Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Директор

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Директор казакша Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Директор на казахском языке

Қонақтан шыққан масаң тартқан алпамсадай жігіт жолдастарымен әлі де қала түспек ойы бар еді, бірақ шынашақтай ғана жұбайы оған ерік берместен, білегіне шап етіп жабысқан күйі жігіттің жүзін басқа бағытқа қаратып үлгерді. Жігітке жұбайының әміріне еріксіз мойынсұнуына тура келді. Түн көзге түртсе көргісіз қараңғы, оның үстіне жер лайсаң батпақ еді. Нәзік жұбайының алпамсадай, әулетті жігітті сүйеп қалуға шарғасы келмей аяғы бір-екі рет тайғанақтап барып түзелген соң, әлгінде ғана өздерімен бірге қонақтан шыққан, кетіп бара жатқан топ қыздың ішінен өзінің мектептен бірге өскен жан құрбысын көмекке шақырды:

- Сәуле! Сәуле! Бері келші! Жәнібекті үйге дейін жеткізейікші!

Жан құрбы жан құрбыны жолға тастап кете алмады. Аяғы саз балшықтан сырғанай түскен күйі еңісте тұрған ерлі-зайыптылардың жанына келді. Жанына келді де, өзі де нәзік құрбы алпамсадай жігіттің екінші білегіне жармасты. Енді бағыт түзелді. Бағыт алған нысанаға қарай ақырын-ақырын жақындап келе жатыр. Бір қадым ілгері, екі қадым кейін. Жігіт әлсін-әлсін тоқтап, арт жаққа мойнын бұрып тың-тыңдайды да, жігіттердің даусы семген соң, еріксіз екі білегіндегі нәзік жандылардың қимылына бағынып, ілгері аттайды. Жігіттің жұбайы ойлап келе жатыр:

"Енеме дейін аман-есен жеткізсем, бір жағынан енем ұрысып жүріп, бір жағынан өзім сүйрелеп жүріп төсегіне жатқызар едік. Бұл енді балалардың бетінен сүйемін деп бесіктегісіне дейін бәрін оятып шығады-ау. Мұның әкелік махаббаты осындайда оянып кетеді".

Қыз ойлап келе жатыр:

"Құрысын, күйеуге тиген деген осындай болады екен ғой. Күйеуімізді осылай сүйрелейміз де жүреміз бе сонда? Олай болатын болса, жұбайыңның алпамсадай жігіт емес, бәкене бойлы болғаны дұрыс шығар".

Жігіт шайқатылып барып түзелді. Назік қолдар білекке одан әрі қарысып жабыса түсті. Кенет жігітке тіл бітті:

- Мынау қай жақтың директоры?

Қыз ойлады:

"Мынаның көзіне жын көрінейін деді. Болмаса бұл осы тас қараңғыда қай жерден директор көріп тұр?"

- Қане, директор?! - деді қыз. - Қай жерден директор көріп тұрсың осы тас қараңғыда?!

- Мына "шелектің" ішіндегіні айтамын, - деді жігіт бағананың басында сөйлеп тұрған радионы басымен нұсқап көрсетіп. - Осының ішінде сөйлеп жатқан қай жақтың директоры болды? Москваның директоры ма, әлде Алматының директоры ма? Қай жақтың директоры сөйлеп жатыр?

- Құдай-ай, Жәнібек! Диктор десейші! - деді қыз. - Ол сөйлеп жатырған диктор емес пе?!

- Дикторы не, директоры не? - деді жігіт ілгері баса беріп. - Екеуі де елді аузына қаратып отырғасын бәрібір емес пе?




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Ғабиден Қожахмет Директор туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Директор на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ғабиден Қожахмет Директор туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ғабиден Қожахмет Директор на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные расск, Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Директор ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер