Философия | Қазақ философиясы

Қазақ философиясы
Еуразиялық философия шеңберінде қазақ философиясының тарихы қалыптасты. Қазақ философиясы ауыз әдебиетте, мақал – мәтелдерде, тұрмыс дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарда қалыптасқан.
Көне және архаистік заман адамдарының күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдық пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға мәжбүр етті. Әлемді сезіну айқындала түсті. Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиясылық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметін, яғни, көздеген мақсатты белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Б.з.д. өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл-фараби, Қ.А.Ясауи, Абай, Мағжанға дейін үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тақтаған адамды өте жоғары бағалап, «Аталы сөзге арсыз ған таласады» - деген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Сайын Мұратбеков | Таңғы шық


Селолық дүкеннің сатушысы Тұраш қамаудан үш ай дегенде босады. Қоңыр сырмен боялған зілдей ауыр ағаш қақпа қарсы алдынан ешбір сықырсыз жайымен сырғи ашылды. Тұраш сыртқа шықты.

Осыдан үш ай бұрын қамауға айдап әкелгенде қыстың күні еді. Көше омбы қар болатын. Үскірік жел суыра соғып тұрған. Арықтағы су көкпеңбек боп безеріп қатып жатқан еді. Содан бері: шалқар аспан жүзіне сақинадай ғана тор көз терезеден қарап, кең дүниені қоршауы биік, тар аулаға күніне бір ауық шығарғанда ғана сезетін. Сонан бері жабырқап, әбден титығып басылған көңіл дәл қазіргі сәтте мың сан құс боп сайрап қоя берді. Көкірегі қуанышқа толып, жарылардай боп кетті.

Буындары сәл діріл қаққан Тұраш көше бойлап келеді. Асықпай басып, жай серуендеген адамша жүруге тырысады. Есіл-дерті сырт көзге қамаудан шыққанын танытпау. Әлсіреген халін сездірмеу.

Автобус станциясына келді. Мұның аулына жүретін автобус жарты сағаттай бұрын соңғы рейспен кетіпті. Енді тек ертең таңертең жүреді екен. Не істерін білмей ойланып қалған Тұраш қалтасында көк тиыны жоқ екенін есіне алды. Қарыз сұрайтын таныс біреу кездеспес пе екен деп біраз қарайлады. Бірақ автостанцияға жан адам бас сұққан жоқ. Тек анадай шетте, көшенің бұрышына ине-жіптен жаңа шыққандай тап-таза киінген қара костюмді жас жігіт тұр. Тықыршып, сағатына қарай береді. .....
Әңгімелер
Толық

Қазақ тілі | Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаты

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда лингвистика саласында тақырыпты зерттеу өте маңызды мәнге ие болып отыр. Себебі, мәтінді тану үшін, ең алдымен, тақырыпты білудің қажеттілігі туындап отыр. Тақырып кейін кенжелеп дамыған тіл білімінің саласы емес, оны зерттеу өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолға алынған болатын. Мұнда ең басты мәселе, публицистикалық стильдің, яғни газет тақырыптарының лингвистикалық тұрғысына сипаттама жасалды. Орыс тіл біліміндегі тақырып мәселесіне арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты жұмысын атауға болады [1]. Бұл жұмыста тақырыптың көркемдік-ұйымдастырушылық қызметіне жан-жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері елеп-екшеліп, талқыға салынды. Бұл еңбек, сонымен бірге тақырып туралы алғашқы іргелі еңбектердің бірі болуымен де құнды. Орыс тіл білімінде тақырыпты зерттеу, оның мәтіндегі қызметін ашып таныту осы кезден бастап белең алды. Бұл зерттеулер кейіннен аталмыш салада көптеген диссертациялық еңбектердің, монографиялардың жазылуына себеп болды. Негізінен газеттегі мақалалардағы тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктерін қарастырған Қожабекованың еңбегі қазақ тіл білімінде ең алғашқы тақырыпты зерттеу нысанына айналдырған жұмыс ретінде маңызды болып табылады. Ғалым мұнда газет мәтініндегі тақырыптардың неше түрлі үлгіде беріліп, әсіресе тұрақты сөз тіркестері түрінде келу үрдісін сөз етеді [2]. Сонымен қатар тақырыптардың, газет тақырыптарының стереотиптілігін айқындайтын прецеденттік атауларды да ғылыми түрде дәлелдеп, оған мысалдар келтіріп, оның тақырыптағы арқалап тұрған жүгін айқындап көрсетеді. Мұндағы прецеденттік атаулар дегеніміз, оқиғаны бұрын болған басқа бір оқиғамен ұқсастыра отырып, сол тәріздес тақырып қою.
Тақырыптардың зерттелуіне қарап отырып, олардың түрлі-түрлі бағыттарда жүргізілгендігін байқауға болады. Оның ішінде газет тақырыптарының құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер де, көркем мәтінннің тақырыптарының астарын қазбалаған жұмыстар да бар. Тақырыпты зерттеу мәселесі бүгінгі кезге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ғалым Л. Дүйсембекова тақырыптардың үш түрлі қызметі бар екендігін өз еңбегінде атап көрсеткен болатын: ақпараттық, прагматикалық, танымдық [3,116]. Бұл үш қызмет арқылы көркем шығарманың болсын, ғылыми стильдегі шығармалардың болсын, публицистикалық стильдегі еңбектердің (мақала, фельетон) болсын, негізгі мәні анықталады.
Газет тақырыптарының зерттелу межесіне қарап отырып, олардың барынша өскелең сипат алғаны белгілі болды. Қазақ тіл білімінде де тақырыпқа байланысты біршама зерттеу еңбектер, диссертациялық жұмыстар жазылған. Мәселен, Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» [4] атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) [5] атты орыс тілінде жазылған диссертациялық сипаттағы ғылыми жұмыстары. Осыларды қарастыра отырып, жалпы тақырыптың мәтінге не үшін керектігі жөнінде біршама мағлұмат алдық. Жалпы тақырыптың зерттеу нысаны мәтіннің ең басты лингвистикалық тұлғасы ретінде тақырыптардың құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін талдау, олардың ақпараттық ұйымдастырушылық қызметіне назар аудару.
А. С. Выготскийдің пікірінше, «заголовок является доминантой, которая определяет собой все построение рассказа» [6, 16]. А. М. Пешковский: «заголовок представлят собой намек... на содержание или даже сжатое изложение его» деп жазады [7, 35]. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны және мәтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: «Заголовочный комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного характера разной струкуры и с разным назначением», [8, 135] - деп атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мәтін ішіндегі тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Ал тақырып пен мәтіннің арасындағы байланыс, сабақтастық, тұтастық оның ескерілуіге тиісті ең басты қағидасы. Тақырып саласындағы зерттеу еңбектердің көпшілігі де оның осы қызметіне баса назар аударады. Өткен ғасырдың 50-жылдары «Өнер психологиясы» деген жалпы көркем әдеби мәтін мен оның бөлшектерінің ұйымдастырылуын, құрылымын талдып көрсеткен кітабында Л. С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: «Әңгімеге (мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер» Тақырыптың өзектендірілуі оның «не», «немесе» деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек [6, 35].
Бітіру жұмысында негізінен қарастырылып отырған мәселе, заң мәтіндерінің тақырыптарының лингвистикалық сипаты. Көркем мәтіндерге қарағанда, газет мәтіндеріне қарағанда, мұнда көптеген ерекшеліктердің бар екендігін аңғаруға болады. Біріншіден, заң мәтіндері ресми-іскери стильдің саласында қарастырылатын болғандықтан, екіншіден, заң тақырыптарының құрылымында көбінесе клише мен штамп сөздер қолданылатындықтан, олардың тақырыптары тұрақты, жүйелі, мазмұнды болып келеді.

Диплом жұмысының өзектілігі. Тақырыптарды зерттеудегі жетістіктер оның сан түрлі қырын ашудан анықтала түседі деп тұжырым жасауға болады. Тақырыптардың бұдан да басқа әр түрлі қызметтерін, қолданылу аясын зерттеу бітіру жұмысының өзектілігін айқындай түсетін ең басты фактор. Соның ішінде заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттарын қарастыру бітіру жұмысында сөз болып отырған негізгі мәселе. Ең алдымен, заң тақырыптарын сөз етпес бұрын жалпы заң мәтіндерінің лингвистикалық зерттеудегі маңызын ашып көрсеткен дұрыс.
Соңғы кезеңдердегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық тұрғыдан зерттеп, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі де шындық. Десек те солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай келді. Ал олардың яғни әр мәтін түрінің ерекшеліктерін анықтау, тілдік заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін, өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп, жүйеленіп, нормаланып, онсыз да қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ тілінің анақұрлым кеңірек қолданылуына аз да болса сеп болары сөзсіз.
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып, қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының тілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де маңызы өте зор. Себебі заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдік құрылымын қатты сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын қатаң қадағалауы қажет. Публицистикалық стильдің барлық талаптары заң мәтінінен толықтай табылуы керек. Мұндай талаптар сақталмаса, онда заң құжаттарының прагматикалық-ақпараттық қызметі солғындайды. Заң мәтіндерінің бүгінгі күн талабына сәйкес тіл білімі саласында зерттеу нысанына айнала бастағанының өзектілігі міне осында.
Заң мәтіндері туралы, жалпы ресми-іскер стильдің басқа да салалары туралы қазақ тіл білімінде біршама еңбектер жарық көрді. Бұл салада Л. Дүйсембекова, Д. Әлкебаева өнімді еңбек етіп жүр. Ғалымдардың қазақ тіл біліміндегі ресми-іскери стильдің барлық қырынан танытудағы жемісті ізденістері бұл стильдегі басқа салалардың, әсіресе заңдық құжаттардың зерттелуіне жол ашып отыр.
Заңдық құжаттардың тақырыбындағы тілдік элементтерді, олардың синтаксистік-құрылымдық ұйымдастырылуын зерттеу бітіру жұмысының ең басты қарастыратын өзекті мәселесі болып табылады. Диплом жұмысында заң тақырыптарының басқа да функциялары сарапқа салынды. Бұл қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы үшін қажетті бастама.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ё дыбысы және әрпі

Мақсаты: Балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қостілді құрам: шырша - елка, шахтер - шахтер, кірпі - ежик.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қысы - жазы бір түсте.
Ол не? (ШЫРША)
- Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
- Елка.
Е дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
Е - дауысты дыбыс, екі дыбыстан жасалған, Й+О=Ё, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
- Елка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?
Елка сөзіне дыбыстық талдау жасату, буынға бөлгізу......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Мұхтар Әуезов | Абайдың жас шағындағы шығармалары


Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.

Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.

Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.

Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.

Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Солдат


Бұл бір қыздың туған күнінде болған еді. Әлгінде ғана дастарқан басынан тұрып, өзара сөйлесіп тұрған ұлдардың жанына осы үйге әлдеқандай туыстығы бар орта жастардағы медбике әйел жақындады. "Осы сол қара бала сендермен бірге оқыған, иә?" - деді медбике әйел ұлдарға сұрақ қойып. "Иә", - деді жігіттер.

Медбике әйел басын шайқады.

- Сол бала ауыр жарақат алғанда, аудандық ауруханаға мен алып барған едім ғой. Сонда жол бойы маған жалғыз ғана сұрақ берумен болды. "Апа, мен енді солдат бола аламын ба?! Айтшы, апа, мен енді солдат бола аламын ба?!" дей берді. Егіліп кеттім. Сол нәрсе менің қолымда тұрғандай сұрады. "Боласың! Неге болмайды екенсің?! - деймін. - Әлі-ақ жарақатыңнан жазылып та кетесің. Солдат та боласың!" "Өтірік айтып тұрған жоқсың ба, апа?! Солдат болуға мен енді жараймын ба?!" деп ышқынды бала.
.....
Әңгімелер
Толық

Қасқыр мен жеті лақ ертегісі

Бөлімі: Театрландыру
Тақырыбы: Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, көру, есту, есте сақтау және өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, қонақжайлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды, мадақтау.
Билингвалды компанент: Ешкі - коза - goot, лақтар - козлята - kids, қасқыр - волк.
Технологиялар: «И. Н. Мурашковска, Н. П. Валюс», «Триз».
Көрнекіліктері: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері (ешкі, лақтар, қасқыр, қарға).....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Экономика | Халықаралық еңбек бөлінісі

Кіріспе
Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық тауар айырбасының объективті негізі; мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, қоғамдық құрылымына қарамастан, саудада, ғылыми-техникалық салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде, өндірісік дамуда т.б. көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға жұмылдырады.
Халықаралық шаруашылық байланыстарының типі XIV-XV ғысырда пайда бола бостады (орта ғасырда). Әрине, ондағы тауар айырбасы қарапайым түрде еді.
Дүниежүзілік шаруашылық көптеген жылдар бойы екі қарама-қарсы системаның бір-біріне қайшылықтары салдарынан (саяси құрылымы жағынан) ұзақ уақыт бойы бір жүйеге түсе алмай жүрді. Социалистік лагерь өз бетінше, ал экономикалық байланыста капиталистік елдер өзінше дамыды.
Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісі – мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі- ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі-оны бөлшектеу және қайта жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы және де аймақтық-өндірістік кешен болуға ықпал етеді. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты -өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды. Халықаралық еңбек бөлінісі- өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негізгі құралы.....
[right][/right]
Курстық жұмыстар
Толық

География | ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

КІРІСПЕ
Берілген Курстық жұмыста қарастырылып отпырған Ертіс өзені-Өскемен қаласы бекетінің жалпы физико-географиялық жағдайына, климаттық факторларға, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы жүру кезеңдері жайында сипаттама берілген.
Жұмыстың негізгі мақсаты болып жылдық ағындының мәліметтері бойынша берілген тұстамадағы өзен ағындысының сипаттамаларын анықтау және типтік гидрограф тұрғызу болып табылады.
Қарастырылып отырған жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, және ағындының негізгі сипаттамалары анықталып су өтімінің қамтамасыздық қисығы, біріккен гидрограф тұрғызу арқылы типтік гидрограф тұрғызылды.
1 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жер бедері
Жоғарғы Ертіс пен Жоғарғы Обь алаптары Қазақ қатпарлы елі мен Алтай-Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасып, бүкіл Кеңестік Алтайды қамтиды. Жер бедерінің формасы әртүрлі және күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аумақ. Бұл территорияны орфографиялық жағынан қарасақ, абсолюттік биіктігі 200 м-ден 4500 м-ге дейін жететін қатпарлы-үйінді таулы облыс. Жоғарғы Обь пен Ертістің оң жақ жағалауына оңтүстік батыстағы Батыс Сібір жазығындағы жоталармен аңғарлар түбінің жалпы көтерілуі, ал батыс Ертістің сол жақ жағалауына оңтүстік және батыс Қазақ қатпарлы елінің төбелі-қырқалы ұсақ шоқысы мен оңтүстігіндегі ортатаулы және жоғарытаулы жер бедеріне дейін аймақ биіктігінің біртіндеп өсу өзгешелігі тән. Алтай орфографиясы мен Қазақ қатпарлы елінің шығыс жақ шетінің өзіне тән ерекшелігі оның батыс және оңтүстік-батыс таулы жоталарының созылмалы үстемшілдік құруы. Қарастырып отырған территорияның бес геоморфологиялық аудандарын қарастыруға болады. Олар Қазақ қатпарлы елінің ұсақ шоқылы ауданы – Шыңғыстау жотасы, Сауыр Тарбағатай, Эайсан қазаншұңқыры, Ертіс маңы жазығы, Қалба жотасы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ауылшаруашылық | Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы

Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру

КІРІСПЕ
Зертеу жұмысының көкейкестілігіне Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді ел. Біздер қазіргі ұрпақ, патроттық тәрбие бергені үшін ата- бабаларымызға шынайы алғысымызды білдіруіміз керек. Бұл сезім жоңғар шапқыншылығы кезінде, азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында, кейінгі желтоқсан оқиғалары кезхінде анық байқалып отырады. Әрбір елдің азаматтары өз елінің дамуына, оныңөһркендеп жетілуіне ұлттық салт- дәстүрлерінің сақталуына ат салысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді.
Қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселе болып отыр. Жастардың көбі патриоттық сезімнің не екенін түсінбейді. Олар Еуропа елдеріне қызыға қарайды. Бұны олардың іс - әрекеттерінен байқау қиын емес. Сонымен қатар, ең ауыры – нашақорлыққа үйреніп, бұл жолғам түсіп жатқан жастардың саны күннен – күнге көбеюде. Ал нашақорлық ұлттық генофондтың бұзылуына алып келетіне мәлім. Сондықтан да бұл ең маңызды келелі мәселе болып отырғанын бүкіл қауым түсініп отыр. Егер бұлардың жолына тосқауыл қойылмаса, онда біз ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымызды, тілімізді, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді келер ұрпаққа жеткізе аламыз ба? ....
Курстық жұмыстар
Толық

Шерхан Мұртаза | Келіншектау сағымдары

Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік-создық қимылдай бастайды. Баяғы байдың ұзатылған қызының көші қайта тіріліп, уап-шуап бара жатқандай.

Байдың қызы ұзатылған ғой. Қыз әкесіне өтініш айтыпты: Менің жасауыма алтын шаңырақты, күміс уықты ақ отау дайындатыңыз. Қазан, ыдыс-аяқ, табақ бәрі де алтын жалатқан күмістен болсын. Төсегімді пілдің сүйегінен жасат. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібектен болсын, — деп тағы басқа керек-жарақтың бәрін небір асылдан әзірлеткен ғой.

Жасау мүлкі қырық түйеге артылып, қалыңдық көші шұбатылып жолға шыққанда, кенет байдың қызы көшті тоқтатып, әкесіне:

— Әкетай-ау, біз бір нәрсені ұмытып кетіппіз ғой — дейді.

— Нені, шырағым?

— Итаяқ алтыннан болмады ғой.

Әкесі аттың үстінде келе жатып, қос қолының алақанын көк аспанға қарата жайып жіберіп:

— О, Тәңірі! Бар болсаң, мына көшті тас қыла гөр! — деп, сақалын көзінің жасы жуып, құдіретті күшті Құдайға шын ниетімен жалбарынған екен дейді. Әкенің қарғысы қатты, тілегі тәтті, байғұс қыз келіншек болып келе жатып, лезде бүкіл көш ұзақтан-ұзаққа созылған қаратас болып қатып қалған ғой.

Содан бері Келіншектау аталады. Күндіз оны сағым буып тұрады. Кешке жақын, күн батарда Келіншектау алыстан ерекше ап-айқын көрініп, келбеттеніп, құдіреттеніп кетеді.

Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады.

Киіз үйдің көлеңкесі қураған терідей қусырылған жерде келісті ақ ешкі екі лағымен бүйірі бүлкілдеп, ыстықтап жатқан болатын. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында

ауыржан Момышұлының өмірбаяны
Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бейімбет Майлин | Баянсыз бақ

Нұрлыбай көзі кіртиіп, қабағын тыржитып, үстеліне сүйеніп бірсыпыра салбырап тұрды да, барқытпен көмкерілген жұмсақ үстелге сылқ етіп отыра кетті.

Нұрлыбайдың жазу үстелі қай қызметкердікінен болса да артық. Қызметкер дегенің нақа бір шаруашылық орнында істеп, соның бір еңбек сіңіріп кетейін дегені болмаса, көбі жазу. Үстелін жөндеуді білмейді ғой. Қызметкерлерің былай тұрсын, күндіз-түні жаумен айналысатын жазушылардың көбі де ақсақ үстелден қол үзе алмай жүр. Далада өскен қазақ баласы, нақа бір кент әйеліне үйленгені болмаса қала тұрмысын бір жөндей қоя ма?

Нұрлыбайдың өзгешеден бір артықшылығы — осы жазу үстелін жөндегендігі. Жөндегенде — нағыз оңдысы, сырлап тастаған тартпалы үстел.

— Үстелің онды екен, — деп қызығушы болса:

— Осында бір таныс жігіт бар еді, соның істеп бергені... Керек болса, істетіп берейін, - деп жымыңдайды.

Сөйтіп, Нұрлыбай арқылы әлгі «шебер жігіт» басқада қызметкерлермен танысып, араласып кетеді. Шебер жігіттің түпкі тілегі де осы қызметкерлерге араласу болғандықтан, ол Нұрлыбайға істеп берген үстелінің басы толықтанды деп біледі. .....
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы грамматикалық құрылысы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердегі пассивтерді басқару

Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек. Ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе – теңдіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық субьектілері сияқты, өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызмметтерін қамтамасыз етіп отыру үшін, белгілі бір ақшалай қаражаттары, яғни ресурстары болуға тиіс.
“Қазақстан әлемдік экономиканың өскелеу турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы . мемлекеттердің бірі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ойыншықтар қонақта

Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Ойыншықтарды сипаттауға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үй макеті, қыс туралы суреттер, әр түрлі жануарлар, доптар, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: ойыншық
Қостілділік: доп – мяч, қоян – заяц.
Балалар топқа кіреді, қонақтармен амандасады.
Ұл – қыз сәлем береді,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Таңғы шеңбер.
Бала, бала, балапан,
Кәне қайсы алақан?
Саусақтарың айбат,
Былай, былай ойнат.
Топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса, алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн.
Балалар отырады.
Тәрбиеші: Балалар, қанша жыл мезгілі бар?
- Қыс, Жаз, Күз, Көктем.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Қыста ауа – райы қандай болады, қандай өзгерістер болады?
Қыста қар жауады, боран болады, күн суық болады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Биология | Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы

Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында.
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды.
Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы

Халықтың асыл қазыналары – ауыз әдебиеті аңыз - әңгімелерден, ертегілерден, шешендік сөздерден тұрады. Балалардың ақыл - ойын дамытуға аңыз – әңгімелер, ертегілер оқудың маңызы зор. Халықтың асыл қазынасымен сәбилерді сусындату, ертегілерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл - ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл - ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Педагогика | Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді. Енді мұғалімдердің міндеті осы белгілі принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиімділігін және беріктігін көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама - педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмунына, 2) оқытушыларга, 3 оқушыларга қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, біртіндеушілік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі. анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық өз алдына әртүрлі мақсаттар белгілеген дидактикалық жүйелерде бір-біріне ұқсамас оқу принциптері іске қосылады. Негізгі тұжырымдары өткен баптарда жария етілген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын білеміз. Біз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазіргі заман оқу принциптерін пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бірдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар іске қосылып жатады. Оларды әр қилы жолдармен топтастыруға болады және олардан негізгі тұжырымдарға сай көптеген жаңа жүйелерді ажыратып, бөлу мүмкін. Сондықтан да оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда оқу принциптерінің әртүрлі жүйеде біріктірілген топтарын кездестіреміз. ...
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Билер институты

К І Р І С П Е
Еліміз бүгінгі күні құқықтық, демократиялы ел болуға бет бұруда. Бұл асқақ мақсатқа еліміздің өткен тарих қатпарларындағы дала демократиясының көрінісі болып табылатын құбылыстарды танып, бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқауы ете білген де ғана жетеміз. Сонымен қатар бұл еліміздің жалпы адамзат қауымдастығындағы өзіндік бет-бейнесі бар ел екендігін танытуға мүмкіндік береді.
Және де бүгінгі таңдағы жергілікті жерлерде көрініс беріп жатқан ұлттық-құқықтық қайта жаңғырығулардың табиғатын тануға жол ашады. Билер институтының Кеңес дәуірінде таптық көзқарастың тезіне түсіп, сұрықсыз түспен боялып, кертартпа, үстем таптың қол шоқпары ретінде бағаланғаны бізге аян. Ал бүгін бұл мәселені жалпы өркениеттілік құндылықтар тұрғысымен қарау кезек күттірмей жүзеге асыруды қажет ететін шаруа. Міне осы және жоғарыда айтылғандар тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғартады.
Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Бұл қазақ әдет-ғұрып құқығының дәстүрлі институты туралы деректің бастауы қытай елінің қорларында жатыр. Оны кейінгі кездерде белгілі ғалым Қ. Салғараұлының сол елдерден әкелген және де бұрыннан бізге белгілі еңбектерден білеміз.
Ал билер институтына қатысты деректердің жүйелі жиналуы Ресей патшалығының қазақ елін отарлауымен байланысты. Осы тұстарда бұл институттың әр қырын терең тануға мүмкіндік беретін материалдар кең көлемде жинастырылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Император Юстиниан билеген Византия империясы

Зерттеудің өзектілігі: Батыс Рим империясы V ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV—V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды, құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті, әрі тұрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді.
Зерттеудің мақсаты: VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийс-кий осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық та, қажымас реформаторлық пен діншіл-ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан. Асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заң-дық және әкімшілік реформалар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жургізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жаса-ған және сөйте тұра небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған.
Зерттеудің міндеті: Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді». Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы кұдіреттілігін қалпына келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениет | Білім берудің демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі оқушының өз әрекетінің иесі

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
“Білім – тұл, тілден шығып есілмесе”,- дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік білімді оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында «қара маржан» теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Арал – Каспий аралығын, Каспий өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.
Барша қазақ даласы сынды Каспий алабы да өз халқының көне шежіресінің куәсі, ал кәрі Каспийдің өзі болса, ол тек Еділ – Ақ Жайық суымен ғана емес, осы аймақ, қала берді бүкіл қазақ ата-бабасының тарихымен де толы.
Дегенмен, үшінші мың жылдықтың табалдырығынан аттағалы тұрғанда осы табиғаты қатал, сан ғасырлық тарихы бар қуаң даланың ұрпақтары қолмен жасалған қайталанбасрухани бағалысының талай жылдар бойы көз тасада қалып келгені де рас. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан республикасындағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау

Кіріспе
Ғаламтану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады [6].
Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Әуеннің үні


Ол әскери борышын Ауғанда өтепті. Ән салатын. Аспапты бауырына жиып алған күйі құныса түседі. Сонан соң әуеден әлдебір дыбыстарды тың тыңдағандай күй кешетіні бар. Бірде осылай аспапта ойнап отырып, оны қабырғаға сүйей салды да:

- Ол шаршап тұр, - деді.

- Музыкалық аспап та шаршайды ма?

- Неге шаршамасын? - деді ол. - Мұны аспаптың құлақ күйі келмей тұр дегенмен шатастыруға болмайды. Мен оның құлақ күйін келтірдім. Бірақ ол ән салғысы келіп тұрған жоқ. Демек, оның көңіл күйі болмай тұр деген сөз. Сондықтан оған тыныштық беру керек.

- Соғыс деген қандай болады екен? - деп сұрайды одан. .....
Әңгімелер
Толық

Ғибрат Бала тілімен

Әкем кешке үйге шаршап келетін. Мен күні бойы үйде отыра беріп жалығып, оның келуін сабырсыздықпен күтетін едім. Ол есіктен кіруімен-ақ алдынан жүгіріп шығып, құшақтап, онымен ойнағым келетін. Әкем құшақтап, сүйіп: «Қане бөлмеңе бар енді» дейтін. Амал жоғынан басым салбырап бөлмеме беттейтін едім. Әкем артымнан: «Кезінде біздің бөлмеміз де жоқ еді. Мұның барлық нәрсесі бар, тағы не керек түсінбеймін»деп айқайлайтын.
Бір күні, үндеместен жүретін болсам әкеммен жақсы түсінісетінімізді аңғардым. Бұл жолы үндемей істей алатын ойындар ойнай бастадым. Алдымен сурет сала бастадым. Әкем салған суреттерімді ұнатып: «Міне осылай тыныш отырып ойнасаң болады екен ғой!» дейтін. Бұдан бұлай ашуланып, бөлмеме қумайтын болды. ......
Кеңестер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қалам және түлек


«Ел болып өлең жырдың тақырыбы, қауышты ауылымен ақын ұлы». Бұл бір кездегі мектеп түлегі, елдің перзенті, белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сейіл Боранбаевпен Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында өткен кездесу кешінің тақырыбы еді. Бұл кездесу 2000 жылы ақын Сейіл Боранбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына байланысты өткізілген.

Белгілі ақындар Сейіл Боранбаев, Әнес Нарымбетов, Мешітбай Құттықовтар №25 мектептің бір кезгі түлектері еді. Олар мектептің алғашқы түлектерінің қатарынан саналады.

...Сейіл, Әнес, Мешітбай
жырдағы шыққан жүйріктер,
мүшесі еді Одақтың
өлеңде болған даралы.
Көкірегі толы көмбеге,
тарихшы ұстаз әрі ақын,
құрмет тұтты ортасы
Ақанжан сынды ағаны.
Асыл сөздің сырынан
шәкіртке тәлім үйреткен
Файзолладай ақындар
Болмысы болған бағалы.

.....
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру

КІРІСПЕ
XV ғасырдың алғашқы жартысында біздің халқымыз өзінің соңғы бұрыңғы тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастап өткереді. Бүкіл әлемдік шеруде айрықша орын алып отырған Евразиялық ұлы мемлекетіміз Алтын Орда ыдырайды. Алтын Орда шығыс бөлігін құраған құдіретті көк Орданың өзі қаққа жарылып, қазіргі Қазақстан шегінде қазақ ордасы аталатын қуатты жаңа ұлыс бөлініп шығады. Алғаш рет 1456 жылы ірге көтерген қазақ мемлекеті арада оншалықты жыл өтер- өтпесте атамекен жерінің біршама бөлігінде өзінің саяси, әкімшілік , билігін орнатып үлгерді. Тағы да қырық жыл озғанда бүкіл оңтүстік , орталық және Батыс Қазақстан өңіріне өкім етіп, халқының саны бір миллионға жетеді. Енді бірер ғасыр орайында қазақ халқы қазіргі Қазақстан жерін толығы мен иеленеді, өсіп- өніп, кейбір кезеңдерде ұзын саны үш миллионды төңіректеп, ата жұртта біржола тамыр жаяды. Көршілері тегіс таныған, алыс жақын түгел есептесетін.Бұл ұлыс жер көлемі жағынан алғанда да, халқының саны жағынан алғанда да, әлемдегі ең үлкен әрі қуатты мемлекеттердің бірі болып тұрды.Қазақ халқының жалпы түріктік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды.....
Курстық жұмыстар
Толық