Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан қоғамындағы қазіргі кезеңдегі ғаламдану саясатының басты бағыты республикамыздың саяси жүйесі мен қүрылымын, қоғамдық қатынастардағы орны мен ролін, Конституциялық статусы мен функцияларын, оның барлық құрамдас бөліктерін қамтиды. Осы өзгерістердің табиғаты мен ауқымының бір ерекшелігі - олардың бүкіл мемлекеттік құбылыстағы ішкі-сыртқы саясатпен үйлестігінде, қоғам әлеуметтік қатынастардың дамуында. Қазақстан Республикасындағы серпінді өзгерістер мен пікір алуандығы жариялылық тенденцияларын үздіксіз өзгеріп отырады. Бұл қүбылыстардан қоғамымызда толық демократияның қалыптасқандығын байқаймыз. Саяси үрдістерді дамытып отыратын саяси институттар — саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, ерікті баспасөз, яғни саяси жүйені құратын әлеуметтік топтар. Қазақстан Республикасының егемендік алуы тек үлттық сананың жаңаруы ғана емес, республикамыздағы саяси жаңғырудың демократиялық жолмен дамуына зор мүмкіндіктер ашты. ....
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады. Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. /1/ Онда: 1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер; 2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау; 3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; 4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады. Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату ....
Тынышбаев Мұхаммеджан ( 12.5. 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезінде Мақаншы Садыр болысы – 1938 , Ташкент ) –– Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері , тарихшы ғалым , қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. 1900 ж Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерей тойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты « тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі » екендігін мәлімдеп жоғарғы оқу орнында білім алуына арнайы степендия бөлуді сұрады . 1900 жылы жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық сынайтын мақалалар жазып , патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді. Патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып , ендігі уақытта ұлттық езгідегі халақтарға автономия берілуін талап етті. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол құрлысына жіберіледі. 1907 жылы Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады және онда агрокомиссия құрамында қызмет етеді . Дума таратылған соң Орта Азия темір жол құрлысына айрықша өкіметті нұсқайшы инженер болып тағайындалып , Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады.1922 жылдан Түркістан АКСР –сі су шаруашылығы басқармасында , Ташкентте жер суландыру бөлімінде , Қызылорда қаласының құрылыс- жөндеу жұмыстарында , Жетісу губерния атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп , өзін білікті инженер маман ретінде таныта білді . 1927 жылдан Түркістан – Сібір темір жол құрлысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрлысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түркісібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3- інде тұтқынға алынады. Оған « тап жауы » « буржуазияшыл ұлтшыл » деген айып тағылды. Кейінгі жылдары үнемі бақылауда болған ол , ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және комуникация академиясына, көшеге Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді. ....
Бұл оқиға байтақ далада емес, күні бүгін қыспақ қалада болды.
Аламан бәйге шабардай ғана жерде ұйлығып жатқан қалалықтарға таңсық емес. Көрдегі аруақ бір аунап түссе де, еттері өліп кеткен. Сөзге құлақ аспас, ойға сауын салмас...
І
Иқанның да, Иванның да кәсібі кісі қызығарлық емес еді. Олар — кәдімгі көр қазушылар: могильщик, қабірші, ақымшы, лақатшы... Өлі мәйіттің ең ақырғы “сауабын алушы”.
Екеуі бүгін де құлама қияда қабір қазды. Ақ қар жамылған Алатау бауыры таң бозынан күрек шыңылын шамырқанбай қарсы алған. Қара санды қабар сере күртікті сыпырып тастап, тоң жүрмеген қара шірікті қалың қабатты қарулы қимылмен аршып үлгерген. Күн төбеге көтеріле кісі бойы сары керішті кертіп, мәйіт келгенше дайын қылды.
Жұрт жиналған кезде оңашалау барып, астарына сырт киімдерін төсеп отырысты. Шылымдарын шығарып, құшырлана сорған.
— Байлар екен, — деді Иқан.
— Иә, көрініп тұр, — деді Иван. — Одан бірақ бізге келіп-кетері жоқ...
— Өз ісіңе жауап берсең — болды, — деп Иқан Иванның қышыған жерін қасып қойды.
— Білем, білем, — деп Иван да күмілжіді. — Әйел адам секілді.
— Білмеймін, — деді Иқан, — өлген соң бәрібір емес пе?! Қара жерге еркегің не, әйелің не — жұта береді... .....
Баққа бөленген әдемі қаланың ортасына салынған емхана бір көшені бір-ақ алып тұрады. Оның көше жағына қараған беті дәрігерлер науқас адамдарды қабылдайтын бөлмелер де, аула жақ беті ұзын зал. Ұзын залдың бойына қойылған отырғыштардың босы көп болғанымен қабылдау кабинеттерінің бәрінің алдында адам баршылық. Адамның ең көп отырған жерлері құлақ, мұрын, тамақ ауруларын, көзді, тісті қарайтын кабинеттер алды. Ұзын залдың ашпалы терезелерінің барлығы ашық. Осы ашық терезелерден таңертең соққан самалмен бір хош иіс келеді де, адам мейірін қандырмай жоқ болады. Сусап отырғандарға зор сабадан бір-бір тостағаннан қымыз беріп бір жайқар келіншек ізінше қайтып шығып кеткендей болып тұр. Жанға сая көктемнің лебі отырған науқастарға табылмас шипадай сезіледі. Самал тағы да, ессе игі еді деседі, отырғандар;
Залдың. кіре беріс есігі кең ашылды да, денесіне жабыстыра тіккен қалың күрең қызыл көйлегі бар бір әйел көріне кетті. Ол есік жабылар — жабылмастан залдың оң жағына қарай тез басып жүріп берді. Осылай қарай бұрылуымен одан хош иіс бұрқылдап, терезеден келген лепке жарымай отырғандардың мұрнын жарып жібере жаздады. Ол құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет алдынан аяғындағы өкшесі дірілдеген жылтыр қара туфлиін шажамайын шиқылдата, екі қолын артына лақтыра тастай сыпыртып өте шықты. Құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет ең түкпірде еді. Бұдан былай кабинет жоқ болса да ол етіп барып бұрыштан кілт бұрылып, қашаған қуып үйренген қысыр биедей өкшесінен қайтты. Туфлиін шиқылдатып бері жүрді. Екі құлағын кезек басып шыдай алмай шеткерірек отырған орта жастағы Ерекеңнің беті тыржың ете түсті. Оған жалғас отырған қартаңдау әйел де татып кеткен айран ұрттан алғандай мұрнын тыжырып, бет-аузын қатпарландырып, аулын ырсита қойды. Көзі әлгі әйелде. .....
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік- экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр. Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың ерекшелігі. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр. Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты- аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету. Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.....
Самат ауылда тұрады. Жұбайы бар. Жарасымды отбасы. Самат ауылдан үлкен етіп үй салып алған. Үйлерінің айналасын бау-бақшаға айналдырған.
Самат бала тәрбиесіне байланысты көп айтады. Өйткені әке. Саматтың өзінің кішкентай ұлы бар. Соны Самат жаңа заманға бейімдеп тәрбиелегісі келеді. Осыған байланысты айтады. Саматқа салса, үлкен қалаларға көшіп кетер еді. Сонда ұлын жаңа заманға сай етіп тәрбиелеуге мүмкіндігі де көп болар еді. Ұлын сол қаланың мектебіне оқытар еді. Бірақ Самат ауылда қоныс теуіп қалды. Тұрмысы да жаман емес. Тек әлгі баласының заманауи тәрбиесіне ғана алаңдап жүр.
Самат та бір шаңырақты ұстап отырған жігіт болғаннан кейін, ауыл-үйдің отырыстарына шақырылып отырады. Самат әлгіндей бала тәрбиесі жайлы ойларын осындай жерлерде де қозғап отырады.
Сондай бір отырыста Самат бүгін де сөйледі:
- Қазіргі заманның баласына, - деді Самат жан-жағына қарап алып. - ертегі айта алмайсың. Қазіргі бала ертегі дегенді тыңдамайды. Неге?! - деді Самат көпшіліктің өзіне сұрау қойып. .....
Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалға, соңғы қырық жылдағы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырғанда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңғы екі онжылдықты салыстырғанда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген. Қоғамдағы соңғы жылдары болған өзгерістер қоғам мүшелерінің моральдық этикалық ұстанымдарын күрт өзгертті. Осыған орай жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар да өсті. Сонымен қса, қылмыс сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырады. Айталық ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері жиіледі, атап айтқанда, аса қатігездікпен, пайдақорлық мақсатпен, екі немесе көп адамды өлтіру т.б. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілігі әлі күнге кү....
Соңғы елу жыл ішінде ЭЕМ (электронды есептеу машиналары) даму дәуірінде көптеген өзгерістер болды. Алғашқы шамды ЭНИАК есептеуіш техникасынан бастап бүгінгі күні дербес компьютерлерге дейінгі ЭЕМ дамуын төрт сатуға бөлуге болады. Бірінші сатыға бізге белгілі алғашқы сериалды шамды БЭСМ-1, “Стрела” есептеуіш машиналарынан бастап 60-шы жылдарға дейінгі ЭЕМ-дерді жатқызуға болады. Бірінші сатыдағы ЭЕМ-дер қатарына: БЭСМ-1, БЭСМ-2, Стрела, Минск-1, М-20 жатады. Бұл ЭЕМ-дер есептеу барысында бір секундта оншақты мыңдай амал орындай алаған. Екінші сатыға – транзисторлы есептеуіш машиналары жатады (секундына 100 мыңдай амал орындайды). Екінші сатыдағы ЭЕМ-дер қатарына кіші есептеуіш машиналар (Минск сериалы) Урал типті машиналар және БЭСМ-6 жатады. Үшінші сатыға - интегралдық жүйеге негізделген есептеуіш комплекстер жатады (секундына миллиондай амал орындайды). Осы сатының машиналары бірлесіп қызмет істей алатын немесе біріккен жүйенің ЭЕМ-дерді қатарына ЕС ЭЕМ (IBM 360/370) сериасымен жасалып шыққан есептеу комплекстері кіреді (секундына оншақты миллион амал орындайды). ЭЕМ-нің қолданылатып жерлері өте көп. Олар физикалық процестерді модельдеу (мәселен, ауа-райын болжау), биологиялық процестерді зерттеу, автоматты түрде жобалау жұмыстарын жүргізу, вокзалдардағы анықтама бюросының қызметін атқару, автоматты түрде билеттерді сату жұмыстарын ойдағыдай атқарып келеді. Қазіргі уақытта ғылыми техниканың дамудың жетістіктеріне сай, алдыңғы қатарлы ЭЕМ - өміріміздің әралуан саласында кеңінен қолданылуда. Осыған орай – ЭЕМ-да жұмыс істеу реттерін программа арқылы басқара алатын систематехника инженерлеріне сұраныс көп. ЭЕМ-сы мен арақатынасын қалыптастыруға керекті алгоритмдік тілдер: ....
Кіріспе Жер – су аттарының мағынасын, пайда болуы, қалыптасу, тұрақтану және дұрыс жазылып, айтылу заңдылықтарының зерттейтің топонимикалық ғылымына сұраныс артып келеді. Бұл қазіргі кезенде қоғамда қалыптасып отырған жағдайлармен (тарихи, байырғы атауларының жаңғыртылуы, мемлекеттік тілді ғылыми терминологияның бір жүйеге келтіру мен тұрақтандыру және т.б.)тағыз байланысты. Топонимиканы пән ретінде жоғары оқу орындарының география, тарих, философия факультетінің оқу жоспарына еңгізудің білікті маман дайындауда маңызы зор екенің тәжірибе дәлелдеп отыр. Мысалы, «Топонимиканегіздері» курсы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің География – экология факультетінде 20 жылдай оқытылып келеді. Бұл пәннің негізгі теориялық мәселелері қазақ топонимиясы негізінде қарастырылады. Өйткені Қазақстан жеріндегі топонимдердің көпшілігі қазақ тілінде және жергілікті топономияда табиғи орта тұрады ақпар да мол. Қазақ топономиясын ұлан - ғайыр Қазақстан жері жайлы тарихи – географияляқ ақпараттардың бірден – бір деп қарау орынды. Біз ұсынып отырған оқу құралын «географияляқ туризм», географияляқ – тарих» мамандықтарының оқу жоспарларына енгізілген «Топономика негіздері»курсын оқыту барысында пайдалануға болады.....
Кіріспе Динамикалық қатардың мәліметтері тенденциялық өзгеруі мүмкін (өсуі, кемуі) және тербелісте болуы мүмкін. Мәліметтердің тербелісте болуына кездейсоқ жағдайлар әсер етеді, оны кездейсоқ тербелістер дейді, маусымдық құбылыстар әсер етеуі мүмкін, оны маусымдық тербелімтер дейді. Маусымдық тербеліс – белгілі бір уақыт периодында қайталады. Курстық жұмыстың мақсаты – темір жол жүк тасымалдарында қай маусым тиімді екенін есептеп шығару. Жұмыстың негізгі міндеттері: Маусымдық индексті анықтап, келесі жылға болжам жасау; Берілген мәліметтерге сүйене отырып, регрессиялық талдау жасау. Маусымдық ауытқу қазіргі кезде қай салада болмасын жиі кездесетін құбылыс. Әсіресе ол ауыл шаруашылығында, көлік, сауда, құрылыс салаларында кездеседі. 1. Маусымдық ауытқудың теориялық негіздері және есептеу жолдары.....
Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен (оң-сол, астында-үстінде, арасында) таныстыру, балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету(жоғары-төмен, ұзын-қысқа). Логикалық ойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекілік құралдары: өзен, биік қарағай мен аласа шыршаның суреттері, қоян, тиін, кірпі, екі шымшық. Үлестірмелі материалдары: түрлі-түсті карандаштар, жұмыс дәптері. Алдын- ала бала санына қарай үлестірмелі материал (жұмыс дәптері) жасалады, онда үш қыздың бейнесі бейнеленген аласа, ұзын, ең аласа және үйлер осы өлшемде. Технология: Ойын технологиясы. Әдіс-тәсілдері: Көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру. Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері. Ал балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. .....
Кіріспе Экономиканың қарыштап дамуына байланысты коммерциялық және әкімшілік мәселелерді шешуге арналған өзара байланысты деректер көбейіп келеді. Өзара байланысты деректерді ақпараттар жүйесі деп атайды. Мұндай жүйе негізінен адам еңбегін жеңілдетуге бағытталған. Осындай ақпарат тарату жүйесі жарнама қызметі саласында жұмыс атқаратын ұйымдар мен құрылымдар қызметінің де ең негізгі құраушы элемент болып табылады. Ал бұл жағдайда ақпараттың оперативтілігі мен шынайылығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Жарнамалық қызмет мекемелерінің осы жүйені дұрыс қолдана алуы оларды үлкен бәсекелестік қабілетпен қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде жарнама біздің өмірге мықтап орныға бастады. Жарнама өнеріне үйрететін әр түрлі мекемелер ашылуда. Сәйкесінше осы саладағы мамандандырылған фирмалар да көбейіп келеді. Оның бір мысалы – жарнама агенттіктері. Жарнама (французша – «айғайлаймын») тауарлар мен қызмет түрлері жайлы ақпарат беретін және оларға сұранысты қалыптастыруға бағытталған маркетинг шараларының бір түрі болып табылады. Ол экономиканың нақты құралы және нарықтық жүйенің негізгі реттеушісі. Жарнамалық шараларды ұйымдастыру оңай жұмыс емес. Оны жүзеге асыру үшін жоғары дәрежелі мамандар мен арнайы жарнамалық бөлімдердің аса қажырлықпен жұмыс істеуге тура келеді. Ал осы шараларды негізінен ұйымдастыратын жарнама агенттіктері болып табылады.....
КlРlСПЕ. Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгiнгi таңда бiлiмнiң мемлекеттiк стандартына сәйкес республика мектептерiне бiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұнын туындауда. Оның басты себебi республика өзiнiң тәуелсiздiгiне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшелiктерiн ескерте отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу iсiн қайта құрудың аса қажеттiгi пайда болды. Оның үстіне, өтпелi кезеңдегi нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа Ұшыраған әрбiр отбасның экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесiне керi әсерін тигiзiп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көрiс қамымен базар жағалап немесе жұмыс iздеп, бала тәрбиесiне көңiл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 11-13 жастар жеткiншектердi шылым шегуге, iшiмдiкпен, нашақорлықпен, жезөкшелiкпен айналысуға, ұрлық iстеуге, т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатiгездiкке итермелеуде. Сонымен бiрге мекетепке қоғамға пайдалы iстердiң бәсеңдеуi оқушылардың бiлiмге, өнерге деген қызығушылығын төмендеттi, сондай-ақ мектептердегi оқу-тәрбие iсiнде етек алған формалистiк көзқарас, тәрбие жұмысын бiр мерзiмге жүргiзiлетiн науқанға айналдыру, оқу бағдарламасын, жоспарының және оқулықтардың бiр сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестiк ерекшелiктерге көңiл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негiзделген әкiмшiлiк, әмiр етушiлiк сияқты келеңсiз жағдайлар тұлғаны еркiндiгiнен айырды. Ол оқушылардың бойында тәрбие мәселесiне керi көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшiлiгi жеке басының ерекшелiктерi мен икемдiлiктерiн дамытуға мектеп мүмкiндiк бермейдi деп санайды. Әр оқушының қызығушылығын бiлмегендiктен және олардың психологиялық ерекшелiгiн ескертiп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалiмдер арасында түсінiспеушiлiк жағдайлар жиi кездеседi. Осының бәрi тәрбие жұмысының үстірт жүргiзiлуiне әкелiп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшелiктерiне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеудегi iшкi мүмкiндiктерiн ескермеуден, олардың қабiлеттерiн әлеуметтiк жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр. Соңғы жылдары оқыту мен тәрбие мәелесiне қатар жарыспалы үрдiс немесе тәрбиенi оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу, жалпы бiлiмнiң базалық сынарларын дұрыс таңай бiлмеу, бiлiмдi iзгiленруде тәрбиелiк мүмкiндiктiң толық ескерiлмеуi, этникалық мәдени бiлiмнiң дүниежүзілiк мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты терiс көзқарастар байқауда. Тәрбие iсiнде отбасымен, балабақшамен, бастауыш және орта мектептермен кәсiптiк-техникалық училищелермен тұрақты сабақтық байланыс сақталынбай қалды. Оқу орындарындағы, мектепке дейнгi және мектептен тыс мекемелердегi, баспасөздегi, теле-радио хабарлардағы және қоғамдық ұйымдардағы тәрбие жұмысын орталықтандырудың жеткiлiксiз екенi байқалады. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бiр себебi – олардың ғылыми негiздерi дәрежесiнiң төмендiгiнен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте жеке тұлғанның дамуын өмірге сәйкессiз тұрғыда қарастырып келдi. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсiресе, биологияның, медицинаның психологияның жетiстiктерiн ескермеудiң салдарынан тәрбиеге бiр жақты қараушылық мектеп тәжiрибесiнен орын алып келдi.....
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген. Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Педагогика гректің «пайс»- балалар, «эгейн»-баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан. Ертедегі Грецияда өзінің қожайынының баласынгың қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған. Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды. Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғылымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларды педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика-тәрбие туралы ғылым болып табылады. Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайывндағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным- мағлұматтары дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады.Адамзат қоғамының ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. ....
Математика барлық тұжырымдар ақыл қорытындысы арқылы, яғни адамның ойлау қабілеті заңының жолдарын қолданып, дәлелденетін ғылым болып табылады. Адамның ойлау қабілетінің заңын оқу логика пәні болып табылады. Логика өз алдына ғылым болып грек философы Аристотельдің (384-322 ж.ж б.э.д) еңбегінде нақтыланған. Ол өзіне дейінгі мәліметтерді жүйеледі және осы жүйе кейін формальды немесе Аристотель логикасы деп аталды. Формальды логика еш өзгеріссіз 20 ғасырдай өмір сүрді. Математиканың дамуы Аристотель логикасының жетіспеушіліктерін көрсетті және оның әрі қарай дамуын талап етті. Математикалық негізде логиканы құру идеясын тарихта алғашқы болып неміс математигі Г.Лейбниц (1646-1716) XVI ғ. аяғында айтты. Ол логиканың негізгі ұғымдарын арнайы шарттармен байланысқан символдармен белгіленуі тиіс дейді. Бұл кез-келген ойларды есепке ауыстыруға мүмкіндік береді. Алғашқы болып Лейбництің айтуын жүзеге асырған ағылшын ғалымы Д. Буль (1815-1864). Ол айтылымдар әріптермен белгіленген алгебраны құрды және бұл айтылымдар алгебрасын дүниеге әкелді. Логикаға симвлодық белгілеуді ендіру, бұл ғылымға маңызды болды. Дәл осы символдарды логикаға ендіру жаңа математикалық логика ғылымының негізін қалады. Логикада математиканы қолдану логикалық теорияларды жаңа формада кқруге мүмкіндік берді және есептеуіш аппараттарды адамның ойлау қабілеті жетпейтін есептерді шешуде қолдану логиканың зерттеу облысын кеңейтті. XIX ғ. аяғында математика үшін актуальді мәнге ие болатын сұрақтар туындады, яғни оның негізгі ұғымдары мен идеялары бойынша. Бұл мәселенің логикалық негізі болды және бұл математикалық логиканың әрі қарай дамуына алып келді. Бұл қатынаста неміс математигі Г.Фреге (1848-1925) және Итальян математигі Д. Пеано (1858-1932) еңбектерінде көрсетілген. Математикалық ойлаудың ерекшеліктері математикалық абстракция және олардың байланыстарының түрлілігінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Осыған орай осы заманғы математикалық логиканы математиканың бөлімі ретінде қарастырады. Математикалық логиканың дамуының негізгі себептерінің бірі әртүрлі математикалық теорияларды құруда аксиоматикалық әдістердің кең таралуы болып табылады. Математикалық теорияны аксиоматикық құруда алдын-ала кейбір белгісіз жүйе ұғымы және олардың арасындағы қатынас тандалады. Осы ұғымдар мен қатынастар негізгі деп аталады. Әрі қарай дәлелдеусіз теория қарастыратын негізгі орын аксиома қолданылады. Барлық алдағы теорияның мазмұны аксиомадан логикалық түрде шығарады. Математикалық теорияда аксиоматикалық құруды алғашқы болып геометрияны құруды Эвклид қолданды ....
Талай қиындықты бастан кешіп,ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған,бейбіт күндері туған жердің көркейіп,қанат жаюына өз үлесін қосқан,бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған қазалылық азаматтарымыз аз емес.Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты да жарқын күндерді көре алмай кетті.Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.
Солардың ішінде XXғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі саналатын Ұлы Отан соғысына қатысып,ер етігімен су кешіп,жеңісті сыйлаған жандардың бірі-менің атам,Ұлы Отан соғысының ардагері Əбдірей Əбішұлы болатын.
Менің атам 1941 жылы 21 жасында майданға аттанған.102атқыштар дивизиясы қатарында шайқасқан.Шайқас кезінде аяғынан жараланған.Сонымен қатар аяғы үсікке де шалдыққан."Ер шекіспей бекіспейді" демекші,менің атам жазылып шығысымен майданға қайта аттанады.Ал 1945жылы 2мамырда жеңіс туын тігіп,еліне,халқына мəңгілік қуаныш сыйлағандардың қатарында болды.
Ауыз толтырып айтар ерлігі бар,мен үшін үлгі тұтарлық алып тұлға саналатын,осы ашық аспан астында өмір сүруіміз үшін үлесін қосқан атамның ерлігі ескерусіз қалмасын деп осы бір үзік сырымды қағазға түсіруді жөн көрдім.
Менің атам Əбдірей Əбішұлы-мен үшін үлгі тұтарлық тұлға.Атам үлгі боларлық істерімен маған ғана ата емес,Қазалының əрбір жаны ескеріп,есімін жүрегінде сақтап,жасаған ерлік істерін мақтанышпен айта алатындай болса деймін.Атамның есіміне өз туған жеріндегі көше атауы берілсе деп ойлаймын.
«Таңертеңмен бір сұлу қыз суға барады о-о» деген ән біздің ауылда өтпейді-ау. Жо-жоқ, ауылдың қыздары ұсқынсыз деп тұрғам жоқ. Оның орнына «таң ертеңмен бір көк есек суға барады» деген жөн. Бізде есектің арқасына екі флягті артады да жібере салады. Жай басып ол бейшара құдықтың басына қарай өзі кетеді.
Осы біздер «Миы жоқ ЕСЕК» деп ұрсып жатамыз, ал ол бейшараның миы болмаса суға өзі бармас еді ғой. Құдықтың басына барады да тұрады салбырап, «қашан нетеді, қашан су құйып береді» деп. Шлангіні салып су құйсаң, қайта кетеді үйіне қарай. «Есектің өзі арам, еңбегі адал» деген. Ал біздің үйде есек жоқтұғын. Су әкелу сары айғырдың мойнында. Өзі асау айғыр. Онымен суға барған-экстрим. Біздер-вольный смертниктерміз. Көшеде өзімен өзі, ешкіммен шатағы жоқ ұшып жүрген салафан, қағаздардан үркіп, байтал көрсе шайтан көргендей делебесі қозып тұратын. Жазда арқасына екі флягты байлап, қыста дәәәу ат шанаға 6 флягты, 2 кателок, 1 бедон, 1 шәйнек...т.с.с салып алатынбыз. .....
Біздің заманымызға дейнгі 500 – 449 жылдары гректерге парсылар шабуыл жасап көп жерлерін басып алды. Гүлденген қалаларды қиратып, елді қулдыққа салды. Қатерлі булт Афина қала – мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғау үшін грек қалаларының одағың күрды, ортақ жауға бірігіп қүресуге жұмылдырды. Ақырында гректер жеңіп, тәуелсіздіғің қорғап қалды. Осы жеңістің барысында грек қалаларының қүшті теңіз одағы құрылды. Оған кішігірім екі жүзге тарта мемлекет кірді. Бірте – бірте осы тен праволы қала – мемлекеттер үлкен державаға айналып, күшейді. Сонында олардың біріне Афина өз үстемдігін жүргізді. Оның әсіресе теңіз флоты қатты дамып, теңізді емін – еркін биледі. Афина қала мемлекеті әсіресе, Периклдің түсында/ б.з.д. 444-429 жылдар/ өзінің ғүлденуің бастан өткерді. Афина ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналып, атақты ақын – жазушылардың, тарихшылар мен философтардың назарын өзіне аударды. Осындай қүшті Грек мемлекеті түсындағы өміріне келген өнер – Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архаика кезендеріндегі жасалған өнер түындыларынан уйрене отырып, жаңа турпаттағы талғамы жоғары өнерді тудыру осы кезеннің сүретші – сәулетшілерінің уйлесіне тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Еуропа елдеріне ықпалың жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеуіне күшті әсер еткен осы кезендегі туындаған өнер болды. Алғаш гректін өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да осыдан. Ежелгі дүние көлемінде Ежелгі Греция мәдениеті ерекше жоғары өркендеу дәрежесіне жетті. Онда жараталыстану, гуманитарлық және дәл ғылымдар өркендеді. Ежелгі Грецияда философияның негізгі бағыттары пайда болып дамыды, бейнелеу өнері, әдебиет және мәдениеттің басқада салалары тамаша табыстарға жетті. Грек тілі осы уақытқа дейін ғылыми терминологияда кенінен қолданылды. Бізде адам аттарының көпшілігі гректерден тараған. Көптеген мақалдар мен мәтелдер, ертегілердің сюжеттері ежелгі грек трагедиялары мен комедиялары дүние жүзі театрларының сахналарынан түспей келеді. Ежелгі Грецияның мәдени мұрасы ерекше мол дүние, оны зерттеу – ігілікті іс ....
КІРІСПЕ Түрлi шаруашылықтaрда, оқу орындарында, коммерция¬лық, мекемелерде және т.б. салаларда берiлгендердi дайындау, оларды өндеу, caқтay жиi кездеседi. Мысалы, жоғары оку орындарында дайындалатын мәлiметтер: факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерiнiң тiзiмi не қызметкерлер жөнiнде басқа мәлiметтер; емтихан ведомостары; cтyдeнттep жөнiнде мәлiметriк тiзiмдер; түрлi белiмдерде жұмыс icтейтiн адамдардың тiзiмi (Teri, аты-женi, бiлiмi, aдpeci, үй телефоны, т.б.); Мұндай мәлiметrердi caқтay және өңдеу көп тapaғaн әдici - оларды берiлгендер қоры түрiнде дайындау. Берiлгендер қоры (БҚ) - құрылымы арнайы тәсiл бойынша ұйымдастырылғaн берiлген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл неriзiнен кесте түpiндe дайындалады. Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын тандау (шартты қaнaғaттaндыpaтын сұраныс құру), оларды caқтay, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, Kecтeнi басып шығару сияқты орындалатын ic-әрекеттер - күрделi жұмыстар. Бұрын, мысалы, Турбо Паскальда БҚ кecтeci берiлгендер файлы ретiнде құрылып, онымен жұмыс icтey үшiн программағa арнайы процедуралар мен функциялар енгiзiлетiн. Соңғы кездерде кестелерден тұратын БҚ құрып, оларды өңдейтiн көптеген программалар жүйесi дайындалғaн.....
Кіріспе География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады. Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология. Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі.....
Семей полигоны. Ондағы жарылыстар туралы соңғы жылдары аз айтылып жүрген жоқ. Полигон төңірегінде болған әрқилы демонстрациялар, телемарафондар, ең ақыры астанамыз Алматыда «әлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» конгресі дүние жүзінің ақ жүректі адал жанды азаматтарын мазасыздандырған ғасыр қаруының қаншалықты қатерлі күшке ие екендігін айқын аңғартса керек. Алайда соған қарамастан, полигон төңірегінде күні бүгінге дейін бірін – бір қарама – қайшы екі ұдай пікір қалыптасып отыр. Оның шырқаған шындығы қайсы? Осыны әлі күнге дейін басын ашып, ажырата алмай жүргендер аз емес.
Ал оған одақтық, мерзімді баспасөз беттерінде, радио, теледидар арқылы берілген кейбір ғалымдар мен журналистердің өзара сұхбаттары да аз себеп болып отырған жоқ. Тіпті олардың кейбірі жарылыс әуеде және жер үстінде ядролық – сынақтар жасалған 1949 – 1963 жылдарда атом сәулесіне ұшыраған адамдар жайлы дерек ешқайда сақталмаған, ондай болған күннің өзінде, ол шамалы болғанға ұқсамайды деген уәж айтады. Ал бұл байламмен полигон төңірегінде туып, ержеткен, осында өмір сүріп, еңбек еткен кез – келген адамның келісе алмасы хақ. Өйткені, өткен – кеткенді ой безбенінде саралай келіп, жарылыс зардабы .....
Бітіру жұмысы Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті. Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген. Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған. Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген. Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор. Құрылымы мен көлемі жоғарғы мектептің барлық талаптарына сай келуін ескере отырып,Бітіру жұмысын қорғауға жіберуге болады. ....
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады: 1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы. 2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын-шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар. 3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді. ....
№24 Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Білім бері саласы:"Таным" Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі - көктем Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, қыс, күз) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту. Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, демонстрациялық ойын
Мотивациялық қозғаушылық Цифрды тап ойыны Педагог балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды......
КІРІСПЕ Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті. Өйткені, әрбір жазушы кез-келген шығарманы жазу алдында көп ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал, тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те «Дарабозды» өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды. Бүгінде «Дарабоз» романының маңызды шығарманың бірі болып отырған сондықтан.....
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де Салозано осы ғылым туралы «бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А.Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілде функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі ңі,ңі,үқаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі артта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухагтелрлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Осы жоғарыдааталған бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және оның жүргізілуі жолдармен оқырмандарды таныстыру мақсатында жазылған бұл оқу құралы бухгатлерлік есептің принциптері мен негіздерін толық ашып көрсетеді. Жалпы, осы оқу құралы бухгатерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім беретін жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілі сөздерін ескерсек, бұл оқу құралының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығынан басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігі сөзсіз. ....
Кіріспе Қазақстан жерінде көне тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет біздің дәуірге дейінгі ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл мемлекеттің орталығы Орта Сырдарияда, яғни Оңтүстік өлкемізде орын тепкен деген болжам айтуға болады. Жұмыстың өзектілігі. Қаңлы мемлекеті өмір сүрген уақыт ішінде Сырдария арқылы өтетін Жібек жолының Ферғана мен Арал жиегіндегі аралығына бақылау жасау саясатын ұстанған ірі мемлект болып, көшпелі және отырықшы өркениет үлгілерін тиімді ұштастыра біліп, өзіндік ерекшеліктерге толы саяси мемлекеттілік құрған. Сондықтан Қаңлы мемлекетін зерттей келе, біз, өз ата-бабаларымыздың озық тәжірибесін, бай мәдени құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұрпақтары мақтан тұта алатын өркениет иелерімен қайта танысамыз. Оның үстіне осы мемлекеттің Оңтүстік Қазақстан территориясында орнығуы өлке тарихын зерттеуге зор мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты. Оңтүстік қазақстан территориясындағы б.з.д. II – б.з. IV ғғ. аралығында өмір сүрген Қаңлы (Кангюй, Канцзюй) мемлекетінің археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген қазба жұмыстар нәтижелерін жинақтап, ғылыми тұжырымдарды сараптау арқылы осы мемлекеттің материалдық және рухани құндылықтарын айқындау.....
КІРІСПЕ Өндіріс өнімдерінің ішінде мұнай өнімдерін тұтыну мен мұнай және газ өндіру үлкен маңызға ие болады. Сондықтан біздің Республикамызда мұнай өндірісінің дамуына зор мән береді. Ғылыми-техникалық процестің жедел даму міндеттерін шешу үшін жаңа кен көздерін ашып іске қосумен бірге, бұрғылаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін еңбек өнімділігін және еңбекті ұйымдасты-руды жақсарта отырып шұғыл түрде бұрғылау жұмыстарының көлемін арттыру. Бұрғылау өндірісін жаңа техникалармен және технологиялармен жабдықтау. Негізгі назар өндірісті кеңейту, қашаудың бұрғылау мен шегендеу құбыр-ларының сапаларын арттыруға аударылады. Ұңғы бұрғылаудың техникалық процестер жүйесін басқаруды автоматтандыру, дамытуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі кезде бұрғылау әр түрлі бұрғы қондырғыларымен іске асырылады. Ұңғы құрылысының толық циклі төмендегі негізгі элементтерден тұрады: 1. Мұнара құрылымының құрылысын салу және тұрғызу. 2. Ұңғыны бұрғылау жұмысына дайындау. 3. Бұрғылау процессі. 4. Жер қыртысын ашу. 5. Бұрғылау мұнарасы мен жабдықтарын бұзып жинау. Қазіргі кезде еңбекті және ортаны қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысы бөлінген жерді пайдаланған кезде, оған қолданылатын жуу сұйық-тарында, әртүрлі физико-химиялық қасиеттеріне, химиялық реагенттердің улылығына, бұрғыланған жыныстардың құрамына және басқа да факторларға байланысты. Жоба оқу кезіндегі алынған білімімді көрсету мақсатында жасалынады. Әрбір бөлімді дайындап әзірлеуге үлкен көңіл бөлінеді. Ұңғы құрылысын салғанда, қоршаған ортаға зиян өте аз мөлшерде зор ықлас бөлінуі керек. I ТАРАУ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1. Жұмыс ауданының климаттық-географиялық жағдайы Жаңажол кен орны Мұғаджар тауы мен Ембі өзенінің алқабының ортасында орналысқан Оралманы платосы шамасында жатыр. Әкімшілік жағынан Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданы құрамына кіреді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы қарастырып жатқан кен орнынан солтүстік жағында 240 км жерде орналасқан. Осы алқаптың рельефі аздап тауланған жазық, дараланған арқалықтан және жыралардан тұрады және плюс 125- тен плюс 270 м-ге дейінгі белгілермен мінезделеді. Төменгі мәндері Ембі өзеніне қарай тартылған. Өзендегі су минералдалған және ол техникалық қажеттіліке ғана қолданылады. Ал тұрмыстық мақсатқа су құдықтан алынады. Құдықтағы және Ембі өзеніндегі судың мөлшері 2 м және одан астам. Ауданның ауа райы құрғақ, тез өзгергіш, температураның жылдық және тәуліктік ауытқуы тез және ылғалдылығы өте төмен температура қыста минус 40 С –ға дейін түседі, ал жазда плюс 40С –қа дейін көтеріледі. Қантар мен ақпан айлары ең суық болып табылады. Алғашқы қардың жатыу қарашаның ортасында басталады және ол наурыздың соңына дейін сақталады. Атмосфералық жауын- шашынның жылдық орташа мөлшері көп емес, ол жылына 120-140 мм- ге жетеді. Ең ыстық ай болып шілде мен тамыз табылады. Аудан аз қонысталған, ең жақын елдімекен болып Жаңажол совхозы табылады.Ол солтүстік-шығыс жағында 15 км жерде орналасқан. Және солтүстік- батыс жағында 35 км жерде Кеңкияқ мұнай кәсіпшілігі орналасқан. Атырау- Орск мұнайқұбыры 100 км қашықтықта өтеді. Кен орнын Октябрьск және Жақсымай өндірісті- техникалық қызмет көрсету және құрылғыларды комплектациялау базалары материалды- техникалық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етеді.....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының призденті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компбютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр. ....