Мен мұрт қойғалы қашан! Е-е, несін айтасыз, мұрт мәселесі өз алдына үлкен бір проблема! Олай дейтін себебім, көресіні жұрттан емес, мұрттан көрдім. Мәдениетті, әдепті таныс кісілер «Мұртты жігіт»,— дейді. Ал, кейбір мысқылшыл дырдубайлар «Ей мұрт»,— деп тәмам жұрттың алдында айқай салып, аптарихаңды айрандай төгеді. Жеке өзің келе жатсаң мейлі ғой. Кейде қызбен дегендейін...
Мұрт дегеніміз — үстіңгі ерін мен қос танаудың аралығына біткен, не сүт қоректілер тегіне, не өсімдіктер тобына жатпайтын өз ырқына жіберсең шырмауықтай қаулап өсетін тәртіпсіз бір дүние! Сағаттың қос тіліндей тылтиған бұл көпірдің пайдасынан зияны көп-ау деймін.
Әлі есімде, автобусқа мініп, бір күні қызметке бара жатыр едім, екі көзі тұздай егделеу бір кісі маған шүйліге кетті.
— Әп, пәлем, түстін бе қолға?! Мұртыңды біртіндеп тұрып жұлайын ба, осы?!
Мен аң-таңмын. Автобус ішіндегі жұрт елең ете қалды. Әлгі үйрек тұмсық бейтаныс адам қайта төнді.
Есіңде ме, мені кроватқа арқанмен матап тастап, аузыма шүберек тығып, колхоздың қыруар алмасын машинаға тиеп, тапа-талтүсте ұрлап кеткенің? Қайда әлгі сыбайлас чечен жігітің?.. Жаңылмасам аты Махмұт болар. Сен солай деп дауыстағансың... .....
Кіріспе Халық шаруашылығының кез-келген саласының тау-кен өндірісінің өнімімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жерде үдей дамып, өркендей өсіп кету мүмкін емес. Сондықтан да,өскелең өнер кәсібіміз тау-кен өндірісінде жеделдете дамытып ,ондағы еңбек өнімділігін арттыруды талап етеді.Минералдық шикізат өнімінің деңгейін өсіре түсу, тау-кен өндірісін ғылыммен техника талапы тұрғысында кен қазудың озық технологиясың үнемі іздестіруде, өндірістік негізгі процестерге пәрменділігі жоғары еңбек өнімділігін арттырып, ауыр жұмысты жеңілдететін маркшейдерлік құралдарда әрдайым жетілдіріп, өндіріске енгізіп отыуды талап етеді. Кен қазу жүйелерінің конструкциялық элементтерін өзгертуге себепкер болатын негізгі технологиялық процестерге пайдаланатын жабдықтардың артықшылығы техника-экономикалық тұрғыдан есептеліп, сараптану нәтижелерінде қабылайтын инженерлік бірден-бір дұрыс шешімге негіз болмақ. Жобаланатын кеніш, ”Қазақмыс корпорациясы” акционерлік қоғамның қарамағында және кең байтақ республикамыздың мыс өндірісінің шикізатпен жабдықтаушысы болып табылады. 1 Геология 1.1Географиялық жағдайлар Жезқазған кенорны Орталық Қазақстанның оңтүстік батысында Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан батысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан. Кенорнының аумағы 20 км2 және 67°22 - 67°32 шығыстық байлық және 47°50 - 47°55 солтүстік ендікте жатыр. Жезқазған кенорны темір жолдармен Жарық, Жезқазған, Сәтбаев, Жезді қалашығымен байланысқан. Ауданының климаты континенттік шөлейтті және құрғақ далаға тән. Қаңтар-ақпан айларының төменгі температурасы –41 –42, шілде-тамыз айларында +38 +48 С. Орташа жылдық ылғалдылық 120 - 200 мм болады. Топырақтың мұздау тереңдігі 2 м-ге жетеді. Шығыс, солтүстік-шығыс, солтүстік бағыттағы жел басым. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,3 м/с-ке тең. Гидрографиялық торабы нашар дамыған, кішірек өзендерінің режимі жыл мезгілімен тығыз байланысты. Сейсмикалық жағынан тұрақты, жерсілкіну 6 баллға дейін болуы мүмкін. Кенорын орналасқан жерде өсімдік қабаты өт жұқа. АҚ “Қазақмыс” кәсіпорындары екі негізгі алаңда орналасқан: 1) жер асты және ашық әдіспен кеніштер, қызмет көрсетуші кәсіпорындар, №3 байыту фабрикасы орналасқан алаң; 2) кеніш алаңынан 20км қашықтықта орналасқан Жезқазған қаласы. Алаңда №1 және №2 байыту фабрикалары, мыс қорыту зауыты, ЖЭО, қоймалар, базалар және басқа қызмет көрсетуші кәсіпорындар бар. Жезқазған және кеніш алаңдары өзара темір жол және автомобиль жолдарымен байланысқан....
КІРІСПЕ Бүгінгі таңда, халықаралық қатынастарда дипломатияның алатын орны ерекше. Әлем кардиналды түрде өзгерді. Соғыс саясаттың жалғастырушысы болмайтын болды. Халықаралық аренада ХХI ғасырда әлем дамуының жолдары күнделікті талқыланып жатыр.. Сол себепті, дипломатия халықаралық қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерінің, компромистер мен өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен – қатар, әртүрлі сфераларда халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің қайнаркөзі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев өзінің Сындарлы оны жыл кітабында былай дейді: Қазіргі тарихтың кестесі мейілінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс – бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа мемлекеттер мен одақтар ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың түбегейлі еңсе көтеріп, құрылымын орнықтыруы үшін санаулы-ақ жылдар қажет.....
Сабақтың мақсаты: жалпы өлшеуішер туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру. Әдіс - тәсілдер:: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу Көрнекіліктер:: суреттер, әліппе - дәптер, жұмбақтар, элек. сұрақтар. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - Балалармен амандасу - Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату. - Балалар бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері. Жаңа сабақ: .....
Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған, Шәкіртіне дем бергізген жеткізеді деп баққа арман. Ұстаздардың күні бүгін бар тілегі өмірде Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.
«Мұғалімдер күні бүгін» өлеңінен
«10 «А» класына – математика, 3-кабинетте, 10 «Б» класына – әдебиет, 5-кабинетте». Бұл 80-жылдар ішінде өзімізге физика пәнінен сабақ беріп, №25 мектепте 90-жылдардың ішінде де сабақ беріп барып, құрметті демалысына шыққан оқу завучымыз Сәбит Жалғасбаев ағайдың даусы. Сәбит Жалғасбаев ағай мектеп радиосынан оқушыларға сабақ кестесін хабарлап жатыр. Осымен бірге электр қоңырауы да үсті-үстіне безілдеуде. Соның арасында Сәбит Жалғасбаев ағай оқушыларды сабаққа кіруге қоңырау соғылып кеткенін айтып асықтыруда.
«...Мұғалима есікті ашып, сыртқа беттей берген сәтте-ақ, тентек қоңырау ақыры өз дегенін жасап үлгереді. Оның ортасындағы ұзынша тілі қабырғасына барып соғылады. Бар болғаны бір-ақ мәрте соғылуының өзі жеткілікті. Дауыс тым алысқа кетеді.
Осы кезде сыртта тұрған оқушылар ішке қарай лап қояр еді. Себебі шәкірт санасы қоңыраудың әмірлі үніне бағынып үйренген». Сайт бетінде бұдан бұрын жарық көрген «Қоңырау» әңгімесіндегі бұл көрініс 90-жылдар ішіндегі №25 мектептің өмірінен алынып жазылған болатын. Өтпелі кезең аталған осы бір уақыттарда 80-жылдар ішіндегі мектеп маңдайындағы радионы былай қойғанда, электр жарығының болмауына байланысты электр қоңырауының өзі де үнсіз қалған еді. Сондықтан да әңгіме: «Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау – осы қалпында моп-момақан» деп басталатын еді. .....
ойын - бала өмірінің нәрі Ойын балалар өмірінің, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, саналы білікті болуы міндетті.
Балаларға ақыл - ой адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Қай бала болсын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», Ойында озған, өмірде де озады. Деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғаса береді. Ойындардың негізгі мақсаты - балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтауы мен қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалап, құрметтеп, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтайды, қалыптастырады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп. .....
КІРІСПЕ Кәсіпорының қаржылық жағыдайын талдау оның қаржылық –шаруашылық қызыметін өзара қарым-қатынасы мен тәуелсіздіктің арасындағы көрсеткішті білдіреді. Негізгі бөлімнің жалпы бизнес бағалаудың негізгі ұзымдары анықталады. Қаржылық құжаттаманы дайындау туралы талдаулар жүргізіледі. Кәсіпорының айналымдағы активтердің құнын бағалау туралы анықтамалар беріледі. Мүлік жағдайын талдау барысында көлденең және тік талдау жүргізіледі, жалпы ағымның активтердің ұзақ мерізімді активтер, ақша құралдарын, тауар-материалды қаржылардың баланстық құн өзгеруін көрсетеді. Тік талдау барысында баланс-нетто төмен актив және пассивтің үлестері анықталады. Кәсіпорынның серіктік жағдайын талдау кезінде активтердің икемді коэффициенті, тозу коэффициенті, икемді және шашырату коэффициенті, иелігі құрайтын коэффициенттерінің өзгеруін есептеулер жүргізуді қаржылық жағдайды талдау барысында төмен қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық жұмыстық белсенділік серіктестіктің жалпы жобасы көрсетілген.....
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды. Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Түрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Түрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады. Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс: Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді. Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. ....
«Өндірісті басқарудың» ақпараттық жүйесін тұрғызу. Басқару дегеніміз — қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралуға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген;
Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі ХХI ғасыр техника және технология ғасыры болғандықтан, өндірісті басқару жүйесін автоматтандыру болып табылады. Яғни өндірісті басқарудың мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі өндірістік қызметтерді жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады
• Курстық жұмысымың құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни өндіріс, өндірісті басқару түсініктері кіргізіледі. Бұл бөлімде өндірістік қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған. Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған: – Қолдану саласын талдау. – «Өндірістік құрылым және оның түрлері» – «Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары» – «Өндірістік процестерді үйымдастырудың негізгі принциптері» – «Өндіріс шығындарын жіктеу» – Ақпарат жүйесің тұрғызу мақсаты. – Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар – Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар – Концептуалды схемасы. – Кіріс және шығыс ақпараты.....
Бітіру жұмыстың тақырып өзектілігі. Тарихтың әр кезеңіндегі қоғамда орын алған басшылар мен лидерлердің іс-әрекеттерін қарастыру, олардың ғасырлар бойы зерттелген және оның ары қарай дамуына көптеген теориялар ұсынылды. Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі дамытуды ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын - лидер. ....
Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формалары мсн құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функиияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және болжастыру); 2) практнкалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау). Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деигейін: орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болы бөлінеді.Жалпы дидактшаның зерттейтін пәні: оқыту мен оны үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие. Дидактикалык процесс мәнін түсіну үшін «оқу» және «оқу процесі» түсніктерінің мән-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар тендестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт және кең етікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы. Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарестырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды. Оқу процесі - шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі әр текті және табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байлаиыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да оқу процесі» түсінігіне толық және жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса. қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі - бұл барысында білім беру, игеру, тәрбиеліу және дамьпу міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -әрекет». Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оныц құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту - мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері және оқып үйрену - білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-әрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік - бірлікті іс-әрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны....
Тақырыбы: От - тілсіз жау! Қатысушылар: 2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде. Мақсаты: оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу. Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім. Тәрбиеші: Өткен аптада, саябакта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады. Тәрбиеші: Саябақта балалар серуендеп жүріп, Сіріңкені жолықтырды. Ол балалардан онымен достасуын сұрады. Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды) Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды) 1-бала: Жағуға болады ма? 2-бала: Жамандықтан құтыла алмайсың? .....
Шығын – тауарға және жұмысқа төленетін ақша. « Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: « Шығындар – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар )». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары» немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады. Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. ....
Залдың іші күз мезгіліне сай етіп безендірілген. Мақсаты: Білімділік: Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру. Тақпақтарды мәнерлеп айтуға жаттықтыру. Би элементтерін нақты орындауға жаттықтыру Дамытушылық: әндерді музыка ырғағымен айтуға талпындыру, ойындарға қызығушылығын арттыру. Тәрбиелеу: ертегі сахналағанда кейіпкерлердің дауыс ырғағына келтіріп айту дағдысын жетілдіру, балалардың мерекелік көңіл - күйін көтеру.
Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін, Әкеледі халыққа бар молшылық. Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар. Бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Алдымен №3"Жұлдыздар" ересектер тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық. Әдемі әуенмен балалар залға кіреді. Ән: «Күзгі жапырақ» .....
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың рухани, мәдени құндылықтарын сақтауға ерекше назар аударылды. Әр ұлт әлемдік өркениеттің қазынасына өз үлесіне қосты. Өйткені ұлттың байлығы оның санымен өлшеуге болмайды. Қазақстан осы әлеуетті сақтауға және дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан тек полиэтникалық емес көп конфессиялы мемлекет. Біздің елімізде 130 ұлттың, 46 конфессяның өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Республика халқының 60 – тан астам пайызын құрайтын мұсылмандармен қатар провославия, протестант, буддизм, котолик, т. б. әлемдік діндердің өкілдері тұрады. Мемлекет басшысы атап айтқандай, көпконфессиялылықтың өзі біздің қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін негізгі фактор, өйткені барлық діндердің негізінде іс жүзіндегі бір ғана адамгершілік принцип жатыр. ол: адамға деген сүйіспеншілік, адасқан жандарға кешіріммен қарап, дұрыс жол көрсету, пікір алуандығына сабырлылықпен қарау, басқаша айтқанда, жаратушының бар екеніне сенетін барша Қазақстандықтар бірдей дәрежеде төзімді, бейбітшіліксүйгіш және ізгі ниетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің қол жеткізген ең үлкен жетістігіміз осы......
Мнктептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің, отбасының жөне жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, өдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекетгің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы. Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы төрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас үрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалып-тасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бсре бастады. Мектеп-тің, отбасының және жүртшылықтың тәрбиелік қызметі-нің біртүтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі. Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде "мектептік-отбасылық тәрбие" үғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртүтас және оны қалыптастыру процесі де біртүтас сипат алады. Міне, осындай біртүтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рәл атқарады.....
Кіріспе Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес.....
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттардағы адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бірі, табиғаттың көркі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап, экожүйенің бұзылмауын қадағалау мен оны қалпына келтіру болып табылады. Себебі табиғаттағы кез-келген тіршілік иесінің экожүйедегі орны ерекше. Сол себептен оларды қорғау мен сақтап қалу үшін жұмыс жасау керек. Ал, бұл жұмысты орындау барлық адамзат баласының алдында тұрған ұлы міндет. Бұл зерттеу жұмысы да сол міндеттердің бірін орындаумен өзекті бола түседі. Жер көлемі жөнінен бүкіл дүние жүзінде ондықтың ішінен орын алатын ұлан-байтақ аумағымен, тау-тасты орман-көлді, шөл-шөлейтті алуан қырлылығымен көзге түссе. Фаунасы мен флорасы жағынан да басқа елдермен терезесі тең деп мақтана айтуға тұрарлық. Кеңес өкіметі тұсында алпыстан астам сүтқоректі аң, жүз алпыстан аса құс ауланып келсе, осы хайуанаттардың ішінде шаруашылыққа жағынан аса маңыздылардың бірі саналған ақбөкен болатын. Ақбөкен [1] көне заманнан бізге жеткен түз тағыларының бірі. Оның осы уақытқа дейін сақталып қалуының сыры, өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Бұл жердегі киелі , қасиетті сөздерінің қолданылу себебі: « мүйізі»- пантокрин (жен-шень) дәрісі өкпе қабыну, жүрек, паралич, эпилепция ауруларынан емдеп, «тұяғының күлі» теміреткі мен денедегі жарадан жазса, «қаны»-шөлі қанбайтын сусамыр ауруынан айықтыратындығынан. Бірақ осы ерекшеліктерімен ақбөкендер тарих сахнасынан ХХ ғасырлардың бас кезеңдерінде жойылып кетудің алдында болды. Оған қорғау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің арқасында халық шаруашылығына пайлану жағдайына дейін жетті. Содан кейінгі 1980-90 жылдары да осы жағдайы қайтадан қайталанды.сол себептен оны аулау тоқтатылып, қорғау жұмысы қолға алынды. ....
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек. Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте - мәдени құбылыс; - педагогикалық ықпал ету; - балалардың әрекетін ұйымдастыру; - қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады. Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: - әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар. - педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс. Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді. Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. ....
КІРІСПЕ Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады. Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады. 2007 - 2009 жылдары Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту үшiн тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға бағытталған белсендi саясат жүргiзiледi. Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.....
Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек жасалынған. Бұл милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың пайдалы түрлері зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда. 1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар дәрігерлік институттарда жүргізілуде. ....
КІРІСПЕ Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуi объективтi түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етедi. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндiрiс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелi түрде қамтамасыз етiп отыр. Ақпарат қазiргi кезде Коммерциялық стратегиялық ресурстың бiр түрiне айналды, және де ол айрықша тауар ретiнде жалпы Коммерциялық өнiмнiң айрылмас бөлiгi бола тұра, ақпараттық өнiмдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi. Көптеген кәсiпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлiк секiлдi сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететiн бағалы ресурс ретiнде қарастырады. Өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi басқаруға қажеттi ақпарат алу мақсатында кәсiпорын бухгалтерлiк ақпараттық жүйесiн құрады.....
Мен Дарджилинге жаңбырлы күні келген едім, Көше қыдыруға зауқым соқпады. Алайда үйде отыра беру де көңілді болмады.
Қонақ үйде тамақтанып алдым да, қалың табан бәтеңкемді, жалбағайлы плащымды киіп, не болса да көшеге шықтым.
Қала үстінде қалың бұлт төніп тұр. Жаңбыр шелектеп құйғандай. Құдай тағала әлемге топан суын қаптатып жіберген сияқты.
Мен есіз де көңілсіз Калькутта көшесімен жүріп келемін. Тұман мен бұлт патшалық құрған мына меңіреу дүниеден құтылғым келеді, шу-думаны бар жарық дүниеге шығып табан тіресем деймін.
Жақын бір жерден жылаған әйел даусы естілді. Қайғы-қасірет пен көз жасына толы бұл дүниеде жылау деген немене, дағдылы құбылыс емес пе! Мүмкін мен басқа бір ретте көңіл аудармай да өткен болар едім. Ал мына тұман мен бұлт өктемдік жасап тұрған бұлыңғыр дүниеде жылаған әйел даусы ғайып болған бүкіл әлемнің жоқтауы сияқтанып кетті. Мен өтіп кете алмадым.
Жақындай келе жол қапталындағы таста отырған, басында алтын түстес байлары бар қызыл киімді бір әйелді көрдім. Ақырын өксіп жылап отыр.
Бұл тегі көптен бері шемен болып көкірекке қатқан ескі құса болса керек. Торыққан көңіл, басқа түскен жалғыздық, мына бүгінгі күннің күңгірт аспаны — бәрі қосылып сол ескі дертті қозғап жіберіпті. .....
Тақырыбы: Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс) Мақсаты: а) Балаларға геометриялық пішіндер – шар, текше сөздерін естеріне сақтауға, олардың ерекшеліктерін (мысалы: шар домалақ, домалайды; текше төртбұрышты, орнынан қозғалтуға болады, бірінің үстіне бірін қоюға болады) ажыратуға үйрету. ә) Сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілетін дамыту. б) Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: (көңілді домалақ шар мен текшенің суреттері), үлестірмелі материалдар (ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру). Дидактикалық жаттығу: «Қай зат қай затқа ұқсайды?». Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу. Сөздік жұмыс: шар, текше, доп. Билингвальды компонент: шар - шар, текше - куб, доп - мяч. Мотивациялық қозғаушылық: - Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік. .....
КІРІСПЕ Қазіргі заманда мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Қазіргі таңда мұнай бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды. Маңғыстау мұнай нарығында негізгі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз». Бірақ соңғы кезде инвестиционды компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорныйда орналасқан. Маңғыстауда мұнайдың ролі оте зор, мұнайшы мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау өлкесі Қазақстан Республикасының мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді. Мұнайдан басқа Маңғыстауда мал шаруашылығы, атым энергетикасы, уранды өндіру және газ өндіру саласы өте жақсы дамыған. Зерттеу объектісі: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес компаниялары. Өлкеміздегі ең ірі мұнай өндіру компаниясы бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Республикамыздың экономикасының өркенеуіне үлкен үлесін қосып келеді. Компанияның екі ірі кен орны, олар Жетібай және Қаламқас. Маңғыстау аймағында көп жылғы іздеу жұмыстарының алғашқы жемісі Жетібай кен орны Оңт. Маңғыстау өңірінде 1961 жылы ашылды. Ал солт.Бозашы өңірінде 1974 жылы Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау аймағында екінші орын алады. Компаниямен бірлесіп жұмыс істейтін серіктестіктері, ұғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын “Oil Service Company” компаниясының, автокөлік және арнаулы техникалар кәсіпорындары “Oil Transport Cоrporation”, құрылысшылар мен монтажшылардың “Маңғыстаумұнайжолдары”, “Маңғыстаумұнара” және “Нефтестрой” еншілес серіктестіктері жаңадан құрылған “Oil Constraction Company” кәсіпорнының, тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және жөндейтін “Techno Trading” кәсіпорнының, шыныпластикалық құбыр заводының, Ақтау қалалық су тұщытатын заводының, ғылыми өндіріс орталығының негізгі іс-әрекеттерін айта кетсек, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері компания қызметінің бірқалыпты жағдайда болуына елеулі секптігін тигізеді.....
Кіріспе Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Сандық тахометрдің интегралды микро сұлбада жобалау». Соңғы уақыттарда автокөліктердің қозғалтқыштарының айнымалы контроллерлері өте маңызды мәселе болып келеді. Буынды қозғалтқыштардың айналу жиілігі кезінде іштей жануын өлшейтін біраз аспаптар бар, олардың аналогтыда,сандықта түрлері бар. Дипломдық жұмыстың мақсаты санау жүйесін жеңілдету, іштен жанатын қозғалтқыштың иінді білігіндегі сезгіш құралдан (датчик) түскен ақпаратты өңдеу және жіберу, сонымен қатар тахометрдің көрсеткіш тақтасына түскен ақпараттарды бейнелі түрде көрсету. Импульстің бағдарламалық өңдеуін қолдану жиілік құрылғысының айналуының жайлылылығын және жоғары дәлдікте болуын көрсетеді, индикатор жиілік құрылғысының айналуын қарастыратын нағыз өлшеуші аспап. Бұл мақсаттарды орындауға шет елдің бағдарламалық микроконтроллерлі фирмасы Mісrосhіp Tесhnоlоgy Іnс. (АҚШ) мүмкіндік береді, тез әсер ететін, жоғары дәрежелі және жүктемелі тәсілдерінің порттарына ие. Бұл дипломдық жұмыста цифрлі тахометр Pіс-контроллерімен қолданылады, басқа ұқсас схемаларға қарағанда анық сипаттама беру мүмкіндігіне ие. Механикалық шкала мұндай мүмкіндік бермейді, сондықтан электронды құрастыруды қолданамыз. Қазіргі кезде электронды шкалалар және жиілік өлшемдері үлкен мөлшерде өңделуде, микросхемаларды қолдану кезінде әртүрлі деңгейлер бірлестіріліп, жасалады. Бұлар көбінесе қиын құрылғылар, ондаған микросхемаларды есептеп шығару керек. Бұл құрылыс жеткілікті түрде қиын, қайталанып орындалады, қиын схемалар әлдеқайда жоғары мүмкіндіктердің барлық этаптарында қателікке жол беріледі- жариялаудан бастап монтажға дейін.....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика - құрылымдық топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны бар. Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық - семантикалық немесе лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі – шылаулар. Шылау сөз табы атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ мұның дәрежелік деңгейі әлі зерттеуді қажет етеді. Жалпы көне түркі тілдеріндегі шылаулардың мәнін ашып, табиғатын тану, жүйелі анықтамалар мен дәлелді тұжырымдар жасау зерттеушілер тарапынан белгілі бір мөлшерде жүйеленген. Бүгінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жаззба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың пайда болуы мен қалыптасуы, даму факторлары мен үрдісі, тарихи құрамы мен лексика – грамматикалық мағыналары, сонымен қатар өзге сөз таптарының шылаулануы және синтаксистік қасиеттері лингвистикалық тұрғыдан бағаланбақ. Көне түркі тіліндегі шылаулардың орнын белгілеу қажет. Зерттеу нысаны. Көне түркі тілінде жазылған жазба ескерткіштері «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газет материалдары. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын қарастыру. Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу жөн деп есептедім. - Шылаулардың қалыптасу тарихын анықтау. - Көне түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлерін ажырату. - Көне түркі тіліндегі шылауларды қазіргі қазақ тілі шылауларымен салыстыру. - Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексикалық, грамматикалық мағыналарын саралау. Жұмыстың жаңашылдығы. Шылаулану - өзге сөз таптарының шылаулар қатырына ауысуын білдіретін бірден – бір процесс. Шылаулану үрдісі көне дәуірде емес, одан әрірек болған да, категориялық мағынада топтасуы Орхон – Енисей жазбаларынан басталады. Бұл құбылысқа ғылымда жіті зер салынбай транспозициялық тәсілдің конверсия құбылысы анайы түрде айтылып, сөздердің грамматикалық формалары арқылы лексикалануы семантикалық мағынаның өзгеруі сияқты мәселелер толығымен қамтылмай келді. Сонымен қатар көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксисі де тіл білімінде өзін таныта алған жоқ. Осы мәселелер жұмыста шешімін табады.....
Тас-талқан болып жеңілген Шуджа шах Аурензебтен қорқып қаша берді, ақыр соңында Аракан раджасына келіп паналады. Шахтың үш қызы өзімен еріп келген еді. Аракан раджасы Шуджа қыздарын өз балаларына айттырмақ болды, соны естіген шахтың ашу-ызасы қайнады.
Осыдан кейін раджаның пәрмені бойынша шахты алдап қайыққа мінгізді де өзеннің ортасына алып шықты, сол жерде қыздарымен қоса қабат суға батырып жібермек болды.
Қатер төнген алғашқы сәтте жан ұшырған әке ең кенже қызы Әминаны оз қолымен суға лақтырды. Үлкен қызы өзін-өзі буындырып өлтірді. Ортаншы қызы Зылиханы шахтың ең адал қызметшісінің бірі Рахмат Әли құтқарып алды. Ал шахтың өзі болса осы арпалыс үстінде опат болды.
Тағдырдың жазуымен өзен бетінде қалқып кеткен Әмина бір балықшының ауына барып оралды. Балықшы қарт оны судан шығарып алды да өзінің жер кепесіне әкелді. Жас қыз күн санап өсе берді.
Бұл мезгілде Араканның қарт раджасы дүние салды да таққа оның баласы келіп отырды.
Бір күні ертемен балықшы шал Әминаға келді де: .....
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Кеңес Одағының және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастардың бүкіл тұтас жүйесі құлауымен байланысты әлемдік саясатта ғаламдық өзгерістер орын алды. Биполярлы жүйе құлауымен байланысты әлемдік екі саяси жүйе арасында әскери және қарулы күштер саласындағы жарыс тоқтатындай көрінді. Алайда, биполярлы жүйелен кейін жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің алуан түрлілігіне орай геосаяси қарама-қайшылықтың орнады. Сол себепті халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери және қарулы күштер қолданылмайтын жаңа дәуір басталды деп айту қате тұжырым. Халықаралық қатынастардың жаңа заманға өтпелі кезеңінде ядролық қарудың жаңа әскери-саяси жағдайдағы ролін анықтау маңызды мәселеге айналды. Оның себебі, қазіргі ғаламдану жағдайындағы әлем мемлекеттердің арасындағы бұрынғыдай идеологиялық емес, өркениеттік діл және дін қарама-қайшылығының өсуі, дамушы мемлекеттерде тұрақсыздықтың орын алуы. Бүгінгі заманда мемлекетте ядролық қарудың бар болуы ғана емес, сол мемлекеттердің ядролық қару жасауға ниеттелуінің өзі де үлкен мәнге ие болып отыр. Бұл мәселенің жарқын мысалы ретінде КХДР-дың ядролық бағдарламасына байланысты туындаған 2002-2003 жылдары қалыптасқан халықаралық қатынастардың тұрақсыздық жағдайы бола алады. Алайда КХДР-да қалыптасқан тоталитарлық тәртіп пен сыртқы дүниеге жабық саясатын жүргізу саясатына байланысты бұл мемлекеттің ядролық қару жасау мүмкіндігі мен нақты жоспарлары бүгінде анық белгісіз күйінде қалып отыр. ....
Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.
Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.
Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді.
Көктем көркіне адам еңбегінің шабыты, адам көңілінің қуанышы келіп қосылғандығы сурет — керемет сурет. Ол қуаныш арнасынан аса шалқыса, бірінен-бірі биіктеп ән де аспанда қалқыса, болаты мен шойыны мартенінде балқыса, даласында егіні толқын болып туласа, өңірінде сан түлік шұбырып - шұбап шуласа, шырқ үйіріп барлығын, адамы қарап тұрмаса! Бақыт деген осы емес пе!