Курстық жұмыс: География | Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы

Курстық жұмыс: География | Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы казакша Курстық жұмыс: География | Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы на казахском языке

Мазмұны
І.Кіріспе…………………………………………………………………..3
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы…............4
1.2 Балқаш көлі алабының құрылымы……………………………………….......8
1.3. Балқаш –Алакөл алабы…………………………………………………….....10
ІІІ. Қорытынды………………………………………………………………...15
Әдебиеттер………………………………………………………………………16

Кіріспе
Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары — Алакөл, Қарақамыс, Кеңтүбек, аралдары — Басарал, Тасарал. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды.
Балқаш көлі өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +24°, қыстағы орташа температурасы —8°-қа жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +27°-қа жетеді. Балқаш көлінің табиғат байлықтары. Көл әртүрлі моллюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер мен планктонға бай. Балықтың 20-дан аса түрі бар. Оның 6 түрі — тек Балқашта өсетін балықтар.
1.1 Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы.
Балқаш алабұғасы, шармай аққайрасы, т.б. Су тышқаны (ондатра) жерсіндірілген. Іленің атырауында өскен қамыстардан малға жылына 1 млн. т дейін шөп дайындайды. Жабайы аңдарға бай. Көлдің суын жағалауында орналасқан кәсіпорындар пайдаланады. Көлде кеме қатынасы үзілмейді.
Балқаш көлі экологиясы. Балқашқа құятын Іле өзеніне Қапшағай су қоймасы салынғалы бері суының деңгейі 2 м төмендеді. Қазір Балқаш көлі түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанған, оған әсіресе Балқаш мыс комбинаты көп зиян тигізуде. Мыс комбинаты Балқаш көлінен жылына 59 млн. текше м суды өндіріске пайдаланады. Пайдаланған су жақсы тазартылмай, көлге қайта жіберілетіндіктен, қазір көл суы құрамында мыс 14—54 есе артып, молибден, мырыш қалдықтары көл түбіне шөгіп, тіршілік көзін жоюда. Экологиялық жағдайы өте нашарлағандықтан, көлден ауланатын көксерке балығы қоғам дамуының қазіргі жағдайында өмір беруді дамытуға, өндірістің барлық үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл қойылып отыр. Балқаш көліңің- су жинау алабы 413 000 шаршы шақырым аумаңты алып жатыр. Оньщ 350 400 км2 (85%) бөлігі Қазаң мемлекетінің шегінде жатса, ал өзге бөлігі (15%) Қытай Халық Республикасында орналасқан.Бұл көл алабының гидрографиялық желісі жеткілікті дәрежеде дамыған (0,6—-3,0 км/км2), әрі ағынды қалыптасатын белдемінің айтарлықтай бөлігі аумағында орналасқан (Іле өзенінің жоғарғы ағысы). Ал ағын сусыз кеңістіктерден тұратын Қазақстан аумағында гидрографиялық желінің жиілігі 0,01 км/км2-ге дейін құлдырайды.
Аймақтың түстік және түстік-шығыс бөлігінде, яғни Іле өзенінің алабында аумағы тау жоталарының үзіліссіз дерлік белдеуі шектейді : ең биік нүктелері 4800... 6000 м болатын Үлкен Алатау (Іле Алатауы) және Күнгей Алатау, Теріскей Алатау мен Сарыжаз, одан әрі шығысқа қарай. Шығыс Көктекетау (4525 м) және терістікте олармен параллель бағытта биіктігі (4368 м) мен Нарат (4112 м). Іле өзенінщ жоғары ағысының терістігін Ереңқабырға (5500 м) мен Борохоро (4715 м) жоталары шектесе, ал одан әрі терістік-батыста оны Түстік Жоңғарияньщ жоталары — Тышқантау (4359 м) мен Бежінтау (4187 м) шектейді. Одан әрі терістік-шығыс бағытта аймақты Жоңғар Алатауының (Арқас) жоталары қоршап жатыр. Арқастың өзі бірнеше параллель жоталардан (терістік және түстік) тұрады. Олар өзара тауаралық ойыстармен бөлінген және терістік шығыстан түстік-батысқа қарай созылып жатыр. Көксу өзенінің бастау алар шамасында олар теңіз деңгейінен есептегенде 4454 м көтерілген, Жоңғар Алатауының өзен желілерінің басты суайрығы болып табылатын біртұтас тау торабына бірігеді (Бесбақан тауы). Бұл тау тізбектері альпі (алып) типтес, тік биік шынды және терең аңғарларға бөлінген болып келеді. Балқаш көлі алабының ең биік нүктесі Баянқол өзенінщ бастауында (Мұзарт, 6400 м БЖ). Мұнда мүздьщтар, тас мұздар, тас қорымдары, біріккен шөгінді конустарының сілемдері, тау ормандары және басқада таулық ландшафтардың түрлері шоғырланған. Бұлардан тау ағынын қалыптастырушы жүйелер (ТАҢЖ) құралады
Аймақтағы тау тізбектерін бір-бірінен бөліп жатқан өзендердің терең депрессиялық аңғарлары батыстан келген ылғалды ауа массаларының тауларға тереңдей енуіне, сөйтіп бұл ылғалдың осы тау ағынын қалыптастырушы жүйелерге атмосфералың жауын-шашын түрінде түсуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, мүнда ТАҢЖ бетінде атмосфералық ылғал конденсацияға ұшырап, соның бір бөлігі беттік ағындыға айналса, екінші бөлігі жерасты су ресурсын толықтырады. Конденсация қалыптасатын жерде төмен атмосфералық қысым аймағы қалыптасады, сондықтан да бұл аймаща қосымша ылғалды ауа ағыны ұмтылады. Бұл жағдай өз кезегінде тау жуйелері ағынын қалыптастыру күшін күшейтеді. Осы көрсетілген ылғалға байланысты Балқаш көлінің алабында қалыптасатын, жыл сайын жаңаратын су ресурстарының көлемі 28,85 км3 оның 16,05 км3-і аумағында қалыптасты,
аумағында (Текес өзенінің жоғарғы ағысын қоса есептегенде) қалыптасады екен. Осы ағындының айтарлықтай бөлігі биік таулардағы қар мен мұздықтардың еріген суынан қалыптасады, сондықтан да ұсынылып отырған мақала да осы проблемаға бағышталған.
Сурет-1
Балқаш көлі алабының орографиялық құрылысының нобайлық сызбасы.
Гидрологиялық және атмосферадағы ылғалды конденсациялау тұрғысынан қарасақ, аумақ ландшафының ерекше әрі аса маңызды элементіне мұзқұрсануды жатқызар едік. Себебі, алаптағы негізгі өзендер түгелдей мұздықтардан бастау алады. Мұздықты тұрақты жұмыс істейтін фабрика немесе тұщы су сақтайтын ғасырлық қойма деп қарастыруымызға болады.
1. 2 Балқаш көлі алабының құрлысы 1-кесте
Балкаш көлі алабындағы мұзқұрсану және муздық ағынды (ҚХР аумағы да кіреді)
Балқаш көлі алабының Қазақстан аумағындағы бөлігінің қазіргі заманғы мұзқұрсануы және ондағы мұз ресурстары туралы мәліметтер «Каталог ледников СССР» атты кітапта жинақталған. Ал Шығыс Түркістандағы мұзқұрсанудың мөлшері туралы дерек соңғы кезге дейін белгісіз болып келді. Бұл ақтаңдақ соңғы кезде қытайлық мамандар тарапынан 4 томдық Тяньшан (Тәңіртау) мұздықтарының каталогін дайындау арқылы толықтырылды.
Еріген мұздықтың ағындысына (3,544 км3) мұздықтың абляция белдеміндегі маусымдық қар жамылғысының еріген суы мен жаңбыр суын қосуға тиіспіз. Мұздың ағындысының бұл қосымшасы мамандардың бағалауынша алаптағы жалпы өзен ағындысының 3%-ін құрайды екен. Олай болса Балқаш келінің су жинау алабында қалыптасатын жалпы мұздың ағындысының көлемі 4,28 текше шаңырымға тең немесе алаптан түсетін жалпы ағындының 17,5 процент бөлігін құрайды екен....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар географи, Курстық жұмыс: География | Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін