Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі казакша Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі на казахском языке
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда, халықаралық қатынастарда дипломатияның алатын орны ерекше. Әлем кардиналды түрде өзгерді. Соғыс саясаттың жалғастырушысы болмайтын болды. Халықаралық аренада ХХI ғасырда әлем дамуының жолдары күнделікті талқыланып жатыр.. Сол себепті, дипломатия халықаралық қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерінің, компромистер мен өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен – қатар, әртүрлі сфераларда халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің қайнаркөзі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев өзінің Сындарлы оны жыл кітабында былай дейді: Қазіргі тарихтың кестесі мейілінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс – бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа мемлекеттер мен одақтар ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың түбегейлі еңсе көтеріп, құрылымын орнықтыруы үшін санаулы-ақ жылдар қажет. [23]
Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.
Соңғы жылдары елдер арасында қарымқатынастар сипаты өзгеріп келе жатыр. Конфронтациядан ынтымақтастық және серіктестікке өту кезеңі орын алды. Мемлекеттер арасындағы жаңа климаттың қалыптасуына, көбінесе, мемлекет жетекшілерінің ұсынған гуманитарлы, экология, экономика, саясат және әскери сфераларын қосатын халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру концепциясы септігін тигізді. Бұл концепцияның негізінде өз қауіпсіздігін басқалардың қауіпсіздіздігі есебінен құруға болмайды деген түсінік жатыр.
Екі биполярлы жүйе құлағаннан кейін әлем, халықаралық қатынастардың жаңа фазасы - монополярлы әлемге көшті. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде, халықаралық қатынастардың
жаңа акторына айналды. Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибе есебінен жаңа дипломатия құруда белсенді әрекеттер атқарып жатыр.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы аймақтық интеграцияның көшбасшысы және Орталық Азияда аймақтық одақтар жүйесінің басты ядросы болып табылады.
Ұзақ мерзіміді перспективада Қазақстанның сыртқы саясаты көбінесе аймақтық қауіпсіздік жүйесіне байланысты. ОА Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі доминанты болып табылады. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті аймақтықпен ассоциациялайды. Сондықтан, қазіргі кезде аймақтық көшбасшы ретінде Қазақстан дипломатиясы үшін ең басты мәселе ол - ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қалай ұштастыру керек және ұлттық мүдделерді қорғайтын ұлттық дипломатиялық қызмет халықаралық қауымдастық мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін халықаралалық қауіпсіздікке қайшы келмейтіндей не істеу керек.
Қазіргі Қазақстан дипломатиясының шарықтауында дипломатиялық келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады. Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі. Қазақстан дипломатиялық стратегия мен тактикаға тұтас мөлшерде көп назар аударады. Сондықтан да, жас Қазақстан қазіргі тәжірибесінде дипломатиялық құжаттарды дайындауда көп көңіл бөлінеді. Өзімізге белгілі дипломатиялық құжаттардың қатарына мәлімдемелер, меморандумдар, келісімшарттар, т.б. жатады.
Мамандар мен эксперттердің болжауынша, болашақта ОА динамикалық дамушы аймақ рөліне ғана үміттеніп қоймайды, сонымен қатар, әлемде геосаяси және геоэкономика конфигурацияларының өзгеруіне ықпал ете алатын әскери , саяси, экономикалық және т.б. мүдделер аренасына айналуы мүмкін.
Сол себепті, президентіміз осы аймаққа және ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету стратегиясына көп көніл аударып отыр.
Аймақта АҚШ, ҚХР, РФ сияқты жетекші елдердің мүдделері қиылысады. Мәселен, экономикасы күшті дамыған Қытай АҚШ-ң
көшбасшылығына жол бергісі келмейді. Ақш-ң аймақққа қатысуы, аймақ мемлекеттерінің экономикалық және саяси потенциалдар мен мүмкіндектірінің болуымен байланысты. Сондықтан АҚШ-тың келіссөздер жүргізу ерекшеліктері Қазақстан үшін өзекті.
Диплом жұмысының өзектілігі дипломатиялық келіссөздердің ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын талдау. Қазақстан үшін әртүрлі елдің дипломатиясы мен дипломатиялық келіссөздер ерекшеліктерін зерттеу өзекті болып табылады..
Қазақстан Евразия континентінің орталығында орналысқан егеменді мемлекет болып табылады. Кеше ғана Қазақстан Совет одағының құрамындағы 15 одақтас республикалардың бірі болды, ал бүгінгі таңда Қазақстан толыққанды егеменді мемлекет. Әлемде Қазақстан аумақтық көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр, ал көлемі бойынша КСРО республикаларының ішінде екінші орынды алады. Қазақстан Ресей, ОА мемлекеттерімен шектеседі. Орталық Азия аймағы – тұрақсыздықтық белдеуі болғандықтан, ол АҚШ-ң ғана емес, сонымен қатар, әлемнің жетекші акторлары Ресей, Европалық одақ, Турция, Иран және Қытайдың назарынан тыс қалмайды. Збигнев Бжезинский бұл белдеуді «Евразиялық Балқан» деп атайды. АҚШ-тың бұл белдеудегі геостратегиялық мақсаты - бұл геосаяси кеңістікті ешбір держава бақыламауы керек, ал әлемдік қайымдастық бұл белдеуге кедергісіз қаржылық-экономикалық кіруі керек. [3] Сондықтан, Қазақстанның дипломатиясы мен келіссөздер жүргізу ерекшеліктері өзекті мәселе болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты дипломатиялық келіссөздер, дипломатиялық протокол ерекшеліктерін, дипломатиялық қабылдаулар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметін ашып көрсету.
Осы мақсаттарға жету үшін автор өз алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
- дипломатиялық қызметтің негізгі концептуалды ерекшелерін көрсету;
- дипломатиялық қызметтің негізгі мәселелерін, келіссөздерін талдау;
- Қазақстанның дипломатиялық қызметін және сыртқы саяси стратегиясын ашып көрсету.
- Дипломатиялық келіссөздер жүргізудің ерекшеліктерін сараптау.
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжірибесіндегі келіссөздер рөлін ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының дерек көздері.
Диплом жұмысын жазу барысында көптеген дерек көздері қолданылды, олар мыналар:
Бірінші топқа - Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатына байланысты заң шығару актілері мен дипломатиялық құжаттар кіреді. Бұл дерек көздері ішкі саясаттың басымдылықтарын халықаралық қатынастардың әртүрлі кезеңдерінде де ашып көрсетеді. [5]
Екінші топқа - ресми сыртқы саяси доктриналар мен концепциялар кіреді. Бұл құжаттар да Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасуын ашып көрсетеді. [9]
Үшінші топқа – дипломатиялық қызмет пен келіссөздер ерекшеліктеріне арналған теоретикалық зерттеулер және ҚР Сыртқы істер министрлігінің құжаттары да кіреді. [3]
Диплом жұмысын жазуда тарихнамалық зерттеулерді автор өз тарапында үш түрге бөледі:
1. Шетелдік тарихнама- Сатоу Э, Д. Вуд., Ж.Серре, Фишер Р., Юри У.
2. Ресейлік тарихнама - Борунков А.Ф., Захарова Л.М., Коновалова А.А., Загорский А.В., Лебедева М.М, Исраэлян В.Л, Камбон Ж., Ковалев А, Карягин В, Левин Д.Б, Матвеев В.М, Молочков Ф.Ф, Холопова Т.И Лебедева М.М, Усачев И.Г, Челядинский А.А
3. Отандық тарихнамаға Қазақстанның көрнекті дипломаттары – Назарбаев Н.Ә, Тоқаев Қ.К, Гаджиев К.С, Гизатов И, Арыстанбекова А т.б кіреді.

Сондықтан осы авторлардың еңбектері диплом жұмысын жазуда жеткілікті болды.
Диплом жұмысының теориялық негізі дипломатиялық қызметтің салыстырмалы талдау әдісін қарастыру болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ ДИПЛОМАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ
1.1 Дипломатиялық Қызметтің Ерекшеліктері
Дипломатия XVI-XVII ғғ.күнделікті мемлекеттің ерекше қызметі ретінде қалыптасты.
Сол кезде монарх сарайларында тұрақты дипломатиялық өкілдер, мемлекеттік органдар жүйесінде арнайы ведомстволар пайда болды, ал олар мемлекеттер арасында хат алмасумен, шетелдік делегацияларды және елшілерді қабылдау, сонымен қатар келіссөздер жүргізумен айналысты.
Сол кезеңде мемлекеттердің дипломатиялық қызметтерінің сипаты мен формасын кейбір ғалымдар былай сипаттайды:
«дипломатия – тәуелсіз мемлекеттер үкіметтерінің ресми қатынастардағы ақыл–ойлары мен тактларының қолданылуы» (Э.Сатоу), [26] «дипломатия - мемлекеттердің өзарақатынастары мен өзара мүдделері туралы ғылым немесе халықтың өзара мүдделері туралы ғылымы” (Г. Мартене), ал нақтырақ айтар болсақ «дипломатия – келіссөздер ғылымы немесе өнері» - дейді (Гарден). Әрине, дипломатия келіссөздермен ғана шектелмейді, сонымен қатар, ол сыртқы саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
«Дипломатиялық сөздік» анықтамасында былай делінген: «дипломатия» - мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізетін бірден-бір құрал болып табылады, ол бейәскери практикалық шарттар, қабылдаулар, әдістер және міндеттердің жиынтығы; мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, сыртқы істер ведомстволарының, шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердің мемлекеттердің, оның шетелдердегі мекемелері мен азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және халықаралық конференциялардың мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен мдделерін жүзеге асыру бойынша жүргізілетін ресми қызметтері. [9]
«Дипломатия» түсінігімен сондай-ақ халықаралық қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерін, компромистерді және өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен – қатар халықаралық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейтуді байланыстырады.
Солай келе, «дипломатия» түсінігі мемлекет жетекшілерінің және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының, сонымен қатар сыртқы қатынастардағы органдардың жан-жақты сыртқы саяси қызметтерін қамтиды. Келіссөздерді және т.б. бейбіт құралдарды пайдалана отырып, дипломатия сыртқы саясаттың мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыруға, халықаралық аренада өз елінің мүдделерін қорғауға қол жеткізеді. [9]
Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырады. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы бар.
Құлиеленушілік қауымдағы дипломатия феодалдық қауымдағы дипломатиядан біршама әдістерімен ерекшеленген. Феодалдық бытыраңқылықтың орнына келген абсолютизм, дипломатияға өзіндік принциптер мен формаларды енгізді: [5]
Сол кездің өзінде монарх сарайларында тарихқа кірген көптеген дипломаттар пайда болды. Жоғары мамандандырылған білім, тәжірибе т. б. сапалар оларға өз үкіметтерінің тапсырмаларын табысты орындауға көмектесті.
Абсолютизм кезеңінде дипломатияда сатып алушылық, алдау-арбау, интрига, өлтіру сияқтылар шарықтады. Сондықтан XVII ғғ. ағылшын дипломаты Генри Уоттен былай дейді: «Елші өз мемлекетінің мүддесі үшін өтірік айтуға шетелге жіберілген адал ер», ал сол кезде XVII ғ. француз жазушысы Жан Лабрюер: «дипломаттардың барлық жұмысы өзгелерді алдауға, бірақ өзі алданып қалмауға бағытталған», - дейді. [5]
1917 ж. кейін Ресей, халықтар арасындағы бейбітшілік, үлкен және кіші мемлекеттердің теңдігі, әртүрлі қоғамдық құрылымы бар мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын және халықтық өзін-өзі анықтау құқығы қсаясатын жариялаған тұғын. Ресей үкіметі өз дипломаттарынан тарихи тенденцияларды,, дипломатияның әртүрлі бағыттары мен қыр-сырларын білуді, агрессивті күштерді оқшаулау, және өз тарапына одақтастарды тарту сияқты т. б. мұқият зерттеуді талап етті. [4]
Кеңес дипломатиясы догматизм мен сектанттықтан арылу, компромистерге барудан қорықпай, принципиалды және жұмсақ әрекеттер еткенде барып, табысқа қол жеткізе алатындарына сенді, бірақ кеңес дипломатияның біршама да жеткіліксіздіктері болды.
Қазіргі қазақ дипломатиясы сол кеңестік дипломатиядан өсіп өркендеді және тәуелсіздік жылдарында өзінің ұлттық ерекшеліктеріне де қанық болып келе жатыр десек те артық айтпаймыз. [3]
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасынының дипломатиясы мен сыртқы саясат стратегиясы барлық халықтар толыққанды әлемде өмір сүріп жатыр дегенге саяды, өйткені әлем кардиналды түрде өзгерді; соғыс саясаттың жалғастырушысы болмайтын болды, сондықтан халытың тату - тәтті өмір сүруі қажет.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әртүрлі қоғамдық қүрылымы бар мемлекеттердің бейбіт өмір сүру принциптері мен халықаралық ынтымақтастығын бекітеді Бұл тұрғыда шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды кеңейту, терендету бірінші кезекте тұрады.
Қазақстан егемендігінің негізгі жетістіктері:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы 1992 ж 2 наурызда БҰҰ-на мүше болып, әлемдік қауымдастықтың бір бөлігіне айналды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының Президенті өз жарлығымен Семей ядролық полигонын жауып, сол арқылы глобалды ядорлық қарусыздануға сигнал берді.
Үшіншіден, Президентіміз Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы (1992ж), ядролық сынаққа толықтай тыйым салу туралы келісімдерге қол қойды. (1996ж)
Төртіншіден, Қазақстан өз егемендігінің тұрақты кепілін барлық мемлекеттер тарапынан және БҰҰ-ң тұрақты мүшелерінен алды.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының әлемнің 130 мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастары орнатылған және Қазақстан БҰҰ –ң мүшесі болып табылады. [28]
Дипломатиялық қатынастарды қалыптастыру екі мемлекеттің басшыларының жеделхаттарында, жолдауларында, коммюникелерінде т.б дипломатиялық құжаттарда бекітіледі.
Сондай-ақ, дипломатиялық қабылдаулар да мемлекет басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің және қабылдаушы мемлекеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми-техникалық т.б іскер топтарының арасындағы байланыстарды қалыптастыру, дамытуда маңызды құрал табылады.
Қазақстан Республикасының дипломатиясы халықаралық практиканың бейбіт қүралдарының барлық арсеналын қолданады: кез-лер, кеңесулер, мемлекет басшыларының екі жақты және көпжақты негіздегі конференциялары, сондай-ақ үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің кездесулері. [3]
Жыл сайын ҚР-на ресми, жұмыс сапарлармен мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері келеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Азияда өзара әрекеттер мен сенім шаралары кеңесін шақыру инициативасы дипломатиялық топтармен және БҰҰ Бас Ассамблеясымен мойындалады.
Мемлекеттер арасында хат алмасу тұрақты болып тұрады. Дипломатиялық қызметтің бұл формасы сыртқы істер ведомстволарының жұмыстарында жетекші орын алады. Маңызды сыртқы саяси құжаттарға кіретін мәлімдемелер, ноталар, естелік жазбалары арқылы көптеген мәселелер шешіледі, акциялар дайындалады.
Қазіргі кезде дипломатияның маңызды элементттерінің бірі- мемлекет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы тікелей байланыстары. Тура байланыс тет а тет кейде күрделі халықаралық мәселелерді шешуге септігін тигізеді. [5]
Қазақстан Республикасың сыртқы саясатының негізгі мақсаты ол- президентіміз Н.Ә. Назарбаев жасаған егеменді мемлекет ретінде Қазақстанды дамыту және қалыптастыру стратегиясын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау.
Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан ядролық амбициялардан толықтай бас тартты. Сондықтан егемендік, тәуілсіздік, аумақтық, біртұтастық шекаралардың мызғымастығы туралы стратегиялық міндетіміз шешілді. Осы акция барысында Қазақстанның қауіпсіздік кепілі ретінде біздің екі көршілеріміз Ресей мен Қытай шықты.
Қазақстан қарусыздандыру, қауіпсіздікті құру процесстерінде де және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде белсенді қатысады.
Біріншіден, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан үш орталықазия мемлекеттерінің Орталық Азияда бейбйтшілік пен тұрақтылық сақтау бойынша интеграциялық саясаты.
Екіншіден, халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздандыру сфераларында Қазақстанның ТМД елдерімен белсенді интеграциялық саясаты.
Үшіншіден, Қазақстанның Азияда өзара әрекеттер мен сенім шаралары кеңесін шақыру бойынша инициативалары.
Төртіншіден, Қазақстанның ЕҚЫҰ (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алғашқы сапары 1993 жылы болды) жұмыстарында қатысуы «Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасында қатысуы, ядролық қаруларды таратпау келісімдері шеңберінде, сондай-ақ қарусыздандыру бойынша конференцияларда қатысуы. [6]
Қазақстан сыртқы саясатының принциптері мен мақсаттарын мыналар құрайды:
- мемлекеттік мүдделерді қорғау;
- елде экономикалық реформаларды жалғастыруға қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету;
- демократиялық институтарды нығайту;
- әлемнің барлық мемлекеттерімен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;
- глобалды және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсаттарында жетекші мемлекеттермен стратегиялық өзара әрекеттерді кеңейту.
Ал, Қазақстанда тұрақтылыққа қол жеткізу үшін мынадай мақсаттары бар.
- конфликттерді реттеу;
- әскери сферада қаруларды қысқартуға және сенімге жетуге жаңа қадамдар жасау;
- гуманитарлы, сондай-ақ қауіпсіздіктің құқықтық компоненттерін нығайту;
- Өз дамуларында әртүрлі себептерге байланысты қиыншылық тартатын елдерге көмек көрсету, қолдау. [7]
Соңғы жылдары елдер арасында қарымқатынастар сипаты өзгеріп келе жатыр. Конфронтациядан ынтымақтастық және серіктестікке өту кезеңі орын алды. Мемлекеттер арасындағы жаңа климаттың қалыптасуына, көбінесе, мемлекет жетекшілерінің ұсынған гуманитарлы, экология, экономика, саясат және әскери сфераларын қосатын халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру концепциясы септігін тигізді. Бұл концепцияның негізінде өз қауіпсіздігін басқалардың қауіпсіздіздігі есебінен құруға болмайды деген түсінік жатыр. [9]
Халқаралық дипломатияда БҰҰ – ның орны ерекше, ол ортақ тіл, өзара түсінісушілік пен сенімге жетудің тиімді орталығы болып табыылады. БҰҰ-ның мынадай сапалары Парсы шығанағы зонасындағы қақтығыс кезінде паш етілді. Ол Кувейтке қарсы Ирактын агрессиясын дұрыс емес деп тауып, Иракты ...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 22 | 11.01.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын дипломатиялық қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык, Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін