сөз - тылсым құпия тереңіне оңай бойлататын, таңданыс пен өзгеше әсерге бөлейтін ұғым. Көптеген ғалымдар, зерттеуші мамандар "мифті"-нақтылы іс-әрекетке еш қатысы жоқ, адамзат қиялының жемісі деп есептейді. Бұл үлкен адасушылық. Біздің елімізде мифология туралы жарық көрген еңбектер аз емес. Сондықтан да "Миф" дегеніміз не деген сұрақты айқындап алу үшін, алдымен ол жайлы айтып кеткен ғалымдардың пікіріне сүйенейік. Ұлы орыс елінің жазушысы М. Горькийдің мифология туралы сөзін мысалға келтірсек: "мифология – табиғатпен күрестің, табиғи құбылыстың - бейнесі және көркем тілмен өрнектелген әлеуметтік өмірдің - көрінісі. " Бұл мифтің шығу тегін ғана емес, сонымен қатар оның негізінде шынайы өмірдің жатқанын, тектен – тек тумаған ой екенін дәлелдейді. Шынайы өмір мен мифтің тығыз байланыста екенін Горький тағы да былайша түсіндіреді: "Өзінің бар күшін тек өмір сүруге ғана жұмсайтын төрт аяқты жануар мен адамды елестету тым қиын. Саналы адам өзінің еңбек етуі арқасында, туылу әрі ұрпақ өсіру сауалына ойланумен ерекшеленеді. Сондықтан да мифтің шығу тегін, қайнар көзін зерттеуде шынайы өмірден алшақтата қарау негізге жатпайды, олардың еңбегі мен күресі ешқандай мәнге ие емес деп айтуға мүлде болмайды. /2, 7б/ Горькиймен сабақтастыра отырып профессор М. Ғабдулиннің сөзін де келтіре кетсек: « ...қиял ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен, әртүрлі қауіп-қатерлерден құтылу, тіршілік ету, табиғат сырларын танып-білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған. Сондықтан да бұл ертегілерде ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман – мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек екен, жақсы шат өмірге жетсек екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар өзінің қиялы арқылы жеткен. Сол қиялдарын ертегі - әңгімелерге, аңыз-мифтерге айналдырған», дейді Мифтің шығу тегіне тоқталсақ, бірден үстірт тоқтамға келмес бұрын, мына бір жайтты ескергеніміз дұрыс. Қоғам дамуының тарихы көрсеткендей, бастапқыда алғашқы адамдар тарихта жартылай жабайы жануарлар, табиғат күшінің алдында дәрменсіз, қорғансыз, өздерінің күштерін әлі толық сезінбеуші жандар ретте сипатталады. Сондықтан да олар жануарлар сияқты, әлсіз, қорғансыз, санасыз, бірақ өздерінің жаратылу өзгешеліктерімен ғана ерекшеленді. "/2, 11б/ ....
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим. Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары: 1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға: 1) осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;....
1 Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі 1.1 Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы “Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді. “Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”. Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі.....
Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді. Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек. Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды. Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді. Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады. Осы жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің, оның құрылуының, орындалуы мен ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік процестің негізгі шарттарын талдау ....
Айналым актинтері косіпорынның мүлкінің бір болігі ретінде қаралады. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану — косіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар косіпорындардың айналым актинтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда. Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру косіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізгі болып есептелінеді. Айналым активтерін ұйымдастыруға жататындар: - айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау; - кәсіпорынның айнальш қаражатына қажеттілігін анықтау; - айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау; - айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау; - айналым қаражатгарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік ету. Айналым қаражаттарының құрамына коптеген элементтер кіреді. Өндірістік айналым актинтерінің негізгі бөлігі -шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар майлар, ыдыстар және т.б. құрылады. Мысалы, машина жасау өңдірісінде, өндірістік цикл ұзақ болады, осыған байланысты аяқталмаған өндірістің үлесті салмағы жоғары. Ал жеңіл және тамақ өнеркәсібінде басты орынды шикізат, материалдар алады. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде (мысалы сүт өндіру, сыр жасауда) қосалқы материалдың, ыдыстарының қоры әлбетте жоғары болады. Айналым қаражаттарын қалыптастыру көзіне қарай меншікті, қарызды және тартылған түрлеріне бөлінеді. Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген. Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оны ешкімнің алуға еркі жоқ. Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға, беруге, жалға беруге еркі бар.....