География | Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы

 География | Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы

Кіріспе
Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі.
Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы- Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен , Іле Алатауымен, батыста – Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр.
Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар : Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және слотүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады.
1.1. Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш – Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы : 17-22 мың км2, ұз. 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,24%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра жылғамен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғ-дан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини). Көлді тиянақты зерттеу 17ғ-да басталды. Орыс картографы және тарихшысы С.У. Ремезов 1695 ж. «Чертежи всех сибирских городов и земель» атты атласында Балқашты « Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғ-дың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19ғ-да Клапроттың (1836) және Швед картографы И.Г.Ренаттың ( Жоңғарияның картасын жасаған ) карталарында бейнеленді. П.В.Рихтгофен (1877) мен А.Ф.Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Б. туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В.Мушкетов, А.М.Никольский, Л.С.Берг т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф.Домрачев, В.Н.Абросов, Л.И.Лев, Н.М.Страхов, Д.Г.Сапожников, М.Н.Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық- географиялық сипатын зерттеумен 1970-90 ж. Қазақстан ҒА-ның ин-ттары, Қазақ балық ш. ғыл.-зерттеу ин-ты, Қазақ гидрометеорология ғылыми- зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы ). Көл – шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15-170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солт.-шығыстан соғады. Сол себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым–шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды (кестені қара). 1970 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрол. режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрогр. ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрол. және гидрохим. жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералд. мен тұзд. бұл екі бөлікте екі түрлі.
М.Қалиев
1. Тарау
1. Балқаш көлінің фикалық-географиялық сипаттамасы
1.1 Балқаш көлі туралы түсінік
Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімш. аудан. 1932 жылы құрылған. Аумағы 37,4 мың км2, тұрғыны 30,9 мың адам (1999). Аудандағы 38 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округ құрамына енеді. Аудан орталығы – Бақанас а. Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесік Атырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан аумағындағы ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды. Шаруашылықтардың егісін суландыру негізінде Ақдала суландыру жүйесі салынған. Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы –13–150С , шілдеде 240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан. Балқаш алабының негізгі топырақ жамылғысы– құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сорсаң т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік , ну қамыста – қабан, ондатр тіршілк етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, сулы жерлерде тырна, қоқиқаз, бірқазан т.б. құстар мекендейді. өзендерде сазан, алабұға , мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында көмір, марганец, уран бар. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр , гранит өндіріледі. Балқаш ауданында халықтың орналасу тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 0,9 адамнан келеді. Елді мекендердің барлығы Іле аңғарында орналасқан. Аудан экономикасының негізгі саласы – а.ш. Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суармалы егін шарушылығы қалыптасқан. Мал шаруашылығында қой (92 мың), етті ірі қара мал (41,6 мың), жылқы шаруашылықтары (9,0 мың)жақсы дамыған (1997). Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің ауданы 1,8 млн. Га (1998) . Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411га) егіледі. Ауданда әр түрлі бағыттағы 124 кәсіпорын, өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 20 мектеп, 1 тех. уч, кітапханалар, аудандық аурухана мен емханалар, 20-дан астам фельшерлік фунт бар. Аудан жерімен Алматы – Қараой, Бақанас–Құйған автомобиль жолы өтеді. Іле өзенінің төменгі ағысымен шағын кемелер қайтады.
Қ .Ахметов
“БАЛҚАШ”–балық аулаумен және өңдеумен шұғылданатын кәсіпорын. 1940 жылы Балқашбалық комбинаты болып құрылған. 1995 жылы акцион. қоғам. Балқаш қ-нан 4 шақырым жердегі Рыбтрест кентінде. Мұнда екі балық зауыты, бір балық аулау базасы, 3 тоңазытқыш, құтылау, ыстау, балық ұнын шығару және бөшке-жәшік жасау цехтары, балық аулайтын моторлы қайықтары және балық қабылдайтын кемелері бар.
Балқаш–Қарағанды облысындағы қалада, Балқаш көліндегі пристань, Мойынты– Саяқ т. Ж-ы тармағындағы станция. Қарағандыдан оңтүстік-шығыста т.ж. бойымен 487 км жерде, Балқаш көліндегі Бертіс шығанағының жағасына орналасқан.
Халқы 1939 ж. 32,5 мың болса, 1959 ж. 53 мыңға, 1970 ж. 75,9 мыңға жетті. Қала 1932 ж. Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту заводының құрылысына байланысты салына бастады. 1936 жылы Қарағанды–Балқаш т.ж. салынып, мыс қорыту з-ды мен қала құрылысын көп жеңілдетті. Б-та Қоңырат мыс кенінің карьері, Балқаш–Қоңырат т.ж-ы, Балқаш байыту фабрикасы, Қарағанды көмірімен жұмыс істейтін ірі жылу электр орталығы, жөндеу-механика, кірпіш з-тары салынды. 1936 ж. Балқаш мыс қорыту з-ды іске қосылды. Қысқа мерзімде 15-тей ірі жұмысшы поселкесі салынып, олардың бірігуінен 1937 ж. Балқаш қ. пайда болды.
Мойынты – Шу т.ж-ы арқылы Алматымен, Қарағандымен, Саяқ руднигімен, Қазақстанның оңтүстік облыстарымен және Орта Азиямен байланыстырды. Балқаш қ-сы мен Балқаш көліндегі Бөрілітөбе, Сарышаған, Мыңарал, Бурылбайтал пристаньдарының және Іледегі Қапшағай қ-ның арасында кеме қатынасы бар. Автотранспорт Балқашты облыс орталығымен, төңірегіндегі аудандармен, рудниктермен, демалыс орындарымен, әуе жолы Алматы, Москва, Қарағанды және республиканың басқа қалаларымен байланыстырды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?