Банк ісі | Ұлттық валюта мәні және қызметі

 Банк ісі | Ұлттық валюта  мәні  және  қызметі

Мазмұны
Кіріспе..............................................................3
І – тарау. Ұлттық валюта мәні және қызметі
1.1. Теңгенің пайда болу, тарихы, кезеңдері.....................................6
1.2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.........................9
1.3. Ұлттық валюта қызметіндегі негізгі мәселелер.......................12
ІІ – тарау. Теңге айналымы және тұрақтандыру шаралары
2.1.Теңге ел тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің болмысы..............14
2.2.Ұлттық валютаның даму болашағы...........................................17
Қорытынды...................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................22

Кіріспе
Төл теңгеміз мыңдаған адамдардың, түрлі мамандық иелерінің ерен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келді.
Ұлттық валютамыз Қазақстан мен Ресейдің қаржы жүйесінің арасындағы байланыстың үзілу жағдайында енгізілгені белгілі. Алтайда оған әзірлі экономикалық және қаржылық дербестікке ұмтылу нышандары алғаш байқалған 1992 жылдың наурыз айында нақты басталды.
Ақша жасап шығарумен айналысатын әлемдік деңгейдегі өндірістермен келіссөздер жүргізіле бастады. Ең алғаш ұлттық банк еуропалық «Делару» фирмасымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай – ақ Американың, Жапонияның және Қытайдың ақша жасаушылары да өз қызметін ұсынды. Маңызды тапсырысты орындауда сенім артуға болатын компаниялардың ішінде Англияның «Харрисон» фирмасына назар аударылды. Ұзақ мерзімге созылған келіссөздер нәтижесінде осы «Харрисон» фирмасына таңдау жасау ұйғарылды.
Ақшаның алғашқы нұсқалары АҚШ долларына тым ұқсас болды. Екіншісі – ешқандай портретсіз, тек ұлттық оюлармен безендірілді. Ал үшінші нұсқада адам бейнелері мен ұлттық ою - өрнек көрінісі алды. Түбегейлі таңдау төртінші нұсқаға түсті. Ол еуропалық купюралар негізінде жасалғанымен, қазақтың үлтық ерекшеліктерін айқын танытып тұрды. Банкноттар жеті номиналдарға ие болу керек деген шешім қабылданды. Ендігі кезекте тұңғыш қазақ теңгесіндей бейнелеуге тұрарлық тарихи тұлғаларды таңдаудың қиын ісі тұрды. Сонымен арнайы жұмыс тобы бұл істі сан сараптан өткізіп, ұлттық валютада Абылай хан, Әбілқайыр, Абай, Шоқан, Құрманғазы, Сүйінбай мен Әл – Фараби бейнелерін салу туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес дайындалған ақша нұсқалары шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Этолондық үлгілерін президент мақұлдаған соң, Жоғарғы Кеңес оны ресми түрде бекітті.
1992 жылдың қараша айында «Харрисон» фирмасымен түпкілікті келісім – шартқа қол қойылып, келесі жылдың суір айында ақшалардың алғашқы мөлшері басылып шықты. Сондай – ақ қосымша қаржы жұмсалып, теңгені қолдан жасап шығаруға тосқауыл болатын 18 түрлі қорғану шаралары пайдаланылды. Басылып шыққан теңгелер рубльді айырбастауға толық жеткілікті болды. Майда тиындарды жасап шығару үшін арнай өндірістік процесті қалыптастырып, құйманың құрамы, тиындардың диаметрімен салмағы, металдың қасиеті секілді бірқатар техникалық мәселелерді қоса шешу керек болды. Өскемен қаласында орналасқан машина зауыты басшылары мен Ұлттық банк мамандары келісіп, тиындарды осы өндірісте жасауды үйғарды. Бұрын қорғаныс саласына қатысты өнім шығарып келген зауыттық талатты инженерлер мен конструкторлық бюросы тиын жасайтын құйманың құрамына анықтап, өндіріс құрал – жабдықтарымен қамтамасыз ету ісіне ден қойды. Осындай сан – салалы, күрделі істерді абыроймен атқару нәтижесінде Қазақстан Ресейдің рубль аймағынан шығу жөніндегі шешіміне дер кезінде дайын болып, айналымға өзіміздің төл теңгеміз енді.
Ақша әр алуан қызмет атқарды: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақша қағаз және құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Дәлірек айтқанда ақша - қосымша құн әкелетін ақша түріндегі капитал. Ол өнеркәсіптік капиталдың бір түрі болып табылады. Ақшаны пайдалану процесінде ақшаға табыну – ақша фетешизмі (фран. Fetiche - сиқыр) пайда болады. Ақшаның өз жаратылысында кез – келген затқа айырбасталатын сиқырлы қасиеті бар деп есептеледі. Ақшаның кез – келген тауар түрінде айналу мүмкіндігі ақшалық материалдық – алтынның табиғи қасиеті деп түсіндіріледі.
Теңгеде Қазақстанның Елтаңбасы, Жалауы, Әнұраны сияқты мемлекетіміздің айшықты белгіленің бірі болып саналады.
I. Ұлттық валюта мәні және қызметі
1.1. Теңгенің пайда болу тарихы, кезеңдері
Ғалымдардың ойынша теңге атауы бізге орыс тілінен енген.
Профессор М. Балақбаев «Қазақ тілінің мәдениеті» (1971ж.) атты ғылыми еңбектер жинағында: орфографиялық ережелер жинағында орыс тілінен енген сөздердің жазылуы екі бөлініп айтылады. Бір жағынан жәшік, бәтес, теңге, сот, бәтеңке, минут, газет, сиса тәрізді біраз сөздер осылай айтылуынша жазылатыны көрсетілсе, екінші жағынан, орыс тілінен енген сөздердің көпшілігі «тұлғасы сақталып, орыс орфографиясы бойынша, өзгерілмей жазылады» депті. (54 - 55 бет.)
Сонымен «теңге» атауын төл сөзімізге жатқызбайтын пікірлерді оқып отырып, олардың белгілі бір әдебиет көздеріне, яғни түпнұсқалар сілтемесін байқамадым. Сондықтан осы мәселеге орыс ғалымдарының өз көзқарасы қалай, олардың сөздіктерінде нақтылы қандай анықтама берілгендігіне назар аударған жөн сияқты. Орыс тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде (Н.М Шанский, В.В Иванов, Т.В Шанская, Москва, 1961): «Серебренная монета, рубль » (90 – бет) деп жазылған.
Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігінде (редакциясын басқарған Н. М Шанский. 1 том, Москва 1973): «Деньга.» Займствовано из тюркского языка (ср. Татарск. Чагайтайск. Гапда, казакс. Гепда) послужившее источником русского займствования... Деньги. Сопственно русское. По КСРС впервые фиксеруется в Псковской летописи (857 -1650 гг., список ХVI – XVII в. в) Сущ. деньги представляет собой от др. Русского деньга «Денежная еденица», займствованного из тюрк. языка»
Енді қайтадан «қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» оралайық та, 9 – томда теңге атауына байланысты берілген анықтаманы оқиық:
 Теңге. Зат. Құн өлшемі ретінде пайдаланылатын ақша.
Қағаз ақша шыққан соң теңге деген ат пайда болды, шамасы бұл «деньги» деген ұғымға жақын.
 Бір сомдық ақша. Бір теңге беріп жырлатып, 1000 теңге беріп қойдыра алмады. (Мақал). Сонда тұрып Шаншар хан «Төбел тазға – төрт теңге, айна тазға – алты теңге, қырма тазға – қырық теңге», - деді ( «Батырлар жыры» ).
 Ұсақ күміс ақша. Гаухар қалпақ басында, саудырайды теңгесі, теңгесіне бермесе, өкпелейді жеңгесі.
 Теңге алу. Шұңқырда жатқан теңгені атпен шауып келе жатқан адамның іліп әкететін ұлттық ойыны.
Ал ғасырлар бойы екшеленіп, сары алтынды сараланған мақалдар халқымыздың ақыл – ойының жемісі. Теңгеге байланысты мақалдар аз емес. «Теңге – тиыннан, ынтымақ – ұйымнан» (М. Әлімбаева. «Өрнек сөз ортақ қазына», 1967 ж. 22 – бет). «Қалтасында теңгесі жоқ түйенің түсін көреді» деген нақыл сөз бар. Жоғарыда келтірілген мысалдарды қарап отырсақ, теңге атауы тілімізде кездейсоқ пайда болмаған, жүздеген жылдар бойы жасап, өшпес рухани мұрамызға айналғанын айқын көруге болады.
Қазақстан Републикасының Ұлттық Банкісінің жанынан 1997 жылы ақша мұражайы ашылды. Осы шаңырақта әлемнің көптеген елдерінің ақша, валюта, үлгілері жиналған. Арнайы көрмеде қазақ сахарасының Жібек жолы бойынан табылған, 15 ғасырға жуық саудагерлерге қызмет еткен, қолдан – қолға өткен мыс, жез, алтын, күміс, қола ақшалардың ғажайып үлгілері қойылған. Олар Атыраудан Алтайға дейінгі аралықта сауданың қаншалықты қарқын алып, дамығанын дәлелдейтін асыл белгілер. Басылымның 1 – томында «Б. з. д. 704 – 766 ж. Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш Қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын күәландыратын кепілдеме», - деп жазылыпты.
Сөйтіп, қайта жаңғырған теңге атауының Бауыржан Момышұлының: «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып, өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді», - деген айшықтыда ұлағатты сөзіне толық дәлел бола алады.
1.2. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге. Ол 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілген. Сондықтанда отандастарымыз жыл сайын бұл датаны атаулы күн ретінде кеңінен атап өтеді.
Теңге – бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдігі әдемі әрі заман талабына сай ақша белгілерінің бірі. Сондай – ақ алтын валюталық қаражат қорымен толық қамтамасыз етілген.
«Теңге» атауы орта ғасырларда қазіргі ел аумағында өмір сүрген бабаларымыздың қолдынысында болған тиын ақша – теңгенің құрметіне алынған.
Қазақстан валютасы өз банкнот фабрикамыз ол кезде жоқ болғандықтан, Англияда, «Харрисон және ұлдары» фирмасының күшімен шығарылды. Фирма сонымен қатар елімізге қажетті қағаз ақша белгісін. Жеткілікті мөлшердегі қорына да әзірлеп берді, әрі сол ерен еңбегі берілетін «Алтын белгісі» сыйлығына ие болды.
Әрине бұрын – сонды өз ақшасы болып көрмеген жас егемен ел үшін бұл оңай шаруа емес еді. Ұлттық ақша белгісі қандай болуға тиіс дегеннен бастап, оның кескін – келбетін айқындау, сазба – суретін салу, шығару, су белгілері мен қорғау тетіктерін орналастыру, Республикаға алып келу, облыстарға жеткізу, бұрынғы айналымдағы рубльмен алмастыру, қолданысқа енгізу, қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету, айырбас бағамен белгілеу сияқты қауыртта қиын, сан – салалы жұмыстар жүзеге асырылғандаған санамалап шығудың өзі айтуға ғана жеңіл. Болмаса ол дегеніміз – қауіпсіздікке тікелей қатысы бар стратегиялық аса маңызды іс болатын.
Тәуелсіз мемлекетіміз ұлттық валютасының – төл теңгеміздің кескін – келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Ұлттық банктің бас дизайнері Меңдібай Әлин, сондай – ақ Ағымсалы Дүзелханов пен Хайрулла Ғабжәлелов сынды суретші – дизайнерлердің қосқан үлесі қомақты.
«Құны төмен, күнделікті көп қолданылатын қағаз ақша тез тозады, сондықтан оларды металдан тиын түрінде жасайды.» Бұл – қарапайым сатып алушының пікірі. Ал шын мәніндегі тиын ақшаның атқаратын қызметі анағұрлым ауқымды. Олар ең алдымен, таптырмас тарихи дегдарлар. Бүгінгі бізге тиын ақшалар арқылы жеткен бағзы замандардағы орасан зор маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, жануарлар әлемі мифтік сарындар мен тұрмыстық көріністер қаншама десеңізші!
Тиын ақшалар сондай – ақ, ғылым мен мәдениеттің көрсеткіші ретінде де аса құнды. Тіпті сол тиындарды жасау технологиясымен қандай металдан соғылғанының өзі ғана елдің материалдық және рухани деңгейін таныта алады.
Тиындар қазірде мемлекеттік тарихи табыстарын, мәдени мұраларымен айтулы азаматтарын, мерейлік даталарды, мәдениет пен спорт жетістіктерін есте қалдыру мақсатында кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның да өз тиындары бар. Алғаш валютамыз айналымға енгенде 2, 5, 10, 20 және 50 тиындық бақырлар болған. Олар қолданыстан қалып қойған соң «нейзильбер» деп аталатын қоспадан жасалатын 1, 3, 10, 20, 50 және 100 теңгелік метал ақшалар шығарылды.
Сондай – ақ, Абай мен Жамбылдың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына, Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығына, Қазақстан тәуелсілдігінің 5 және 10 жылдықтарына арналған мерей тойлық металл ақшалар кеңінен пайдаланылады.
Бұл қатарға «Татулық пен еске алу жылы», «Қазақстанның жаңа Астанасы» металл теңгелерін, «Қожа Ахмет Иассауи кесенесі», «Айша Бибі кесенесі», «Бабажа – хатун кесенесі», «Нарқобыз», «Теңгеге 100 жыл», «Даудақ» күміс металдарын қосуға болады.
Әйтседе еліміздің атын бүкіл әлемге танытып жатқан «Жібек Жолы – Қауышу жолы» сериясымен шығарылған 1000, 2500, 5000 және 10000 теңгелік таза алтыннан жасалған метал ақшалар десек, қателесе қоймаспыз. Ондай монеталар «инвистициялық алтын ақша» деп аталады. Әрі олар дүниежүзінің кез – келген банкінде айырбасталады.
Республикамыздың тиын ақшаларын жасауға Д. Қасымов, Е. Жамабаев, Н. Наурызбаев, М. Байтақов, В. Ивженко, А. Золотухин сияқты суретшілер мен мүсіншілер айрықша ат салысып келеді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасынның 1995 жылғы 30 наурыздағы №2115 заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2004 жылғы 11 қарашадан бастап «қолданбалы өнер» монеталар сериясынан наминалы 500 теңге «proof» сапасымен «Жетіген» ескерткіш күміс монетаны айналысқа шығарылуда және 2004 жылдың 7 қарашадан бастап «Алтын бұғы», «Деңга» 500 теңге «proof» сапасымен ескерткіш күміс монеталар айналысқа шығарылуда.
«Жетіген» ескерткіш күміс манетасы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары тақырыбын жалғастыратын 4 – ші монета болып табылады.
«Жетіген» өзінің бастапқы түрін осы күнге дейін сақтап келген қазақтың шекті музыкалық аспабы.
Бүгінде Қазақстан - өзіндік ақша – банк жүйесі, алтын – валюта қоры қалыптасқан, тұрақты даму жолындағы іргелі ел.
1.3.Ұлттық валюта қызметіндегі негізгі мәселелер
Міне, 2002 жылы тұсауы кесілген теңгеміз алғы күндерге қарай апыл – тапыл қадам басып барады. Ұлттық валютамыз төңірегінде қазір әр түрлі әңгіме бар. Мұның бәрі теңгенің бүгінгі қауқарына қаратып айтылған сөздер. Егер теңгеміз өтімді болса, ондай әңгімелер айтылмаста еді.
Теңгенің тегеуріні төмендеуінің бірнеше себептері бар. Ең әуелгі кінарат ұлттық валютаны енгізген кезде оның нарқын тым асырып, 1 теңгенің 500 Ресей рубіліне, 1 АҚШ долларын 4,5 теңгеге теңеуде жатыр. Алғашқы кезде ақшаның тез құлдырауы осыдан басталды. Екінші кезеңде экономикадағы орын алған қайшылықтар мен кемшіліктер алдымыздан шықты. Өндіріс орындары мен мекемелердің талабы бойынша үкімет өзара есеп айырысу жүргізу туралы қаулы алды. Ал бұл операциялар басталған кезде теңгенің құны он есе төмендеп кеткен еді. Қаржы министралігінің нұсқаулары мен ескертпелеріне ешқайсысы құлақ аспады. Біздің есебіміз бойынша, өзара есеп айырысудан соң республикалық бюджет арқылы өтелетін қаржының көлемі бюджеттің ауқымынан шықпауы керекті. Алайда, іс жүзінде есеп – қисап түгендей келгенде қарызды өтеуге үкіметтің шамасы жетпей қалды.
Үкіметтің соңғы кездегі тежеу жөнінде қабылдаған шаралары нәтижесіндегі инфляция қарқындары мынадай болды.
Нан бағасының босатылуына да осы жай себеп болды. Қазір бюджетте ондай қауқар жоқ. Көптеген ауыл еңбеккерлері күні – түні ұйықтамай, маңдай термен өсірген астығына тиісті еңбек ақысын неге ала алмай отыр? Ол банкіде ақша жоқтықтан емес. Ауыл жинаған...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі