Экономика | Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге

 Экономика | Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге

Мазмұны

Кіріспе .........3
I. Теңгенің пайда болуы мен қалыптасуы
1.1. Теңгенің енгізілy себептері…………………………………....…............4
1.2. Теңгені жасау………………………………………………..……..........6

II. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы –
теңгені енгізу……………………………………………………………..........8
2.1. Алтын күміс ақша - байлықтың, тарихтың,
мәдениеттің көзі ........15
2.2. Теңгеміздің тағдыры ........17

III. Қазақстан Республикасының теңгені құнсыздануына жол бермеу саясаты
3.1. Инфляцияға қарсы саясат .......23
3.2. 2003-2004 жылдардағы инфляцияның өсуі .......28

Қорытынды ........34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........36


I. Теңгенің пайда болуы мен қалыптасуы
1.1. Теңгенің енгізілу ceбeптepi

Теңгенің енгізу себептеріне тоқталсам, әрине coл кездегі тарихи жағдайларға назар аудару керек. 1991 жылдың желтоқсанында Совет Одағы ыдырағаннан кейін, Қазақстан басқа да ТМД елдері секілді «рубль аумағында» кала берген. 1992 жылы 200, 500, 1000 рубль купюралары шығарылды. Олардың эмитенті ретінде әлі КСРО Мембанкі болып көрсетілген еді. 1992 жылдың мамыр айында ресей купюрасы 5000 рубль, кейінірек 10 000 және 50 000 рубль шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тыс мемлекеттерде 1961-1991 жылдары шығарылған кеңестік ақша, Ресейдің Орталық Банкімен шығарылған 1992 жылғы кеңестік ақша үлгісіндегі және 1992-1993 жылғы ресей ақшалары айналымда жүрген.
Бірақ, Қазақстан Үкіметі және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, Ресейдің рубліне толығымен сенбей, 1991 жылдың соңында өзінің валютасы мен бағалы қағаздар шығару мәселесін қарастырды. 1992 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президентінің «Ұлттық Банк пен «Манат ауласын» құру туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттык Банкінің баспа фабрикасын құру туралы» Жарлықтары (құпиялы түрде) шықты. 1993 жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Банк және Банктік қызметі туралы» заңдар қабылданды. Осы заңдар бойынша Ұлттык Банк еркін ақша-¬кредит саясатын жүргізу, ақша шығару, оны сақтау, жою, инкассация функцияларын иеленді. Сондай-ақ, осы заңдарға сәйкес ешқандай ортақ валюта бірлігі жайында айтылған жоқ. Осындай шаралар, республикада ұлттық валютаны енгізу мүмкіндігі дайындалып отырғанын көрсетеді.
1993 жылдың 23 шілде күні Ресейдің Орталық Банкі 1961-1992 жылғы кеңестік ақша үлгілері мен 5000, 10 000 мыңдық 1992 жылғы ресей
рубльдерін айналымнан шығару туралы хабарлады. Ресейдегі ақша реформасы ТМД елдері мен Қазақстанға ескі үлгідегі ақшаның ағылуына, соның салдарынан инфляцияның өсуіне және өмір cүpy деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты, және жаңа ресей рубльдеріне ескі ақшаны айырбастауға рұқсат берілмеді. Ресейдің Орталық Банкі мен Қаржы министрлігінің басшылары ТМД елдерінің өз валютасын енгізіуін колдады./2/ Қазақстан Үкіметі рубль аумағын сақтағысы келді, бірақ Ресей Үкіметі Қазақстаннан алтын валюталы резервтердің бәрін Ресей қарамағына беру және ресей рубльдерімен камтамасыз еткені үшін Қазақстанның мемлекеттік қарызы деп санауды талап етті. Осындай талаптар Қазақстан үшін жарамсыз еді. Сондықтан өзінің валютасын енгізу кажет еді. 1993 жылы 3 караша айында ҚР Президентінің Жарлығы бойынша ұлттық валютаны енгізу комиссиясы ресми турде құрылды. Оның құрамына: ҚР премьер¬министрі С.А.Терещенко, ҚР вице-президенті Е.М.Асанбаев, Премьер¬Министрдің алғашқы Орынбасары Д.Х.Сембаев, Ұлттық Банктің төрағасы Г.Б. Байназаров, қаржы министрі Е.Ж Дербесов, экономика министрі Б.И. Ізтілеуов кірді. Олар валюта режимін, бастапқы валюта курсын, енгізілу уақытын және т.б. сұрақтарды қарастырды. Теңгенің айырбас курсын таңдағанда реттелетін қалқыма, сондай-ақ, жартылай айырбасталатын валюта курсына тоқталды. Ұлттық валюта – теңге – 1993 жылдың 15 қараша күні бүкіл Қазақстан территориясына ресми турде енгізілді. Ескі акшаның жаңа теңгелерге айырбастау 1993 жылдың 15 қараша күнінің ертеңгі сағат 8-00¬ден басталып, 20 карашаның кешкі сағат 20-00-де аяқталған еді. Айырбас 1:500 катынасындай жүргізілді. Айырбастаудың нәтижесінде 951 млрд. кеңестік рубль алынды. 18 қараша күнінен бастап, теңге Қазақстан территориясында айналымда жүретін жалғыз төлем құралына айналды. /3/
1.2. Теңгені жасау
Ұлттық валютаның атауын ортағасыр тарихынан алған (Қыпшақтар тұсында «таңга (теңге)» деген айырбастау манаттары қолданыста жүрген).
1992 жылы Қазақстанда шетел фирмалар саны өсті. Соның ішінде «Харрисон және ұлдары» фирмасы да болды. Олар теңгені жасауға өзінің көмегін ұсынды. Қазақстан дизайнерлері мен суретшілері ағылшын фирмасына өзінің үлгілерін көрсетіп, бірігіп жұмысқа кірісті. Теңгенің алғашкы үлгілерінде қазақ ұлттық ою-өрнектерінен басқа, ешқандай портреттер болған жоқ. Бірақ, ағылшын эксперттері ақша бетінде портреттер болу керек, ойткені баспаның ерекше техникасына байланысты ондай ақшаларды қолдан жасауға қиын болады деп сендірген.
Арнайы құрылған топ мүмкін болатын барлық портреттерді қарастырып, таңдаған. Сөйтіп, теңгенің беткі жағында Қазақстан тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бейнесін, ал артқы жағында Қазақстанға тән табиғи және сәулет өнерінің элементтерін бейнелеуге шешім қабылданған.
Банкноттардың беткі жағында (аверс) :
• 9-10 г. Отырарда (Оңтүстік Қазақстан) өмір сүрген атақты философ, ақын Абу Насыр Әл-Фарабидің (1 теңге);
• сазгер Сүйінбайдың (3 теңге);
• күйші Құрманғазының (5 теңге);
• тарихшы, демократ-Шоқан Уәлихановтың (10 теңге);
• ақын, ұлы ойшыл Ұлы Абай Құнанбаевтың (20 теңге);
• мемлекет қайраткері Әбілхайыр ханның (50 теңге);
• саясаткер және дипломат – Абылай ханның (100 теңге) портреттерін салу қабылданды.
Бас дизайнердің бірі Тимур Сулейменовтың айтуы бойынша ағылшындар өздерінің үлгілерін ұсынған еді, бірақ қазақтар оны қабылдаған жоқ. Одан басқа Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжалелов, Меңдібай Әлин дизайн-суретшілер еңбек етті. /4/
Алғашқы дизайнерлер 200 теңгеге дейін ақшаның нұсқасын ойлап тапқан, кейінгі үлкенірек номиналда теңгені Ұлттық Банк суретшілері ойлап тапқан. Бүгінгі күнi теңге 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 номиналда шығарылады. Ал 100-ге дейінгілер тиын түрінде ғана айналымда қолданылып жүр (1,5,10,20,50,100).
Ұлыбритания суретшілері гильош деп аталатын арнайы портреттерді бедерлеуді дайындаған және осыған авторлық құқық алған. «Харрисон және ұлдары» фирмасы теңге банкноттарын істегені үшін Ұлыбритания патшайымынан, ең жақсы экспорттық өнім үшін, «Алтын Белгі» сыйлығын
алды.
Қазақстандық теңге пайдаланған қорғау элементтеріне, техникалық әдістерге қарай бүгінгі күнi қолданыста жүрген дуниежүзілік валюталарымен сапасы жағынан бір қатарда тұp.
Алғашқы майдалау монеталары - тиындар қағаз түрінде болған. (2,5,10,20,50).
Жалпы, ұлттық валютаны қабылдағанда дизайнды жасау және баспаға шығару бір уақытта және қысқа мерзімде істелген еді. Тиындардағы негізгі элементтер - ұлттық ою-өрнектер, жануар мен құстардың графикалық бейнелері, киіз үйдің құрамдас бөліктері болып табылады
II. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасың ұлттық валютасын енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабынан және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашадан сағат 08.00-ден бастап (жергілікті уақыт) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілсін.
2. 1993 жылғы 18 қарашадан сағат 08.00-ден бастап (жергілікті уақыт) теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
3. Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер кабылдауға міндетті.
4. Осы Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев.
Алматы. 1993 жылғы қарашаның 12-сі.

Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесінің төралқасы мен Қазақстан
Республикасы министрлер кабинетінің қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттык валюта - теңгені
енгізу туралы шешімі жөнінде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы мен Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті каулы етеді:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қараша ел аумағында ұлттық валюта – теңгені енгізу туралы шешімін ақша айналымында қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір дұрыс және дер кезінде жолы деп есептелсін.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Премьер-министрі
С.Әбділдин. С.Терещенко. Алматы , 1993 жылғы қарашаның 12-сі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ұлттық валюта – теңге күнi тypалы.
1993 жыл, 15-қарашаның ҚР-ның ұлттық валютасы – Теңге енгізілген күн ретіндегі тарики маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесі қызметкерлерінің тұрақты экономикалық өсуді қаматамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. 15-қараша ұлттык валюта – Теңге күні, ҚР-ның қаржы жүйесі
қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жариялансын.
2. осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
ҚР Президенті
Н.Назарбаев
Алматы, 1997ж., қарашаның 13-i.

Қазақстанның тәуелсіздігіне 14 жыл. Ғасырға бергісіз деп жатырмыз. Өз жеріне еге болган ел мемлекеттік рәміздерін, ұлттық белгілерін енгізіді. Республикамыз Әнұранын, Көк байрағын, Елтаңбасын сайлады. Тек бір ғана ақау – сауда-саттық айырбасы, экономикамыздың бір өлшемі ұлттық валютаның қолданысқа ендіру барысында көбімізге беймәлімдеу тежеу «қол-аяқты» орап, матап жатты. Мұндайда еліне, ірrесін бекіткен жаңа мемлекетке

шын жаны ашар жандар қажет-ақ екен. Құдайға шүкір, ондайлар табыла
кетті. Теңге дүниеге қалай келді?
Кез-келген мемлекет өзінің ақшасын ерекше құпия түрінде жасайды. Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін де Әнұраны, Гербі, Туы болған. Бірақ мұның бәрі СССР деген алып мемлекеттің тасасында қалатын да, ал рубль деген ақша өз үстемдігін үнсіз жүргізіп отырды. Тіпті, «міне, біз¬дербес елміз» деп жүргеннің өзінде, Ресей рубль барынша қоқан-лоққы жасады.
Ресей Қазақстанға 1 рубльді беріп, 65 копеекті кайтьш алатын. Ресей
төл экономикасын нығайтуға бағытталған өз жолын таңдады да рубль аймағы қасқара берді. 1992 жылы Қазақстаннан басқа төлем құралы ретінде рубльді екі-ақ мемлекет – Ресей мен Тажікістан пайдаланды. Сонымен қатар, ресейліктер таяу уақытта кеңес сомының орнына ресейлік рубль болады деп ескертті. Сонымен, рубль аймағын бөлу бастамасы Ресейден шықты. Қанша тырысқанмен, ұлттық валютаны енгізу шынайы қажеттілік болды.
Қазақстан етек-жеңін жиып, Елтаңба мен Tyғa конкурс жариялаған кезде, осы теңгені жасау жөнінде ой келді. Теңге жобасын жандандыру үшін «Қазақстан дизайн орталығы» құрылып, Хайролла Ғабжалелов осы құрылымның бас директоры болды.
Теңгенің авторлары көп. Бірінші кезекте бұл – қазақстанның Президенті, oл 1992 жылы еліміз «рубль аймағында болған кезде өз валютамызды енгізу туралы күрделі саяси шешім қабылдады. Қазақстандық қолма-қол ақшаларды экономистер, банкирлер, Ұлыбританиядағы банкнот фабрикасының басқарушылары және басқа да мамандар, ағылшын оюшылары да жасады.
Теңгенің ә дегеннен қазақ арыстарынын басталмады. Tүрлі бағытты ұстанды. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі архитектурасын, табиғатын, тұлғалардың бейнелерін кескіндеді. Жоғарғы Кеңестің басшылары Ерік Асанбаев пен Сауық Текежановтар портретке тоқтау керек деп кеңес айтты. Тұлғаларының елі, жері, жүзі айқындалып болғанда, оны эскиздерімен дайын......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі